- •Жартасты және жұмсақ жыныстарды қазуға дайындау
- •4.1 Сурет. Ұнғылардың кемерде орналасу схемасы
- •Iс жүзiнде заряд массасы мына формулалармен анықталады:
- •Бақылау сұрақтары:
- •5 .4 Сурет. Сбш250 мн станогi 5.5 сурет. Сбу-200 қысым
- •Бұрғылау станоктарының жұмысын ұйымдастыру және олардың өнiмдiлiгi
- •Бақылау сұрақтары:
- •5.1 Сурет. Ұнғылық зарядтар: а) тұтас; б) ауа аралығымен бөлiнген
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •7.1 Сурет. Драглайнның жұмыс параметрлерi
- •7.2 Сурет. Драглайнның жұмыс жасаұ схемалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •8.2 Кесте – Аршыма экскаваторларының техникалық сипаттамасы
- •8.3 Сурет. Механикалы күректiң жұмыс параметрлерi
- •8.4 Сурет. Механикалы күрек кенжарының схемалары және параметрлерi
- •8.5 Сурет. Механикалы күректiң оржол кенжарының схемалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •9.1 Сурет. Скрепермен қазу схемалары: аалаңда; ббойлық беткейде; вкемердiң кеспелтек дөнбегiнде; 1-қопсытқыш; 2-скрепер
- •9.1 Кесте – Скреперлердiң техникалық сипаттамасы
- •9.2 Кесте – Бульдозерлердiң техникалық сипаттамасы
- •9.3 Кесте
- •9.2 Сурет. Жүк тиеуштiң кенжардағы жұмыс жасау схемалары
- •Конвейерлердің технологиялық схемалары, өнімділігі
- •Бақылау сұрақтары:
- •11.2 Кесте – Тартушы агрегаттардың техникалық сипаттамасы
- •12.1 Сурет. Автосамосвалдың экскаваторға келу схемалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •13.1 Сурет. Экскаваторлық үйінділеу технологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •14.2 Сурет. Бульдозерлiк үйінділеу технологиясы
- •Конвейер көлігі кезінде аршыма жыныстарды үйінділеу технологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бұзылған жерлердi қалпына келтiруге қолданылатын бағыттар және оларды таңдау
- •Рекультивациялық жұмыстардың түрлерi және мазмұны
- •Топырақтың құнарлы қабатын жинап алу, қоймалау және төгу технологиялық схемалары
- •15.5 Сурет. Құнарлы топырақты төгу схемасы
- •Үйінді бетiн тегiстеу
- •Үйінді беткейлерiн кесiп еңiстету схемалары
- •Үйінділердiң дамуының ықтимал схемалары
- •Карьердiң қазылған кеңiстiгiн толтырып көмiп тастау технологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
Үйінділердiң дамуының ықтимал схемалары
Үйінді алаңының толтырылуы бiр кезеңдi және көп кезеңдi (15.10 сурет), ал үйіндіде жұмыс жасау биiктiгi - тұрақты және өзгергiш болуы мүмкін. ¶Үйіндінiң планда дамуының мынадай бағыттары бар: бiр жақты бойлай және көлденең, екi жақты бойлай және көлденең, верлi, орталықты, шеттiк.
Үйінділердi осылайша жiктеу жердiң бұзылу және рекультивациялау тәртiбiн айтарлықтай сипаттайды. Үйінділер еңкiштеу жерлерде орналасқанда үйінді үюдiң бастапқы кезеңiнде жердiң бұзылуы жоғары қарқынды болады. Үйінді дамыған сайын оның биiктiгi өседi де, үйінділеу жұмыстарының жер сыйымдылығыазаяды. Жазық немесе аз ойлықырлы жерлерде үйінді үю кезiнде жұмыс зонасының биiктiгi тұрақты болған жағдайда жер бұзылу тәртiбi бiрқалыпты болады.
