Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
60_-_90_BILET.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
561 Кб
Скачать
☆

3 Сыйымдылықты манометрлер

Сыйымдылықты манометрдің әрекеттену принципі, өлшенетін қысымның әсерінен оның пластиналары арасындағы ара қашықтықтың өзгеруі кезінде жалпақ конденсатордың сыйымдылығының өзгеруіне негізделген.

Жалпақ конденсатор үшін сыйымдылық С тең:

C = еS/д (53)

мұндағы е — конденсатор пластиналары арасында ортаның диэлектрлік өтімділігі; S — бір пластинаның ауданы; д — конденсатор пластиналары арасындағы қашықтық.

31 сурет. Электрлік кедергінің манганиндік манометрі.

Қысымның жоғарылауы кезінде д шамасы төмендейді және сыйымдылық гиперболалық заңға сәйкес өзгереді. Ең үлкен сезімталдық д бастапқы аз шамалары кезінде алынады. Манометрдің көрсеткішіне температура едәуір әсер етеді.

63 Билет

1 Сұйықтар мен газдар мөлшерінің жылдамдықты және көлемдік есептеуіштері.

Жылдамдықты есептеуіштерде сезімталды элемент болып айналшық табылады, ол аспап арқылы ағып өтетін сұйық ағынының қозғалысы әсерінен айналады. Айналшықтың айналу жылдамдығы n ағынның орташа жылдамдығына vорт.пропорционал:

n = К vорт. (65)

мұндағы К – аспаптың механикалық және гидравликалық қасиеттерін сипаттаушы коэффициент.

Ағынның көлемдік шығыны Q = vорт s (мұндағы s — ағынның көлденең қимасы) болғандықтан:

n = КQ/s. (66)

Сонымен, айналғыштың айналу жылдамдығы өлшенетін шығынға пропорционал. Жылдамдық vорт белгілі бір шекке жеткен кезде, пропорционалдық коэффициенті К тұрақты болуын тоқтатады, бұл өлшеулердегі үлкен қателіктердің пайда болуына әкеледі. Сондықтан әрбір есептеуіш үшін максимал және минимал өлшеу шығындары анықталған, яғни оны қолдану мүмкіндігінің диапазоны.

Айналғыш пішіні бойынша жылдамдықты есептеуіштер екі топқа бөлінеді: шиыршықты айналғышты және қанатты айналғышты. Шиыршықты айналғыштар бақыланатын ағынға параллель орнықтырылады, қанаттылар - перпендикуляр.

Қазіргі уақыттың жылдамдықты шиыршықты айналғышты және электрлік импульсқа айналдыру жылдамдығының жанасусыз түрлендіргішті есептеуішінің қарапайым сұлбасы 41 суретте кескінделген. Түрлендіргіш орамалы тұрақты магниттен тұрады.

41 сурет. Шиыршық айналмалы жылдамдықты есептегіш сұлбасы.

Жылдамдықты есептеуіштердің негізгі кемшіліктері олардың көрсеткіштерінің бақыланатын сұйықтың тұтқырлығына тәуелділігі болып табылады. Тұтқырлықты өзгерту кезінде өрнектегі (66) пропорционалдық коэффициенті өзгереді, сондықтан жылдамдықты есептеуіштер негізінен судың мөлшерін өлшеу үшін қолданылады. Бұл кемшілік мөлшердің көлемдік есептеуіштерінде болмайды, мұнда жұмысшы механизмнің әрбір жүрісі үшін аспап арқылы бақыланатын ортаның белгілі бір көлемі өтеді:

V = nV1 (67)

мұндағы n-жұмысшы механизмнің жүріс саны; V1 – бір жұмыс жүрісіндегі аспап арқылы өтетін ортаның көлемі.

Бұл көлемді есептеуіштерді сұйықтар (оның ішінде тұтқырлы) және газдар мөлшерін өлшеу үшін қолдануға мүмкіндік береді.