- •60 Билет
- •1 Электромагниттік шығын өлшеуіштер.
- •2 Басқару жүйесін есептеу
- •3 Сусымалы материалдардың автоматты дозалауыштары.
- •61 Билет
- •1 Инфрақызыл сіңірілудің газталдағыштары
- •1 Гидростатикалық және ултрадыбыс қысым өлшеу
- •2 Сұйықтар мен газдар мөлшерінің жылдамдықты және көлемдік есептеуіштері.
- •3 Реттегіш сыныптары
- •62 Билет
- •2 Радиациялық
- •3 Сыйымдылықты манометрлер
- •63 Билет
- •1 Сұйықтар мен газдар мөлшерінің жылдамдықты және көлемдік есептеуіштері.
- •2 Инфрақызыл сіңірілудің газталдағыштары
- •3 Реттегіштер сыныптамасы
- •64 Билет
- •1 Басқару жүйесін есептеу
- •2 Реттегіш
- •65 Билет
- •Сұйықтар мен газдар мөлшерінің жылдамдықты және көлемдік есептеуіштері.
- •66 Билет
- •1 Температуралық шкалалар, температураны өлшеуге арналған аспаптардың сыныптамасы
- •Күшейткіштер сыныптамасы
- •Индуктивтілік датчиктері
- •67 Билет
- •1 Фотоколориметриялық газталдағыштар.
- •2 Электр кедергілі манометрлер.
- •3Қателік сигнал қалай жасалады.
- •68 Билет
- •1 Кеңею термометрлері.
- •2 Манометрлік термометрлер.
- •3 Өлшеу және өлшеуші асапаптардың қателіктері.
- •69 Билет
- •3 Электромагниттік шығын өлшеуіштер.
- •38 Сурет. Электромагниттік шығын өлшеуіш:
- •70 Билет
- •1 Ультракүлгін сіңірілудің газталдағыштары
- •3 Гидростатикалық деңгей өлшеуіштер
- •71 Билет
- •2 Көрсеткіш шыны мен қалытқылы деңгей өлшегіштер.
- •3 Оптикалық пирометрлер.
- •72 Билет
- •1 Электромагниттік шығын өлшеуіштер.
- •38 Сурет. Электромагниттік шығын өлшеуіш:
- •2 Автоматиканы кеңінен қолдану, сипаты мен тереңдігі техникалық прогресс жүзеге асырылатын жағдайлардағы қоғамдық – экономикалық құрылыммен анықталатын әлеуметтік салдарды тудырады.
- •73 Билет
- •3 Пьезоэлектрлік манометрлер
- •74 Билет
- •3 Қазіргі кездегі автоматты жүйелерде, объектілердің реттелетін шамалары туралы ақпаратты алуға арналған көптеген түрлі құрылғылар қолданылады.
- •75 Билет
- •76 Билет
- •1Қысымның тұрақты құламасының шығын өлшеуіштері.
- •2 Электромагниттік шығын өлшеуіштер.
- •38 Сурет. Электромагниттік шығын өлшеуіш:
- •77 Билет
- •1 Электропневматикалық және пневмоэлектрлік түрлендіргіштер
- •78 Билет
- •3 Белсенді кернеу датчиктері
- •79 Билет
- •2 Қысымның тұрақты құламасының шығын өлшеуіштері.
- •80 Билет
- •3Электропневматикалық және пневмоэлектрлік түрлендіргіштер
- •81 Билет
- •1 Автоматиканы кеңінен қолдану, сипаты мен тереңдігі техникалық прогресс жүзеге асырылатын жағдайлардағы қоғамдық – экономикалық құрылыммен анықталатын әлеуметтік салдарды тудырады.
- •3Электропневматикалық және пневмоэлектрлік түрлендіргіштер
- •82Билет
- •1 Магнитті күшейткіштер.
- •83Билет
- •1 Қысымның тұрақты құламасының шығын өлшеуіштері.
- •2 Сыйымдылықты манометрлер
- •3 I. Басқару әдісі бойынша асу тп үш топқа бөлінеді:
- •84Билет
- •1 Ультракүлгін сіңірілудің газталдағыштары
- •85 Билет
- •1 Электромагниттік шығын өлшеуіштер.
- •38 Сурет. Электромагниттік шығын өлшеуіш:
- •2 Ультрадыбысты шығын өлшеуіштер
- •86 Билет
- •87 Билет
- •3 Шығынды өлшеуге арналған аспаптар сыныптамасы.
- •88 Билет
- •3 Электромагниттік шығын өлшеуіштер.