Үйінді алаңын көп кезеңдi жолмен толтыру кезiнде жердiң бұзылуы мен рекультивациялау тәртiбiн реттеу мүмкіншiлiгi туады. Үйінді алаңын учаскелерге бөлген уақытта үйінді үюдiң бастапқы кезеңiн ең аз жерсыйымдылықты болуына тырысу керек. Жерсыйымдылығы жоғары жерлер ең соңында үйілуi тиiс. Әрбiр нақты жағдайда үйіндінiң бiр кезеңнен екiншi кезеңге өтуi және олардың саны техникалық-экономикалық есептеулермен дәлелденуi керек.
Үйiлетiн тау жыныстар көлемi бiрдей болған жағдайда едәуiр жерде үйілген үйіндінiң жерсыйымдылығы бытыраңқы үйінділермен салыстырғанда аз болады.
Мысалы ұш үйіндіге 40м биiктiкпен 150 млн.м3тан тау жыныстарын биiктiгiн өзгертпей бiр ғана үйіндіге үйетін болсақ, үйінді үшін 40га жер көлемi аз керек болады. Сондықтан барлық уақытта көлемдi үйінді жасау ашық кен жұмыстарын жүргізу кезiнде жердiң бұзылуын азайту жағынан өте тиiмдi.
Үйіндінiң барлық қабаттарын бiр мезгiлде толтырған кезде үйіндідегi рекультивация жұмыстарының басталу ұзақтығы үйіндінiң параметрлерiне және ең алғашқы үйінділердiң тәртiбiне байланысты. Ең алғашқы үйінділеудi жобадағы үйінді биiктiгiмен бiрдей салғанда (15.11 сурет) рекультивация басталу ұзақтығы мына формуламен анықталады.
t у= tа+ tф+ tш, (15.5)
мұндағы tа- алғашқы үйінділеу мерзiмi; tф- үйіндінiң жоғарғы қабатында рекультивация жұмыстарын жүргізуге қажеттi алаңды дайындау мерзiмi; tш- үйіндінiң шөгу мерзiмi.
15.10 сурет. Үйінді көпкезеңдi қалыптастыру схемасы:
а, б, в, г, д, е, з – варианттар; I, II, III толтыру тiзбегi
15.11 сурет. Екiқабатты үйіндінi қабаттарды бiр мезгiлде қалыптастыру схемалары:
аалғашқы үйменi үйінді биiктiгiне дейiн үйгенде; балғашқы үйменi қабаттап үйгенде
Сөйтiп үйіндінiң барлық қабаттарын бiр мезгiлде тау жыныстарымен толтырғанда топырақ қоймаларын жасау қажеттiлiгi азаяды. Құнарлы топырақтар мен жарамдылығы шамалы тау жыныстарын үйіндінiң беттерi мен беткейлерiне бiрден тасымалдап төгудiң мүмкіншiлiгi туады. Сонда тау жыныстарды үйіндіге сұрыптап төгуге жағдай жасалынады және де үйінділеуге жердi бөлу мен оны рекультивациялап ауыл шаруашылығына қайтару мерзiмi қысқарады.
Карьердiң қазылған кеңiстiгiн толтырып көмiп тастау технологиясы
Минералдық шикiзаттарды ашық әдiспен өндiруде бұзылатын жер көлемiн мүмкіндiгiнше азайтудың бiр жолы карьердiң қазылған кеңiстiгiн аршыма тау жыныстарымен толтыру болып табылады. Үйінділеу жұмыстарын барынша жеңiлдету және тау жыныстарын тасымалдауға аз шығын жұмсау үшін карьердi тау жыныстарымен толтыруды жер бетiнен қазылған тереңдiкке дейiн жүргізген қолайлы. Алайда осындай технологиялық схеманың қолданылуы толтырылатын карьердiң тереңдiгi мен үйінділетiн тау жыныстарының физикалықмеханикалық қасиеттерiне байланысты болады. Егерде үйіндінiң орнықты қабатының биiктiгi карьердiң тереңдiгiне тең болса, онда карьер бiр кемерден толтырылады. Карьердiң тереңдiгi қабаттың орнықты биiктiгiнен көп болған жағдайда, iшкi үйіндінi қалыптастыру орнықтылық жағынан барынша биiк кемерлермен жасалынады.
