- •1 Электрэнергетикалық жүйелер және электр тораптары туралы жалпы ұғымдар
- •1.1 Электр торабы электрэнергетикалық жүйенің бір бөлігі есебінде
- •1.2 Электр тораптарын жіктеу
- •1.1 Сурет
- •1.3 Электр тораптарына қойылатын талаптар
- •1.4 Электр тораптарын есептеу мәселелері
- •2 Электр тораптарының қиыстырмасы туралы жалпы мәліметтер
- •2.1 Электрберіліс ауа желілерінің қиыстырмалық элементтері
- •2.3 Сурет - Біртізбекті желілердің аралық темірбетон тіректері
- •2.4 Суреті - Ұшты фарфор оқшаулағыштар
- •2.1 Сурет - Ауа желілері сымдарының қиыстырмалары
- •2. 5 Сурет – Ілінетін оқшаулағыштар пф (а) және пс (б)
- •2.6 Суреті – Полимерлік оқшаулағыштар
- •2.2 Кабельдердің қиыстырмасы туралы жалпы мәліметтер
- •2.7 Сурет – Талсымдары секторлы кернеуі 1-10 кВ үшталсымды кабельдің құрылысы
- •2.8 Сурет – Оқшауламасы тігілген полиэтиленнен жасалған кабельдің қиыстырмасы
- •3 Электр торабы элементтерінің сипаттамалары және параметрлері
- •3.1 Ауа және кабель желілерінің орын ауыстыру сұлбалары, параметрлері
- •3.2 Сурет
- •3.2 Электр тораптары элементтерінің номиналды кернеулері
- •3.3 Электр тораптары бейтараптарының режимдері
- •3.5 Сурет – Үшфазалық электр тораптарының нөлдік нүктесі
- •3.6 Сурет – Үшфазалық токтың төртсымды торабы
- •3.7 Сурет – Бейтарабы оқшауланған торап
- •3.8 Сурет – Бейтарабы оқшауланған торап
- •3.9 Сурет – с фазасы жерге тұйықталғандағы кернеулердің векторлық диаграммасы
- •3.10 Сурет - Бейтарабы оқшауланған жоғарывольттік торап
- •3.11 Сурет – Кернеулер мен сыйымдылық токтарының векторлық диаграммасы
- •3.12 Сурет – Фаза жерге тұйықталғанда бейтарабы өтемделген тораптағы токтардың таралуы
- •3.13 Сурет – Сыйымдылық токты өтемдегендегі токтар мен кернеулердің векторлық диаграммасы
- •3.14 Сурет – Жоғары кернеу торабы
- •3.15 Сурет - Трансформаторлар бейтарабының жағдайы
- •3.4 Трансформаторлар және автотрансформаторлардың орын ауыстыру сұлбалары, параметрлері
- •3.16 Сурет
- •3.17 Сурет
- •3.18 Сурет
- •3.5 Желілердегі қуат және энергияның шығындарын анықтау
- •3.19 Сурет – Ұзақтық бойынша жүктеменің жылдық графигі
- •3.20 Сурет - Ұзақтық бойынша жүктеменің сатылық графигі
- •3.21 Сурет
- •3.6 Трансформаторлардағы қуат пен энергияның шығындары
- •4 Тұйықталмаған және қарапайым тұйықталған электр тораптарының жұмыс режимдерін есептеу
- •4.1 Торап режимін есептеу мәселесі, негізгі долбарлар
- •4.2 Кернеу шығыны бойынша жүктемесі соңындағы желінің есебі
- •4.1 Сурет
- •4.2 Сурет – Жүктемесі соңындағы желінің векторлық диаграммасы
- •4.3 Тұйықталмаған электр тораптарының режимін есептеу
- •4.3 Сурет
- •4.4 Сақиналы тораптардың режимдерін есептеу
- •4.4 Сурет
- •4.5 Сурет
- •4.6 Сурет
- •4.7 Сурет
- •4.5 Қорек көздерінің айырмашылығы бар кернеулерінде екі жақтан қоректенетін желілердің режимін есептеу
- •4.8 Сурет
- •4.6 Күрделі тұйықталған тораптарды торапты түрлендіру әдісімен есептеу
- •4.9 Сурет
- •4.10 Сурет
- •4.11 Сурет
- •5 Электр жүйелерінің жұмыс режимдері
- •5.1 Активтік қуаттардың теңгерімі және оның жиілікті реттеумен байланысы
- •5.1 Сурет
- •5.2 Сурет
- •5.2 Электр жүйелерінде жиілікті реттеу
- •5.3 Сурет
- •5.6 Сурет
- •5.3 Апаттан кейінгі режимдерде жиілікті реттеу
- •5.7 Сурет
- •5.8 Сурет
- •5.4 Реактивтік қуаттардың теңгерімі және оның кернеуді реттеумен байланысы
- •5.9 Сурет 5.10 сурет
- •5.11 Сурет
- •5.5 Электр тораптарында реактивтік қуаттың көздері
- •5.12 Сурет
- •5.13 Сурет
- •5.14 Сурет
- •5.15 Сурет
- •6 Электр тораптарындағы электрэнергия сапасы және кернеуді реттеу
- •6.1 Электрэнергия сапасының электрқабылдағыштар мен электраппараттардың жұмысына әсері
- •6.2 Электрэнергия сапасының көрсеткіштері
- •6.3 Электр тораптарында кернеуді реттеу мәселесі
- •6.4 Торапта кернеуді өзгерту және реттеу тәсілдері
- •6.1 Сурет
- •6.5 Трансформаторлардың және автотрансформаторлардың трансформация коэффициенттерін өзгертумен кернеуді реттеу
- •6.2 Сурет
- •6.3 Сурет
- •6.6 Торап параметрлерін өзгертіп кернеуді реттеу
- •6.7 Реактивтік қуаттың ағындарын өзгертіп кернеуді реттеу
- •6.4 Сурет
- •6.5 Сурет
- •Мазмұны
5.8 Сурет
Жиілік қалпына келгеннен кейін тұтынушыларды тез қосу үшін АЧР (ЧАПВ) кейінгі автоматты қайта қосуды қолданады. Әдетте оны 49,2 – 50 Гц жиілігіне баптайды, және тұтынушыларды уақыт дересі 5 сек сатылап қосады. Өйткені басқа жағдайда қайтадан жиіліктің төмендеуі пайда болуы мүмкін. ЧАПВ уақыт бойынша бастапқы ұстамасын 10 – 20 сек қабылдайды.
