Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эсис оқу құралы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

4.3 Тұйықталмаған электр тораптарының режимін есептеу

 110 – 220 кВ тораптарының режимін есептегенде екі есептік жағдайды айтуға болады: желі соңында тапсырылған кернеу бойынша торапты есептеу (немесе соңының деректері бойынша есептеу) және желінің басында кернеу берілген есеп (басының деректері бойынша есеп).

4.3 суретінде n жүктемесі бар (а) тұйықталмаған тораптың есептік сұлбасы және оның орын ауыстыру сұлбасы (б) көрсетілген.

4.3 Сурет

Соңының деректері бойынша есепті қарастырады. Алғашқы мәліметтер болады: желінің соңындағы кернеу Un, жүктемелердің есептік қуаттары және тораптың параметрлері. Есеп желінің соңынан жүргізіледі. Белгілі кернеу бойынша Un желінің n соңғы айланында қуаттың шығындары анықталады

                                                              (4.9)

n айланның басында қуатты табады

,                       (4.10)

  мұнда Qзn - n айланындағы зарядтық қуат.

 (n-1) түйініндегі қуаттың теңгерімі бойынша (n-1) айланының соңындағы қуат анықталады

.                           (4.11)

 n соңғы айланындағы кернеудің құлауы анықталады

                    (4.12)

 n айланындағы белгілі кернеу Un және кернеудің құлауы бойынша n-1 түйініндегі кернеу Un-1 анықталады

= + Δ = Un+ ΔUn+ jδUn                                 (4.13)

немесе кернеудің модулі

Un-1 = .                                            (4.14)

   кернеуін анықтаумен тораптың соңғы айланының режимін есептеу аяқталады. Мұнда келесі айланды есептеу үшін барлық қажет мәліметтер белгілі болады. n-1 айланының есебі n айланындағы формулалармен жасалады. Осыған ұқсас барлық қалған айландар үшін есеп жүргізіледі.  қуатын және А кернеуін анықтау есептің соңы болады.

Қорек нүктесінде кернеуі белгілі болатын басының деректері бойынша тораптың есептерінде тізбектелген жуықтаулар әдісі пайдаланылады, мұнда есептер екі кезеңде жасалынады.

Бірінші жуықтау ретінде (есептің бірінші кезеңінде) барлық түйіндердегі кернеулер тораптың номиналды кернеуіне тең деп қабылданады. Осы шартта тораптағы қуаттардың таралуы табылады.

         4.3 суретіндегі белгілеулерге сәйкес есеп келесі реттілікпен жүргізіледі. Тораптың соңғы айланындағы қуаттың шығындары анықталады

                                                                                          (4.15)

Сосын  (4.10) сәйкес осы айланның басындағы қуат анықталады. (n-1) түйініндегі қуаттың теңгерімі бойынша n-1 айланының соңындағы қуат (4.11) бойынша анықталады. Осыған ұқсас тораптың барлық қалған айландары үшін есеп жүргізіледі. анықталғанша есеп жүргізіледі.

Есептің келесі кезеңінде екінші жуықтауда жүктеме түйіндеріндегі кернеулер анықталады. Есептің алғашқы деректері болады: А кернеуі және есептің алдыңғы кезеңінде табылған әр айланның соңындағы қуаттар. Тораптың бас айланы үшін

1=  - Δ 1,                                                 (4.16)

   мұнда Δ 1 - тораптың бас айланындағы кернеудің құлауы.

1 =  - ΔU1 – jδU1                                             (4.17)

            немесе ашық түрінде

                                (4.18)

        1 нүктедегі кернеудің модулі

U1 = .                                               (4.19)

 Осыған ұқсас тораптың басқа түйін нүктелеріндегі кернеулер анықталады.