Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
60_-_90_BILET.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
561 Кб
Скачать
☆

3 Реттегіштер сыныптамасы

Автоматты реттегіш деп көмегімен автоматты реттеу процесі жүзеге асырылатын құрылғы (құрылғылар жиынтығы) аталады. Автоматты реттегіштің жұмыс істеуі реттеу алгоритміне сәйкес жүреді, реттеу алгоритмі деп реттеуіштің шығысындағы шаманың кірісіндегі шамаға функционалды тәуелділігінің математикалық көрсетілуін түсінеміз. Реттегіштердің негізгі міндеті, объектінің талап етілетін күйін қалпына келтіру үшін, реттелетін шаманың өлшенген ауытқуына тәуелді реттеу объектісіне басқару әсерін қалыптастырумен қорытындыланады. Автоматты реттегіштер әртүрлі белгілері бойынша сыныпталады.Өзінің жұмыс режимін өзгерту мүмкіндігіне тәуелді реттегіштер екі сыныпқа бөлінеді: детерминирленген және күйге келтірумен — экстремалды және адаптивті. Детерминирленген реттегіштер реттеу процесінде өзінің параметрлерін өзгертпейді, ал экстремалдылар — объектінің шығыс шамаларының оптималдық мәнін үздіксіз іздейді. Адаптивті реттегіштерде, объектінің жұмыс істеуі кезінде оның сипаттамаларының өзгеруі кезінде реттеудің оптималды сапасына жету мақсатында параметрлерді күйге келтіру жүргізіледі.Қосымша энергия көзінің болуына байланысты реттегіштер тура және тура емес әрекетті реттегіштер болып бөлінеді. Тура әрекеттегі реттегіштер реттелетін ортадан алатын энергия есебінен реттеуші органды басқарады, және қосымша энергияны қажет етпейді. Тура емес әрекеттегі реттегіштерде сыртқы көздерден келетін энергияны басқаратын қуат күшейткіштері бар. Бұл кезде қолданылатын энергия түріне байланысты электрлік, пневматикалық, гидравликалық және құрамдас реттегіштер болып бөлінеді.Объектіге әсер ету сипатына қарай реттегіштер үздіксіз және дискретті әрекеттегі реттегіштер болып сыныпталады. Біріншісі реттеуші әсердің үздіксіз өзгеруін қамтамасыздандырады. Көп жағдайларда оларға реттеуші органның импульсті қозғалуы болатын реттегіштер жатады. Екіншісі арасында реттеуші әсер тұрақты интервалдағы уақыттың белгілі бір кезеңінде ғана реттеуші ықпалды өзгертеді. Кіретін сигналды кванттау түріне қарай дискретті әрекеттегі реттеушілер релейлі, импульсті және сандық болып бөлінеді.Реттудің жүзеге асырылатын заңына сәйкес реттеушілер пропорционалды, интегралды, пропорционалды-интегралды, пропорционалды-дифференциалды, пропорционалды-интегралды-дифференциалды, релейлі екі- және үшжайғасымды және релейлі тұрақты жылдамдықты механизмді болып бөлінеді.

64 Билет

1 Басқару жүйесін есептеу

Технологиялық процестерді басқару үшін ақпаратты алу және оны қолдану, автоматты реттегіштер, микропроцессорлар, есептеуші машиналар және атқарушы құрылғылар сияқты бақылау құралдарын сатып алу және пайдалану шығындарымен байланысты. Біз қаншалықты көп факторларды өлшесек, тұрақтандырсақ, үйлестірсек, соншалықты басқарушы есептегіш кешен қымбат болады, демек оның өтелу мерзімі азаяды. Зерттеулердің көрсетуінше, басқару жүйелерінің тиімділігі және оларды алуға, құрастыруға және қызмет көрсетуге жұмсалған шығындар экспоненциалдық тәуелділікпен байланысты:

Э = Эmax(1-В0 е-К/К0 ) (1)

мұндағы Э- берілген БАЖ енгізу тиімділігі; Эmax – объектінің толық автоматтандырылуы мен ақпараттың толық көлеміне сәйкес максимал тиімділік; К – берілген жүйенің құны; Ко – автоматтандыру бойынша жұмыс басталғанға дейінгі басқару жүйесінің құны; Во – объектінің бастапқы күйін сипаттайтын коэффициент.

Осы өрнекті (1) талдау келесідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:

  1. Автоматты бақылау мен басқару жүйесі экономикалық тұрғыдан негізделген және автоматтандырудың рационалды деңгейі анықталған болуы қажет. Қара металлургиядағы технологиялық процестерді автоматтандырудың рационалдық деңгейі басқарудың экономикалық және әлеуметтік аспектілерін ескеруі керек.

2. Басқарудың математикалық модельдері мен алгоритмдері экономикалық тұрғыда негізделген болуы қажет. Көптеген жағдайларда, басқару объектісі жұмысының өзгермелі жағдайларына бейімделетін (адаптивті жүйелер), процестерін моделі мен басқару жүйелерінің болуы мен қолданылуы жеткілікті.

3. Басқару жүйелерін құруды сатылы жүргізу тиімді, яғни сатылы жүйелерді жасау.