- •38 Сурет. Электромагниттік шығын өлшеуіш:
- •89 Билет
- •90 Билет
65 Билет
Сұйықтар мен газдар мөлшерінің жылдамдықты және көлемдік есептеуіштері.
Жылдамдықты есептеуіштерде сезімталды элемент болып айналшық табылады, ол аспап арқылы ағып өтетін сұйық ағынының қозғалысы әсерінен айналады. Айналшықтың айналу жылдамдығы n ағынның орташа жылдамдығына vорт.пропорционал:
n = К vорт. (65)
мұндағы К – аспаптың механикалық және гидравликалық қасиеттерін сипаттаушы коэффициент.
Ағынның көлемдік шығыны Q = vорт s (мұндағы s — ағынның көлденең қимасы) болғандықтан:
n = КQ/s. (66)
Сонымен, айналғыштың айналу жылдамдығы өлшенетін шығынға пропорционал. Жылдамдық vорт белгілі бір шекке жеткен кезде, пропорционалдық коэффициенті К тұрақты болуын тоқтатады, бұл өлшеулердегі үлкен қателіктердің пайда болуына әкеледі. Сондықтан әрбір есептеуіш үшін максимал және минимал өлшеу шығындары анықталған, яғни оны қолдану мүмкіндігінің диапазоны.
Айналғыш пішіні бойынша жылдамдықты есептеуіштер екі топқа бөлінеді: шиыршықты айналғышты және қанатты айналғышты. Шиыршықты айналғыштар бақыланатын ағынға параллель орнықтырылады, қанаттылар - перпендикуляр.
Қазіргі уақыттың жылдамдықты шиыршықты айналғышты және электрлік импульсқа айналдыру жылдамдығының жанасусыз түрлендіргішті есептеуішінің қарапайым сұлбасы 41 суретте кескінделген. Түрлендіргіш орамалы тұрақты магниттен тұрады.
41 сурет. Шиыршық айналмалы жылдамдықты есептегіш сұлбасы.
Жылдамдықты есептеуіштердің негізгі кемшіліктері олардың көрсеткіштерінің бақыланатын сұйықтың тұтқырлығына тәуелділігі болып табылады. Тұтқырлықты өзгерту кезінде өрнектегі (66) пропорционалдық коэффициенті өзгереді, сондықтан жылдамдықты есептеуіштер негізінен судың мөлшерін өлшеу үшін қолданылады. Бұл кемшілік мөлшердің көлемдік есептеуіштерінде болмайды, мұнда жұмысшы механизмнің әрбір жүрісі үшін аспап арқылы бақыланатын ортаның белгілі бір көлемі өтеді:
V = nV1 (67)
мұндағы n-жұмысшы механизмнің жүріс саны; V1 – бір жұмыс жүрісіндегі аспап арқылы өтетін ортаның көлемі.
Бұл көлемді есептеуіштерді сұйықтар (оның ішінде тұтқырлы) және газдар мөлшерін өлшеу үшін қолдануға мүмкіндік береді.
2 Қысымды өлшеуші аспаптар сыныптамасы.
Қысым деп дене бетінің бірлігіне дұрыс әсер ететін бірқалыпты таралған күш аталады. Қысым атмосфералық (барометрлік), артықша және абсолюттік болып бөлінеді. Тұйықталған көлемдегі артықша қысым Ра атмосфералықтан жоғары қысым шамасын көрсетеді Р6. Тұйықталған кеңістіктегі абсолюттік қысым Ра атмосфералық және артықша қысымдар қосындысына тең. Абсолюттік қысым газ бен будың бір күйден екіншісіне көлемдік шығынын қайта есептеуде, әртүрлі сұйықтардың қайнау температурасын анықтау кезінде және т.б. пайдаланылады.
Егер абсолюттік қысым атмосфералықтан кем болса, онда артықша қысым теріс болады және сиреу немесе вакуум деп аталады.
СИ жүйесінде қысым бірлігі ретінде ньютонның метр квадратқа қатынасы алынады (Н/м2). Бұл бірлікті паскаль деп атап, Па белгілейді.
Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған аспаптар барометрлер, артықша қысымды өлшеушіні — манометрлер деп, атмосфералықтан төмен қысымды өлшеушіні — вакуумметрлер деп атайды, қысымдар айырмасын (қысым құламасы) — дифференциалды манометрлермен өлшенеді. Аз қысымдарды немесе атмосфералыққа жақын сиреуді (5х103Па шамасында) өлшеу үшін микроманометрлер қолданылады.
