Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
60_-_90_BILET.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
561 Кб
Скачать
☆

90 Билет

1 Өзінің жұмыс режимін өзгерту мүмкіндігіне тәуелді реттегіштер екі сыныпқа бөлінеді: детерминирленген және күйге келтірумен — экстремалды және адаптивті. Детерминирленген реттегіштер реттеу процесінде өзінің параметрлерін өзгертпейді, ал экстремалдылар — объектінің шығыс шамаларының оптималдық мәнін үздіксіз іздейді. Адаптивті реттегіштерде, объектінің жұмыс істеуі кезінде оның сипаттамаларының өзгеруі кезінде реттеудің оптималды сапасына жету мақсатында параметрлерді күйге келтіру жүргізіледі.

2 Қосымша энергия көзінің болуына байланысты реттегіштер тура және тура емес әрекетті реттегіштер болып бөлінеді. Тура әрекеттегі реттегіштер реттелетін ортадан алатын энергия есебінен реттеуші органды басқарады, және қосымша энергияны қажет етпейді. Тура емес әрекеттегі реттегіштерде сыртқы көздерден келетін энергияны басқаратын қуат күшейткіштері бар. Бұл кезде қолданылатын энергия түріне байланысты электрлік, пневматикалық, гидравликалық және құрамдас реттегіштер болып бөлінеді.

Объектіге әсер ету сипатына қарай реттегіштер үздіксіз және дискретті әрекеттегі реттегіштер болып сыныпталады. Біріншісі реттеуші әсердің үздіксіз өзгеруін қамтамасыздандырады. Көп жағдайларда оларға реттеуші органның импульсті қозғалуы болатын реттегіштер жатады. Екіншісі арасында реттеуші әсер тұрақты интервалдағы уақыттың белгілі бір кезеңінде ғана реттеуші ықпалды өзгертеді. Кіретін сигналды кванттау түріне қарай дискретті әрекеттегі реттеушілер релейлі, импульсті және сандық болып бөлінеді.

Реттудің жүзеге асырылатын заңына сәйкес реттеушілер пропорционалды, интегралды, пропорционалды-интегралды, пропорционалды-дифференциалды, пропорционалды-интегралды-дифференциалды, релейлі екі- және үшжайғасымды және релейлі тұрақты жылдамдықты механизмді болып бөлінеді.

3 Түсті пирометрлер. Түсті пирометрлерде алдын-ала таңдалған толқынның екі ұзындығы үшін л 1 және л 2, қыздырылған дененің сәулелену қарқындылығының қатынасы анықталады. Бұл қатынас әрбір температура үшін әртүрлі және оның өлшенуі үшін қолданыла алады. Көптеген жағдайларда нақты физикалық денелерде қараланудың монохроматикалық дәрежесінің мәні ел, тәжірибе жүзінде толқынның барлық ұзындығы үшін бірдей және J=f(л) қисығс әртүрлі температураларда абсолютті қара дене үшін осындай қисықтарға ұқсаған, сондықтан сәулеленудің толық болмауына түзетулер талап етілмейді, бұл түсті пирометрдің басты артықшылығы.

Көптеген автоматты түсті пирометрлерде спектрдің екі бөлімшесіндегі, қызыл және көк, сәулелену қарқындылығының қатынасының логарифмі өлшенеді. Түсті пирометрдің блок-сұлбасы 4 суретте кескінделген. Қыздырылған денеден 1 сәулелену оптикалық жүйенің көмегімен фотоэлементке 2 бағытталады. Объектив фокусінде диск түріндегі обтюратор орнатылған, ол қозғалтқышпен синхронды түрде жиілігі 5 Гц айналады. Дисктің екі саңылауы бар, оларда қызыл және көк жарықсүзгіштер орналастырылған. Обтюратордың айналуы кезінде фотоэлементке кезекпе-кезек толқын ұзындығының тиімді біресе қызыл біресе көк сәулесі түседі. Сіңіру шынысы, обтюраторда орналастырылған, берілген шектерде фотоэлементтің жарықтану шамасын қамтамасыздандырады.

1

3

4

5

6

2

7

23 сурет. Түсті пирометрдің блок-сұлбасы.

Жарықтық импульстар ықпалымен фотоэлементтің күшті резисторында кернеу импульстары пайда болады, олар спектрдің қызыл және көк бөлімшелеріндегі сәулелену қарқындылығына пропорционал. Бұл импульстар электронды күшейткішпен 3 күшейтіледі. Күшейткіштен шығарда электр сигналдары, экспоненциалдық импульстарды қалыптастыруға және спектрдің қызыл және көк бөлімшелеріндегі сәулелену қарқындылықтарының қатынастарының логарифмдерін өлшеуге арналған электронды құрылғасы бар, өлшеуші сұлбаға 4 түседі.

Обтюратормен синхронды жұмыс істейтін, коммутатор көмегімен 5, қызыл және көк жарықсүзгіш арқылы сәулелену қарқындылықтарына сәйкес тікбұрышты импульстер, қарсы фазада сүзгішке 6 беріледі. Токтың тұрақты құрамдасы, оның шығысында импульстер айырмасымен анықталатын, автоматты электронды потенциометрмен 7 өлшенеді. Пирометр көрсеткіші сызықты түрде қыздырылған дененің түсті температурасының кері мәнімен байланысты.

Осылай, түсті пирометр көрінетін спектрдің екі толқын ұзындығы үшін монохроматикалық қарқындылықтың қатынасы ьойынша түсті температураны өлшейді.

40