Тереңiрек, үйінді кемерлерi жылдамырақ жылжитын және жоғарғы алаңында ауыр таукен көлiк жабдықтары орналасқан жұмыс iстеп тұрған карьердiң қазылған кеңiстiгiн толтырған кезде, жұмыс қауiпсiздiгi сақталуы үшін және орнықтылық коэффициентiнiң молдығын көбейту мақсатымен iшкi үйіндінiң төменгi жағынан тау жыныстарының жылжуына кедергi болатын тiреуiштер жасау керек. Бұл жағдай iшкi үйіндінiң төменгi жиегiнiң карьердiң қарамақарсы кемерiне тiрелуiмен немесе арнайы қатты тау жыныстарынан төгiлген призмамен қамтамасыз етiледi.
Iшкi үйіндінiң табанындағы тiреуiш призмалар автокөлiктермен тасымалданылған қатты тау жыныстарынан бульдозермен жасалынады. Олардың енi үйінді тiлмесiнiң енiне сәйкес болуы керек. Кейбiр жағдайда осы призмалар бiрбiрiне жақын 3-не одан да көп автокөлiктен төгiлген тау жыныстары конустарынан да құрылады.
Ашық кеннiң қазылған кеңiстiгiн қалпына келтiрудiң ең жалпы шешiмi оны тау жыныстарымен толтырып көмiп тастау болып табылады. Карьердi жер бетiне дейiн тау жыныстарымен толтырғанда оны ауыл шаруашылығында пайдалану мүмкінiшiлiгi туады. Ол үшін оның бетiне құнарлы топырақ төгiлуi тиiс.
Терең карьердi толтырып көмiп тастау технологиясы (1.12 сурет) тау жыныстарын төменнен жоғары қарай үйінділеп, барлық үйінді қабаттарын бiр мезгiлде қалыптастыруды қамтиды.
15.12 сурет. Карьердiң қазылған кеңiстiгiн толтырып көму технологиясы
Үйінді қабаттарының үйілу бағыты карьер кемерiнiң қарамақарсы жақтарынан карьер алаңының ортасына қарай дамиды, бұл кезде әрбiр келесi қабаттың биiктiгi бұрынғы қабаттан артығырақ болып отырады. Карьердi толтырып көмудiң жүйелiлiгi схемада көрсетiлген.
Карьердiң қазылған кеңiстiгiн толтырып көму ең негiзгi шара болып табылады, өйткенi ол кен орнын ашық әдiспен игергенде жер қорларын тиiмдi пайдалануға мүмкіндiк туғызып қана қоймай, тағы да пайдалы қазындыны қазуға кететiн шығындарды кемiтедi. Терең карьерлердiң қазылған кеңiстiгiнде тау жыныстарын жайғастыру жүк тасымалдау қашықтығын азайтып және сыртқы үйінділермен жер бұзылуын болдыртпайды. Осыған орай бiрбiрiне жақын орналасқан кендердi игерудiң ретiн шешу қажет, өйткенi оларды бiр мезгiлде игеру экономикалық жағынан тиiмсiз. Мұнда карьердiң игерiлген кеңiстiгiн келесi карьердiң аршыма тау жыныстарын үю үшін пайдалану мүмкіндiгi туады. Бұл мәселенi шешу кен орнын игерудiң тиiмдi вариантын таңдауға әсер ететiн барлық факторларды ескере отырып, нақты жағдай үшін техникалық-экономикалық есеп жүргізудi талап етедi.
Әдебиеттер: 1 нег. 132-157
