- •60 Билет
- •1 Электромагниттік шығын өлшеуіштер.
- •2 Басқару жүйесін есептеу
- •3 Сусымалы материалдардың автоматты дозалауыштары.
- •61 Билет
- •1 Инфрақызыл сіңірілудің газталдағыштары
- •1 Гидростатикалық және ултрадыбыс қысым өлшеу
- •2 Сұйықтар мен газдар мөлшерінің жылдамдықты және көлемдік есептеуіштері.
- •3 Реттегіш сыныптары
- •62 Билет
- •2 Радиациялық
- •3 Сыйымдылықты манометрлер
- •63 Билет
- •1 Сұйықтар мен газдар мөлшерінің жылдамдықты және көлемдік есептеуіштері.
- •2 Инфрақызыл сіңірілудің газталдағыштары
- •3 Реттегіштер сыныптамасы
- •64 Билет
- •1 Басқару жүйесін есептеу
- •2 Реттегіш
- •65 Билет
- •Сұйықтар мен газдар мөлшерінің жылдамдықты және көлемдік есептеуіштері.
- •66 Билет
- •1 Температуралық шкалалар, температураны өлшеуге арналған аспаптардың сыныптамасы
- •Күшейткіштер сыныптамасы
- •Индуктивтілік датчиктері
- •67 Билет
- •1 Фотоколориметриялық газталдағыштар.
- •2 Электр кедергілі манометрлер.
- •3Қателік сигнал қалай жасалады.
- •68 Билет
- •1 Кеңею термометрлері.
- •2 Манометрлік термометрлер.
- •3 Өлшеу және өлшеуші асапаптардың қателіктері.
- •69 Билет
- •3 Электромагниттік шығын өлшеуіштер.
- •38 Сурет. Электромагниттік шығын өлшеуіш:
- •70 Билет
- •1 Ультракүлгін сіңірілудің газталдағыштары
- •3 Гидростатикалық деңгей өлшеуіштер
- •71 Билет
- •2 Көрсеткіш шыны мен қалытқылы деңгей өлшегіштер.
- •3 Оптикалық пирометрлер.
- •72 Билет
- •1 Электромагниттік шығын өлшеуіштер.
- •38 Сурет. Электромагниттік шығын өлшеуіш:
- •2 Автоматиканы кеңінен қолдану, сипаты мен тереңдігі техникалық прогресс жүзеге асырылатын жағдайлардағы қоғамдық – экономикалық құрылыммен анықталатын әлеуметтік салдарды тудырады.
- •73 Билет
- •3 Пьезоэлектрлік манометрлер
- •74 Билет
- •3 Қазіргі кездегі автоматты жүйелерде, объектілердің реттелетін шамалары туралы ақпаратты алуға арналған көптеген түрлі құрылғылар қолданылады.
- •75 Билет
- •76 Билет
- •1Қысымның тұрақты құламасының шығын өлшеуіштері.
- •2 Электромагниттік шығын өлшеуіштер.
- •38 Сурет. Электромагниттік шығын өлшеуіш:
- •77 Билет
- •1 Электропневматикалық және пневмоэлектрлік түрлендіргіштер
- •78 Билет
- •3 Белсенді кернеу датчиктері
- •79 Билет
- •2 Қысымның тұрақты құламасының шығын өлшеуіштері.
- •80 Билет
- •3Электропневматикалық және пневмоэлектрлік түрлендіргіштер
- •81 Билет
- •1 Автоматиканы кеңінен қолдану, сипаты мен тереңдігі техникалық прогресс жүзеге асырылатын жағдайлардағы қоғамдық – экономикалық құрылыммен анықталатын әлеуметтік салдарды тудырады.
- •3Электропневматикалық және пневмоэлектрлік түрлендіргіштер
- •82Билет
- •1 Магнитті күшейткіштер.
- •83Билет
- •1 Қысымның тұрақты құламасының шығын өлшеуіштері.
- •2 Сыйымдылықты манометрлер
- •3 I. Басқару әдісі бойынша асу тп үш топқа бөлінеді:
- •84Билет
- •1 Ультракүлгін сіңірілудің газталдағыштары
- •85 Билет
- •1 Электромагниттік шығын өлшеуіштер.
- •38 Сурет. Электромагниттік шығын өлшеуіш:
- •2 Ультрадыбысты шығын өлшеуіштер
- •86 Билет
- •87 Билет
- •3 Шығынды өлшеуге арналған аспаптар сыныптамасы.
- •88 Билет
- •3 Электромагниттік шығын өлшеуіштер.
- •38 Сурет. Электромагниттік шығын өлшеуіш:
- •89 Билет
- •90 Билет
2 Көрсеткіш шыны мен қалытқылы деңгей өлшегіштер.
Өндірістік агрегаттардағы материалдар деңгейін бақылау және автоматты реттеу технологиялық процестердегі материал ағымдарын басқаруға және өнімдердің саны мен шығынын есептеуге мүмкіндік береді.
Сұйықтар деңгейін өлшеуге арналған ең қарапайым аспап – ол көрсеткішті шыны мен қалытқылы деңгей өлшеуіш. Көрсетуші шыны байланыстырылған ыдыстар принципінде жұмыс істейді. Көрсетуші шыныдағы сұйық деңгейінің жағдайы бойынша оның өлшеу объектісіндегі деңгейінің өзгеруі анықталады. Көрсетуші шыны 3 МПа дейінгі қысымға және 300 °С дейінгі температураға есептелінген.
