Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эсис оқу құралы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

6.1 Сурет

Осы сұлба үшін ҚО (ЦП) шиналарындағы кернеудің ауытқуын V және электрқабылдағыштағы ЭП кернеудің ауытқуын байланыстыратын өрнекті жазады

                                                     (6.4)

  мұнда Vцп және Vэп - номиналды кернеуден ауытқудың ағымдағы мәндері;

   -    ЦП және ЭП арасында тізбектеліп қосылған тораптың n элементтеріндегі (желілерде, трансформаторларда) кернеу шығындары мәндерінің қосындысы.

                              (6.5)

 мұнда     -       ЦП – ЭП айланында тізбектеліп қосылған m реттелемейтін және реттелетін трансформаторлар мен автотрансформаторлардың әртүрлі трансформация коэффициенттерін таңдау есебінен алатын кернеу үстемелерінің қосындысы;

        Рк и Qк -    тораптың «к» айланындағы активтік және реактивтік қуаттары;

          Rк и Хк - тораптың к – элементінің активтік және реактивтік кедергілері.

(6.4) формуласы максималды және минималды режимдер үшін әділ

,                                        (6.6, а)

.                                        (6.6, б)

(6.6, б) - ны (6.6, а) – дан алып, қарастырылатын жағдайларда ЭП шиналарында кернеулердің ауытқуларының мүмкін дересі үшін өрнек алады

.    (6.7)

 Келтірілген формулаларды талдаудан байқалатыны, ЭП – дағы кернеудің ауытқуларының кейбір алдын ала тапсырылған мәндерін қамтамасыз ету үшін келесі тәсілдер пайдаланылуы мүмкін:

 а) кернеулердің режимін өзгерту немесе ЦП шиналарында кернеуді реттеу;

 б) тораптың бөлек элементтерінде (желілерде, трансформаторларда) немесе тораптың бірнеше айландарында бір уақытта кернеу шығынының мәнін өзгерту;

 в) ЦП - ЭП торабының айландарында қосылған жүктеме барда реттелмейтін және реттелетін трансформаторлар мен автотрансформаторлардың трансформация коэффициентін өзгерту. Мұнда кернеудің тиісті үстемелерінің шамалары өзгереді.

 ЦП кернеуді реттеу әдетте барлық ЦП қосылған торапта кернеулер режимін өзгертуге алып келеді. Сондықтан бұл реттеу тәсілін кернеуді орталықтан реттеу деп атайды. Барлық қалған тәсілдер кернеуді жергілікті реттеу деп аталатынға жатады, мұнда таратушы тораптың шектеулі бөлігінде кернеулер режимі өзгереді. Кернеуді жергілікті реттеуді топтыға және жекеге бөлуге болады. Топтық реттеу тұтынушылардың тобына, ал жеке негізінде арнаулы мақсатпен жасалынады.

         Тұтынушылардың жүктемесі тек қана тәулік ішінде емес, жыл бойында да өзгереді. Мысалы, ең үлкен жүктеме жыл бойында күзгі – қысқы максимумның кезінде, ең азы жазғы кезде болады. Бұл жағдайда кернеуді қарсы реттеу қолданылады. Мұнда кернеу тек қана тәуліктік емес, жыл бойындағы маусымдық жүктеменің ауытқуларынан тәуелді өзгереді. Электр станцияларының шиналарында жоғары кернеуді үлкен жүктеме кезінде ұстауды және оны номиналдыға дейін түсіру аз жүктеме кезінде қарастырылады.   

 Үлкен жүктемелер режимінде кернеуді келесі мәнге дейін көбейтеді

                           

U2 = 1,05Uном,                                               (6.8)

 ал аз жүктемелер режимінде

U2 = 1,0Uном.                                                       (6.9)