АЧР құрылғыларына әдетте жауапкершілігі аз тұтынушыларды қосады. Бірақ олардың тәуліктің және жылдың кез – келген уақытында жеткілікті қуаты болу керек.
5.4 Реактивтік қуаттардың теңгерімі және оның кернеуді реттеумен байланысы
Энергия жүйесінде реактивтік қуаттардың оперативтік теңгерімі сақталу керек
∑Qг + ∑Qв +∑Qк.у = ∑Qп +∑∆Qс,
мұнда ∑Qг – станция генераторларының реактивтік қуаты;
∑Qв – электрберіліс желілерінің зарядтық қуаты;
∑Qк.у – өтемдеуші құрылғылардың қуаты;
∑Qп – тұтынушылардың реактивтік қуаты;
∑∆Qс – электр тораптарында реактивтік қуаттың шығындары.
5.9 Сурет 5.10 сурет
Бұл теңгерім кернеу бойынша жүктеменің статикалық сипаттамаларымен сәйкес В өндіруші қуаттың өзгеруі есебінен тұрақты сақталады (5.9 сур. қараңыз).
Реактивтік қуаттың теңгерім шарты тікелей электр торабындағы кернеулердің шамаларымен байланысты. Осы байланысты тораптың бір элементі сұлбасының үлгісінде қарастырайық (5.10 сур. қараңыз). Уақыттың бастапқы сәтінде реактивтік қуаттың теңгерімі болды және желінің басындағы кернеу U1, ал оның соңында U2 тең. Бұл кернеулерге статикалық сипаттамалар бойынша тұтынушылардың жүктемесі сәйкес келеді Pн + jQн. Желінің соңындағы кернеуді анықтауға болады
Егер реактивтік қуаттың көзін жүктемеден азайту есебінен кернеуді U1 ден U1' дейін төмендетсе, онда жүктеме түйінінде кернеу U2 ден U2' дейін төмендейді. Мұнда статикалық сипаттамалар бойынша тұтынушылардың қуаты Pн' + jQн' дейін төмендейді (5.9 сур. қараңыз) және желінің соңындағы кернеу
U2 кернеуінің өзгеруі желінің басындағы кернеудің төмендеуінен және кернеу шығындарының өзгеруінен болады. Реактивтік қуаттың статикалық сипаттамалары активтік қуаттың сипаттамаларынан едәуір тік. Кернеу өзгеруінің әр пайызына активтік қуаттың 0,6–2%, ал реактивтіктің 2-5% өзгеруі болады. Сондықтан U1 кернеуінің төмендегенінде кернеу шығындары төмендейді. Нәтижесінде U2 өзгеруі U1 өзгеруінен аз болады
U2 – U2' < U1 – U1'.
Сонымен, статистикалық сипаттамаларға сәйкес тұтынушылардың жүктемесі өзгеру есебінен U2 кернеуінің біршама реттелуі болады. Бұл процес кернеу бойынша жүктеменің реттеуші әсері деп аталады. Мұндай реттеудің нәтижесінде U1' және U2' кернеулерінің жаңа мәндеріне реактивтік қуат теңгерімінің жаңа шарты сәйкес келеді.
Жүктеменің реттеуші әсері Uкр кейбір шектеулі кернеуге дейін болады. Егер U2 кернеуі шектеуліден төмен болса, онда кері құбылыс болады: кернеудің төмендеуі тұтынушылардың реактивтік жүктемесінің өсуін тудырады, бұл кернеу шығындарының өсуіне және U2 кернеуінің одан әрі төмендеуіне алып келеді. Кернеу көшкіні басталады және реактивтік қуаттың теңгерімі бұзылады (5.1 сур. қараңыз). Мұнда t1 – кернеудің Uкр дейін төмендеу сәті, ал t2 – t1 уақыт аралығы көшкіннің даму процесі (бірнеше секунд). Кернеу көшкінінің нәтижесінде жүктеме орнықтылығы бұзылады, ол тұтынушылардың өздігінен жүктемеден арылуымен өрнектеледі. Оларды ағытқаннан кейін кернеу қалпына келеді.