Қалытқылы деңгей өлшеуіштер сұйық деңгейін өлшеуге қолданылады. Сезімтал элемент ретінде, деңгейдің өзгерісімен бірге тік бойлықта қозғалатын қалытқы қызмет атқарады. Оның тартқыштар немесе арқандар жүйесі көмегімен орын ауыстыруы деңгейді өлшеу мен жазу үшін қосалқы аспапқа беріледі. 33 суретте тұйықталған ыдыстағы қысымды сұйықтың деңгейін өлшеуге арналған қалытқылы деңгей өлшеуіштің сұлбасы көрсетілген. Қалытқы 3 өлшеу объектісімен 1 байланысқан қосалқы ыдыста 2 сұйық бетінде жүзеді. Құбырша 7 көмегімен қалытқы шыны ыдыспен 4 байланысқан, онда аунақша 6 арқылы тасталған арқанға бекітілген көрсеткіш 5 қозғалады. Көрсеткішті шыны құбырша газбен толтырылған. Шыны құбыршада белгіленген шкаладағы көрсеткіш жағдайы бойынша сұйық деңгейін анықтайды.
33 сурет. Тұйықталған ыдыстар үшін қалытқылы деңгей өлшеуіш.
34 суретте УБ-П типті буйкалы пневматикалық деңгей өлшеуіштің сұлбасы келтірілген, ол 0,02—0,1 МПа стандартты пневматикалық сигналдан жұмыс істейтін екіншілікті аспаптармен кешенді қолданылады. Сезімтал элементі болып буйка табылады — ол ауыспалы бататын цилиндрлік қалытқы. Буйканың бастапқы массасы жүкпен 2 теңестіріледі. Деңгей өлшеуіштің әрекеттену принципі пневматикалық күштік компенсацияға негізделген. Сұйық деңгейінің өзгерісі буйкамен пропорционал күшке түрленеді, ол кері байланыс сильфонындағы 3 қуаттың пневмокүшімен ауаның шығатын қысымының күшімен автоматты түрде теңеседі. Пневмокүшті түрлендіргішке өлшеуші блок әсер ететін күш, берілісті механизмнің 4 рычагты жүйесінің қозғалысын тудыратын кезең тудырады. Сопло — ысырма жүйесі кері байланыс сильфонына пневмокүшейткіштен түсетін қысымды басқарады. УБ-П сериялы аспаптар деңгейді өлшеудің 0,02 ден 16 м дейінгі жоғарғы шектерінде, 1,0 және 1,5 дәлдік класты шығарылады. Пневмотрасса бойынша шығатын сигналдың берілуінің шекті қашықтығы 300 м тең.
34 сурет. УБ-П типті буйкалы деңгей өлшеуіштің сұлбасы
3 Оптикалық пирометрлер.
Оптикалық және фотоэлектрлік пирометрлердің әрекеттену принципі қыздырылған дененің монохроматикалық сәулеленуінің қарқындылығы мен қыздыру шамының эталонды пирометриялық сәулеленуін салыстыруға негізделген.
ОППИР-017 және «Проминь» типті оптикалық пирометрлерде қарқындылықты салыстыру бақылаушы көзімен жүргізіледі, ал ФЭП типті фотоэлектрлік пирометрлерде фотоэлементтер көмегімен жүргізіледі.
Жарықтық температураны анықтау кезінде монохроматикалық сәулеленуді алу үшін, Планк пен Виннің заңдарына сәйкес өткізудің жіңішке спектралдық жолағы бар шынылы жарықсүзгіштер қолданылады. Оған қолданылатын шыны қалыңдығы 2 мм КС-15 типті қызыл шыны болады. Бұл жарықсүзгіш толқын ұзындығы 0,63-0,68 мкм сәулені өткізеді.
ОППИР-017 типті оптикалық пирометрдің принципиалды сұлбасы 3 суретте келтірілген. Ол объективтен 1, окулярдан 4, қызыл жарықсүзгіштен 5, пирометрлік шамнан 3, көргіш құбыршадан 2, реостаттан 6, жарықсүзгішті қараңғылатқыштан 7, өлшеуіш аспаптан 8 (милливольтметрден) және ток көзінен 9 тұрады.
Объектив пен окуляр көмегімен объект фонындағы шоқтану жібінің айқын көрінісін алады. Содан соң, пиромеирлік шамдағы ток күшін өзгерте отырып, объекттің сәулелену қарқындылығымен шоқтану жібінің сәйкес келуін жүзеге асырады, объект фонынан жіп «жоғалған» сияқты. Бұл кезде қызыл жарықсүзгіш міндетті түрде көзге түсетіндей болуы керек. Температураны өлшеу градусталған милливольтметр шкаласы бойынша жүргізіледі.
Пирометр ОППИР-017 модификациясына байланысты өлшенетін температуралардың үш диапазонында болады: 800—2000°С келесі диапазондарға бөлінген 800—1400, 1200—2000°С; 1200—3200°С келесі диапазондарға бөлінген 1200—2000, 1800—3200 °С; 1500—6000 °С келесі диапазондарға бөлінген 1500—2500 және 2200—6000 °С.
22 сурет. Оптикалық пирометр ОППИР-017 сұлбасы.
Абсолютті қара дененің температурасын өлшеу кезіндегі негізгі ұйғарынды қателік 1,5% жуық болады. Кіші диапазоннан үлкеніне өту көзге көрінер жерге қараңғылағыш жарықсүзгішті енгізу жолымен жүзеге асады, ол сәулелену энергиясының бір бөлігін жұтады және шоқтану шамының вольфрамды жібінің 1400°С жоғары, қатты қызуын болдырмайды, бұл температурада оның сипаттамаларының өзгеруі жүреді. Температуралардың 1800°С жоғары болған кездегі өлшеуі кезінде қараңғылағыш жарықсүзгіштің орынына объективке үлкен тығыздықты жұтатын сүзгішті арнайы құрылғы қолданылады. ОППИР-017 кернеуі 2-2,6 В тұрақты токтен қоректенеді.
