Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
60_-_90_BILET.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
561 Кб
Скачать
☆

2 Ультрадыбысты шығын өлшеуіштер

Қозғалыстағы ортада ультрадыбыстың таралу жылдамдығы осы ортадағы ультрадыбыстың өзінің жылдамдығы мен өлшенетін ортаның қозғалысының орташа жылдамдығының қосындысымен анықталады. Егер тербеліс ағын қозғалысы бағытында таралса, онда ағын жылдамдығы v жоғары болған сайын олар берілген нүктеге тезірек жетеді.

Шығынды өлшеу үшін екі әдіс қолданылады. Біріншісі – ағынның бағытымен және оған кері бағытта таралатын ультрадыбысты тербелістің фазалық ығысуының айырмасын өлшеуге негізделген. Мұндай аспаптар фазалық шығын өлшеуіштер деп аталады. Екінші әдіс ағынның бағытымен дәл келетін және оған кері бағытталған ультрадыбысты тербелістердің импультерінің қайталану жиілігінің айырмасын өлшеумен қорытындыланады. Бұл аспаптар жиілікті шығын өлшеуіштер деп аталады.

Фазалық шығын өлшеуіштің принципиалды сұлбасы 39 суретте кескінделген. Генератор Г сәулеленетін пьезоэлементтерге И1 және И2, жиілігі 1 МГц және амплитудасы 20 В жуық, ультрадыбысты тербеліске түрленетін, үздіксіз синусоидалды электрлік тербеліс береді. Соңғысы сұйық ағынынан өте отырып, сәйкес қабылдаушы пьезоэлементтерге түседі П1 және П2, оларда, араларындағы жылдамдықтары пропорционал фазалар айырмасымен синусоидалды кернеу тудырады. Пьезоэлементтердің П1 және П2 әрқайсысы өзінің күшейткіштері арқылы У1 және У2 фазалық детекторға ФД сигнал береді, онда фаза бойынша салыстырмалы кернеулер жалпы тиелетін резисторда қосылады. Қосынды кернеу ағын бойынша және оған кері өтетін тербелістер арасындағы фазалардың ығысуына тәуелді болады. Өз кезегінде фазалардың ығысуы уақыт айырмасына пропорционал. Фазалық детектордың кернеуі ары қарай стандартты сигналға түрленеді және қайтармалы аспапқа ҚА беріледі.

3 Демодулятор, өлшенетін кернеудің полярлығын айыруы үшін, оның ауыспалы кернеу фазасына сезімталдығы болуы қажет. Мұндай демодуляторлар фаза сезінгіштер деп аталады. Дегенмен бірқатар жағдайларда өлшенетін кернеудің полярлығын анықтау талап етілмейді. Демодуляторлардың қарапайым сұлбасы мен олардың сипаттамалары 12 суретте кескінделген.

12 сурет. Демодуляторлар мен олардың сипаттамаларының сұлбасы

86 Билет

1 Өзінің жұмыс режимін өзгерту мүмкіндігіне тәуелді реттегіштер екі сыныпқа бөлінеді: детерминирленген және күйге келтірумен — экстремалды және адаптивті. Детерминирленген реттегіштер реттеу процесінде өзінің параметрлерін өзгертпейді, ал экстремалдылар — объектінің шығыс шамаларының оптималдық мәнін үздіксіз іздейді. Адаптивті реттегіштерде, объектінің жұмыс істеуі кезінде оның сипаттамаларының өзгеруі кезінде реттеудің оптималды сапасына жету мақсатында параметрлерді күйге келтіру жүргізіледі.

2 Калориметриялық шығын өлшеуіштер. Бұл шығын өлшеуіштердің әрекеті, ағын жылдамдығына пропорционал қыздырғыштан өлшеуішке газ ағынымен тасымалданатын жылулық энергиясын өлшеуге негізделген. Калориметриялық шығын өлшеуіштің сұлбасы 40 суретте келтірілген. Құбырда қыздырғыш Rқ орналастырылған, ол токтың тұрақтандырылған көзінен Uт және қыздыруға дейінгі және кейінгі температуралар айырмасын өлшеуге арналған электрлік кедергілер термометрлерінен Rt1 және Rt2 қоректенеді. Термометрлер тұрақты регистирлі Rl, R2 және реохордпен Rр теңестіруші көпірдің өлшеуші сұлбасында екі жанаспалы иықтар түзейді. Көпірдің қоректену диагоналына cd қоректену кернеуі U0 сыртқы көзден беріледі. Өлшеуші диагоналға ab нөл аспап НП қосылған.

39 сурет. Фазалық ультрадыбысты шығын өлшеуіштің принципиалдық сұлбасы.

Калориметриялық шығын өлшеуіштің жетістігі болып табылатындар: өте аз шығындарды өлшеу мүмкіндігі, тіпті ішкі диаметрі 2—3 мм құбырлардағы; жоғары дәлдіктік (қателік 0,5 – 1 % құрайды); өлшеу диапазонының кеңдігі (10 : 1) және бүлкілді (соққылы) ағындар шығынын өлшеу мүмкіндігі.

40 сурет. Калориметриялық шығын өлшеуіштің принципиалды сұлбасы

3 Күшейтуші элемент, немесе күшейткіш, оған түсетін энергияны шығатын сигналға түрлендіруші болып табылады. Дегенмен, бұл түрлену кіретін қуаттың қатты жоғарылауымен жүзеге асады. Көптеген жағдайларда, күшейткіш ретінде шығатын сигналы кіретінмен физикалық табиғаты бір құрылғыны қабылдайды. Дегенмен, автоматты жүйелерде кеңінен қолданылатын гидравликалық және пневматикалық күшейткіштер сигналдар энергиясы түріндегі қосымша түрлендіргішпен сипатталады.

Атқарушы элементтер (ИЭ) АЭ объектіге реттеуші әсер U ету үшін қызмет атқарады. Атқарушы элемент көп жағдайда сервоқозғалтқыш немесе сервомотор деп те аталады.

Жоғарыда қарастырылған элементтер объектімен біріге отырып реттеуші әсердің өтуіне арналған тұйықталған тізбекті түзеді. Дегенмен, көп жағдайларда мұндай қосылыстар реттеудің автоматты жүйесіндегі жұмыстың талап етілетін көрсеткішін алуды қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан жүйенің жалпы сұлбасына, өтпелі процестерді түзету үшін қызмет атқаратын бірқатар қосымша элементтер енгізіледі. Түзетуші элементтер (КЭ) ТЭ, реттеу заңының сәйкес өзгерісін тудыра отырып, реттеудің автоматты жүйесіне қосымша әсер жасай алады. Өте жиі, түзетуші элементтер (КЭ) ТЭ, жүйенің бір немесе бірнеше элементтерін қамтитын қосалқы кері байланыстар көмегімен түзіледі.