Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эсис оқу құралы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

3.7 Сурет – Бейтарабы оқшауланған торап

Бейтарабы оқшауланған тораптарда оқшауламаны жүйелі түрде бақылап, зақымды жылдам жойып немесе зақымдалған фазаны автоматты ағыту керек. Оқшаулама фаза және жер арасындағы кернеуге шыдау керек (Uф).

Оқшауламаның бұзылуы баяу жүреді және тесілумен аяқталады.

Сондықтан қызметкерлердің міндеті оқшауламаның ақауларын уақытында тауып, оларды жою.

Ол үшін фазалық кернеулердің симметриялық жүйесінің қасиеті пайдаланылады. Жерге тұйықталу жоқ кезде V1 вольтметрлері фазалық кернеулердің шамамен бірдей мәндерін көрсетеді. Айырмашылығы аз болуы мүмкін, ол фазалардың қалыпсыз жүктелуімен түсіндіріледі. V2 вольтметрі үшфазалық векторлар жүйесінің геометриялық қосындысын өлшейді, және оның көрсетулері нөлге жақын. С фазасы жерге тұйықталғанда А және В фазалары вольтметрлерінің көрсетулері желілік мәндерге жақындайды.

UА →UЛ ; UВ →UЛ; UС ≈ 0 .

а – оқшаулама жағдайын бақылау сұлбасы;

б – тұйықтаулар жоқ кездегі кернеулердің векторлық диаграммасы

3.8 Сурет – Бейтарабы оқшауланған торап

V2 вольтметрі көрсетуінің нөлден едәуір айырмашылығы болады (жер С нүктесіне ауысқандай болады), ал А немесе В фазасы және жер арасындағы кернеу желілікке дейін өседі (3.9 сур. қараңыз). есе үлкен кернеуге шыдау үшін оқшаулама күшейтілу керек.

3.9 Сурет – с фазасы жерге тұйықталғандағы кернеулердің векторлық диаграммасы

Кернеуі 1000 В жоғары электр тораптары бейтарап режимі бойынша жерге тұйықталу токтары аз тораптарға (≤500 А және 3÷35 кВ) және жерге тұйықталу токтары үлкен тораптарға (>500 А және U ≥ 110 кВ) бөлінеді.

Жерге тұйықталу токтары аз тораптар оқшауланған немесе өтемделген бейтараптармен жұмыс істейді.

Бейтарабы оқшауланған жоғарывольттік тораптар

Тұтынушы желілік кернеуге қосылған, бейтарап және жер симметриялық режимде сәйкес келеді. Оқшаулама шыдайтын кернеу – бұл фаза мен жер арасындағы кернеу.

а – оқшаулама жағдайын бақылау сұлбасы;

б – тұйықтаулар жоқ кездегі кернеулердің векторлық диаграммасы

3.10 Сурет - Бейтарабы оқшауланған жоғарывольттік торап

С фазасы жерге тұйықталды. Ток тұйықталған орыннан зақымдалмаған А және В фазаларының сыйымдылығында, сосын желілермен бейтарап арқылы зақымдалған орынға ағады (3.10 сур. қараңыз). Тұтынушының кернеуі өзгерген жоқ, ол желілік болып қалды. Фазалардың кернеуі есе өсті ( UФ).

Зақымдалған фазаның жерге тұйықталған сыйымдылық тогы нөлге тең, ал екі зақымдалмаған фазалардың әрқайсысының сыйымдылық тогы есе көбейеді (кернеудің өсуіне пропорционалды). Мұнда

U0 =Uф; 3IСА + 3IСВ = 3IС ; INN = 0 .

Жерге тұйықталудың қосынды тогы зақымдалмаған фазалар токтарының қосындысына тең және қорек көзі арқылы тұйықталып, фазаның жерге зақымдалған орны арқылы ағады (3.11 сур. қараңыз).

Екіфазалық ҚТ өткізбеу мақсатымен жерге тұйықтауды жою үшін шаралар қолдану керек.

Фазаның жерге тұйықталуы кезектесетін доғаның пайда болуына алып келеді (яғни доға еріксіз сөнеді және қайтадан жанады), бұл зақымдалмаған фазалардағы асқын кернеулерге алып келеді. Доғалық асқын кернеулердің амплитудасы (2,5 ÷ 3,2)U дейін жетеді. Бұл фазалар оқшауламасын бұзады.