Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
60_-_90_BILET.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
561 Кб
Скачать
☆

79 Билет

1 Реле.Реле басқарушы тізбек параметрлерінің белгілі бір мәнге жетуі кезінде, бір немесе бірнеше басқарушы тізбектерді әрекетке келтіретін қарапайым автоматты құрылғы болып табылады. Автоматты басқару, реттеу, қорғау, оқшаулау мәселелері әртүрлі текті релелер көмегімен шешіледі.

Кез – келген реле үш негізгі бөлімнен тұрады: өлшеуші, аралық және атқарушы. Сондықтан көптеген реле жоғарыда қарастырылған датчиктерден, оларға атқарушы бөлімді қосу жолымен алынуы мүмкін.

Автоматика жүйелерінде электромеханикалық релелер (электромагниттік, электродинамикалық, магнитоэлектрлік және басқ.) кең қолданыс тапқан, онда кіретін электр шамасының өзгерісі, электрлік контактілерді тұйықтауға және ажыратуға келтіретін якордың механикалық қозғалысын тудырады. Соңғы уақыттарда жанаспалы және жанаспайтын электрондық релелерде кеңінен қолданылуда.

Тұрақты және ауыспалы токтың электрмагниттік релесі болып айрықшаланады. Өз кезегінде тұрақты ток релесі бейтарапты және полярланған болып бөлінеді. Бейтарап реле оның орамасы арқылы өтетін екі бағыттағы тұрақты ток бойынша бірдей әрекетке түседі. Полярланған реленің әрекеті ток бағытына тәуелді болады.

Электромагниттік реленің құрылысы мен қосылу сұлбасы 16, а, б суреттерде кескінделген. Реле орамалы W электромагнитті көрсетеді, ол арқылы 11 ток өтеді. Іске қосылу тогінің белгілі бір шамасында Iі.қ. электромагнит жүрекшесіне С якорь Я тартылады. Бұл кезде басқа электрлік тізбектің контактысы К1 рычагпен Р және күштеме бойынша Rкүш тұйықталады, ток өтеді I2. Контакт K2, керісінше, өзінің тізбегін токсыздандырып ажырайды.

Реле қуатты күшейткіш болып табылады: ораманың алғашқы тізбегінде W ток 11 өту кезінде қуат Р1 шығындалады, ал контактілердің екінші тізбегінде ток өту кезінде — Р2 қуаты P1 қарағанда біршама жоғары.. Сонымен, аз қуатты көз Р1 көмегімен күштеме кедергісіне Rh біршама үлкен қуаттың берілуін басқаруға болады.

Р я

16 сурет. Электромагниттік реленің құрылғысы (а) және қосу сұлбасы (б)

2 Қысымның тұрақты құламасының шығын өлшеуіштері.

Ротаметр деп аталатын, бұл шығын өлшеуіштердің әрекеті, сұйық пен газдың ағуы үшін құбырдың өтпелі қимасын өзгертетін сезімталды элементтің қалытқының қозғалысына негізделген. Қалытқыдағы қысым құламасы жалпы тұрақты болып қалады, ал оның көтерілу биіктігі өлшенетін сұйықтың немесе газдың шығынының шамасына пропорционал. Ротаметр шкаласы бірқалыпты, ондағы қысымның жоғалымы аз.

Көрсеткішті ара қашықтыққа көрсететін (беретін) ротаметрлер (шкаласыз) жез немесе тот баспайтын болат металдық құбыршадан жасалады. Олар 6,4 МПа дейінгі қысым кезінде өлшеуге арналған. Шығын туралы ақпаратты беруге арналған дифференциалды-трансформаторлық түрлендіргіш болады, оның плунжері қалытқымен бірге қозғалады. РЭ типті, өлшеу шектері 0,025-63 м3/сағ (су үшін) және негізгі қателігі ± 2,5 % ротаметрлер шығарылады. Қосалқы ретінде дифференциалды-трансформаторлық аспап КСД қолданылады. Ротаметрлер жоғарылаушы ағынмен құбырларға қатаң тік орналастырылады.

3 Технологиялық параметрлерді техникалық бақылау технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің (ТПАБЖ) бірінші (төменгі), бірақ өте маңызды деңгейі болады. Технологиялық агрегаттардың орнықтырылған режимдерін сақтау, осы режимдерді анықтайтын физикалық шамалардың ағымды мәндері туралы өлшеуіш ақпараттарсыз мүмкін емес. Басқаша айтқанда, ТПАБЖ кеңейте ендірілуі, ең алдымен ақпараттық жүйені құруға бағытталған, онда ақпараттың жиналуы мен алғашқы өңделу функциялары автоматтандырылады. Бұл, ақпаратты жинауды автоматтандырудың барлық жерде бірінші кезекті саты болып табылатынымен және онсыз оптималды басқару міндеттерін шешуге кірісу мәнсіз болатынымен байланысты.

Металлургиядағы технологиялық процестердің әртүрлі болуына қарамастан, олардың өтуі физикалық шамалардың салыстырмалы аз санымен анықталады: температураның, қысымның, процесте қатысатын заттардың құрамы мен шығынымен және басқада заттармен. Осы шамаларды бақылау үшін металлургиялық агрегаттарды бақылаушы-өлшеуші аспаптар жүйелерімен (КИП) жабдықтайды.

Өлшеу деп техникалық құралдар көмегімен тәжірибелік жолмен физикалық шамалар мәнін табуды атайды. Өлшеу процесі кезінде шаманы өлшеу бірлігімен салыстырады, ол өлшенетін шамамен тектес болуы керек.

Өлшеуіш аспаптар бақылаушы тікелей қабылдай алатын нысандағы өлшеуші ақпарат сигналдарын шығарады. Аспаптар (немесе өлшеуіш жүйелер) 17 суретте кескінделген кәдімгі типті құрылымдық сұлбаларда болады.

Сезгіш элемент 1 өлшенетін шаманың тікелей әсерінде болады. Түрлендіруші элемент 2 өлшенетін ақпарат сигналын қолдану үшін ыңғайлы нысанға түрлендіреді. Өлшеуші механизм 3 өлшеу процесін жүзеге асырады.