Әрекеттену принципі бойынша қысымды өлшеуші аспаптар келесі негізгі топтарға бөлінеді:
- сұйықтық, мұнда өлшенетін қысым сұйық бағанасы қысымымен теңестіріледі;
- серіппелі (деформациялық), мұнда өлшенетін қысым әртүрлі серпімді сезімтал элементтер деформациясының шамасы бойынша немесе солардан туатын күш шамасы бойынша анықталады;
- жүк поршеньді, мұнда өлшенетін қысым поршень мен жүктерден пайда болатын қысыммен теңестіріледі;
- электрлік, оның әрекеті қысымның қандайда бір электрлік шамаға түрленуіне немесе қысым әсерінен материалдың электрлік қасиетінің өзгерісіне негізделген.
3 Радиациялық пирометрлер.
Радиациялық пирометрлер қыздырылған дененің температурасын интегралды сәулелену бойынша толқынның барлық ұзындығында 0-ден ∞ дейін өлшейді.
Радиациялық пирометрдің сезімталды элементі ретінде термобатарея қолданылады. Жылу ағыны термобатареялардың терможұптың жұмысшы қосылықтарына бағытталады, ол жерде қыздыру дәрежесі бойынша сәуле шашқыштың температурасын анықтайды.
Қыздырылған денеден термобатареяға сәулелерді шоғырландыру үшін рефракторлы пирометрлерде жинаушы линзаны – объективті, ал рефлекторлыда — иілген айнаны қолданады. Металлургияда кеңінен қолданылатыны рефракторлы типті радиациялық пирометрлер. Рефлекторлық пирометрлер температураның 20-дан 300°С дейінгі интервалында, сәулелену энергиясының максимумы ұзын толқындар жағына ығысқанда, температураны жанамасыз өлшеуде қолданылады.
24 сурет. Радиациялық пирометр РАПИР телескопы:
а — телескоп құрылысы; б — пирометрдің термобатареясы.
Суретте 24, а ТЕРА – 50 телескопы көрсетілген, олар 400—2500 °С шектердегі температураларды өлшеуге арналған. Алюминийден жасалған корпусында 1 объектив линзасы орналасқан 10, қорғаушы шынылы окуляр 6, термобатарея 4, диафрагма 9, мыс немесе никель катушка 3. Жылу ағыныобъектив линзасы және диафрагма 9 арқылы конус тәріздес камераға 8 түседі, ол жерде шағылған сәулелер сіңіріледі, оның ортасында жұлдық түрдегі термобатарея 4 орналастырылған, ол бірізді байланыстырылған хромель-копелді немесе нихром-константановты терможұптардан тұрады (24 сурет, б).
Терможұптардың жұмысшы қосарлықтары 11 слюдалы жолақшаға жабыстырылған, үшбұрышты пішіндегі пластиналардан дайындалған. Суық қосарлықтар металдық пластиналарға 12 пісіріп жапсырылған, суық қосарлықтардың температуралары телескоптың сыртының температурасына тең. Жылу ағыны ықпалынан термобаьареяның ыстық қосарлықтары қызады, осының салдарынан пайда болатын т. э. д. с. өлшеуші аспапқа жетеді, ол телескопқа 5 және 7 қысқыштар арқылы қосылған (24 сурет, а). Пирометрдің сезімталдығы тісті барабан 2 көмегімен диафрагманың 9 орын ауыстыруымен реттеледі.
Термобатареямен үдетілетін т. э. д. с. бұл жағдайда корпус (сырты) температурасына тәуелді, ол (корпус) өлшеу процесінде 100 °С дейін, ал кейбір жағдайларда 200 °С дейін қызады. Демек, термобатарея Е т. э. д. с. тәуелділігінен тізбекте ток жүреді:
I = E/( RT + RK) (41)
мұндағы RT және RK — термобатарея мен компенсациялық катушканың сәйкесті кедергілері.
Ток I катушкадағы потенциалдардың айырымын құрады:
U = I RK = E/(1 + RT/RK). (42)
Телескоп корпусының температурасының жоғарылауы кезінде т. э. д. с. Е төмендейді, aл RK жоғарылайды. Егер кедергі RK Е өзгерісі (1 + RT/RK) бөлімінің өзгерісіне тең болатындай етіп таңдалған болса, онда телескоп корпусының 100°С дейін қыздырылуы өлшегіш аспаптың көрсеткішіне ықпал етпейді (U). Осының арқасында компенсациялық сымды ьарьудың қажеті болмайды. Егер телескоп корпусының температурасы 100 оС асып кетсе, оны сумен суытқыш көйлекке орналастырады, ол «Рапир» пирометрінің кешенінде қарастырылға
