Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ППСГР.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

1. Драглайндарды қолдану аймағы, артықшылықтары және кемшіліктері;

2. Драглайндардың жұмыс параметрлері;

3. Драглайндар кенжарларының түрлері және кен жыныстарын қазу кезектілігі.

8 - Дәріс. Тау жыныстарын механикалық күректермен қазу

Карьерлерде механикалы күрек түрлі экскаваторлар ең көп таралған қазу-тиеу машиналары болып есептелiнедi. Конструкциялық жасалынуы, тау-кен техникалық жағдайы бойынша үздіксіз қимылды қазу-тиеу машиналарын пайдалану тиiмсiз кезде, оларды қолдануға мүмкіндiк туғызады.

Механикалы күректер тығыз тау жыныстарын негiзiнен алдын ала қопсытпай - ақ қазуға, ал қатып қалған, жартылай тасты және тасты тау жыныстарын алдын ала қопсытып қазуға арналған. Арнайы солтүстік аймақтарға ыңғайланып жасалынған механикалы күректер ауаның температурасы төмен, климаты қатты жағдайлы жерлерде қазу-тиеу жұмыстарын қамтамасыз етедi.

Механикалы күректердiң жұмыс құралдары ретiнде шөмiш, сап және жебе болып саналады.

Қазiргi кездегi карьерлiк экскаваторлар шынжыр табанды және электрикалық немесе дизельдiк жетектi болады.

Сiлемнен тығыз тау жыныстарын экскавациялау процесi шөмiштiң кескiш жиегiмен қабатты кесiп алып, экскаватордың төгетiн жерге айналуынан, шөмiштi төгуден және жұмыс құралын кенжарға қайтып әкелуден тұрады.

Қазiргi экскаваторлар саппен шөмiштi жылжыту әдiсi бойынша болат арқанды және гидравликалық болып бөлiнедi.

Болат арқанды экскаваторлардың көсiп алуы жебедегi орналасқан қысым механизмiнiң күшiмен және де оның көтеру шығырының көтеру болат арқанының көмегiмен жасалынады. Осы кезде көсiп алу траекториясы кенжардың төменгi бөлiгiнен басталып тұрақты тұрде сақталады (8.1 сурет).

Саппен жебенiң ерекше қосылғандығынан және саптың ұшындағы шөмiштiң қосымша бұрылу механизмiнiң арқасында гидравликалық экскаваторларда көсiп алу траекториясы әр түрлі болуы мүмкін (8.2 сурет).

Гидравликалық экскаваторлардың елеулi жақсы жағына машинаның орындау құралының күшін басқару тетiгi арқылы хабарлауы жатады. Осы жағдай оның жұмысының жоғары сенiмдiлiгiн қамтамасыз етедi де және жүргізушiге нәтижелi көсiп алу үшін тиiмдi траекторияны таңдауға мүмкіндiк жасайды.

Жұмыс құралының ұш дәрежелiк емiн-еркiн қимылы арқасында гидравликалық экскаватор тұру деңгейiнен жоғары (А бағыты) және төменгi (Б бағыты) кенжардағы жұмсақ жақсы қопарылған тау жыныстарын қазуды қамтамасыз ететiн керi күрек жабдығымен де жұмыс жасай алады.

Болат арқанды экскаваторлармен салыстырғанда гидравликалық экскаваторлардың шөмiшi ендiрек, сондықтан бұрғылау жарылыс жұмыстарын есептеу нәтижесiнде тау-кен жыныстары қоспаларының тиiмдi құрамын алу үшін және оларды гидравликалық экскаваторлармен экскавациялауда шөмiштiң жоспардағы аз мөлшерiн қабылдау қажет.

Гидравликалық экскаваторлардың төгiлуi не шөмiштiң төңкерiлуiмен, не жағының ашылуымен жүзеге асырылады. Ал болат арқанды экскаваторлардың төгiлуi төгiлетiн жер үстінде шөмiш түбінiң ашылуымен жүзеге асырылады.

Өте жарықшақталған тау жыныстарын бұрғылау-жарылыссыз тиiмдi қазу үшін немесе сiлемдi сiлкiндiрiп қопарғанда ортасындағы тiстерi Ұзартылған шөмiштер қолданылады.

8.1 сурет. Механикалы күректер экскаваторларының технологиялық параметрлерi және схемалары: а-болат арқанды экскаватор; б, в- гидравликалық экскаватор

Механикалы күректер қолданылуы жағынан карьерлiк және аршыма болып бөлiнедi (8.1-8.2 кестелер). Карьерлiк экскаваторлар тұру деңгейiнде тау жыныстарын қарапайым жұмыс құралымен қазып алып сол деңгейдегi тұрған көлiк құралдарына және ұзартылған жұмыс жабдығы болғанда экскаватордың тұру деңгейiнен биiк тұрған көлiктерге тиеуге арналған.

8.2 сурет. Гидравликалық экскаватордың көсiп алу траекториясы:

1, 2, 3, ­экскаватордың жұмыс құралының айналу бағыты

8.1 кесте – Карьерлiк экскаваторлардың техникалық сипаттамасы

Көрсеткiштер

ЭКГ-3,2

ЭКГ-5

ЭКГ-8

ЭКГ-12,5

ЭКГ-20

Шөмiш сыиымдылығы, м3

2,5; 3,2; 4

4; 5; 6,3

6,3; 8; 10

10; 12,5; 16

20

Тұру деңгейiндегi көсiп алу радиусы, м

8,8

11,2

11,9

14,8

-

Барынша көп көсiп алу радиусы, м

13,5

15,5

18,2

22,5

24

Барынша көп көсiп алу биiктiгi, м

9,8

11,0

12,5

15,6

18

Барынша көп төгу радиусы, м

12

13,6

16,3

19,9

-

Экскаватор массасы, т

140

250

370

653

1060

Табанына қысымы, Па

1,78 105

2,32 105

2,03  105

1,95  105

2,5  105

Жұмыс циклiның ұзақтығы, с

23,3

25

28

32

32

Аршыма экскаваторларының жұмыс параметрлерi үлкенiрек болады, осыған орай олар тау-кен жыныстарын қазып алып қазылған кеңiстiкке тасымалдап төгуге арналған.

Бiр шөмiштi экскаваторлар-механикалы күрек түрлерi Ресейде, Америкада, Францияда, Алманияда және Жапонияда шығарылады.

Механикалы күректердiң негiзгi технологиялық параметрлерi төмендегiдей (8.3 сурет):

көсiп алу радиусы Rк-экскаватордың айналу осiнен шөмiштiң кескiш жиегiне дейiнгi горизонталь ара қашықтық;

көсiп алудың барынша көп радиусы Rkmax- барынша көп iлгерi жылжытылған сапқа сәйкес болады;