Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эсис оқу құралы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

5.3 Апаттан кейінгі режимдерде жиілікті реттеу

 Жиіліктің едәуір ауытқуымен байланысты апаттан кейінгі режим негізінде келесі себептермен пайда болуы мүмкін:

          а) өндіруші қуаттың бір бөлігі ағытылғанда және барлық энергия жүйесінде активтік қуаттың жетіспеуі пайда болғанда;

б) жүйенің бөлігі өндіруші қуаттың жетіспеуінен бөлінгенде электрберілістің жүктелген жүйаралық желілерінің немесе жүйеқұраушы желілердің бір қатары апатты ағытылғанда;

в) бірлестік жүйелері біреуінің генераторлар бөлігі ағытылғанда, осыған байланысты жұмыста қалған генераторлар орнықтылығының бұзылуында және жүйеаралық немесе жүйеқұраушы желілердің одан кейін ағытылуында.

Егер апаттың нәтижесінде ағытылған генераторлардың қуаты жүйенің барлық станцияларындағы резервтен артық болса, онда жиілік номиналдыға дейін қалпына келмейді. Қуаттың едәуір жетіспеуінде жиіліктің төмендеуі үлкен болуы мүмкін, бұл жиіліктің көшкінін тудыруы мүмкін. Оны болдырмау үшін автоматты тезәсерлі шаралар қолданылу керек.

         Жиілікті қалпына келтіру автоматты жиіліктік жүктемені азайту (АЧР) жолымен іске асады, мұнда тұтынушылардың бір бөлігі ағытылады. Бұл тұтынушылардың бір бөлігін әдейі ағыту өндіретін қуаттарды жұмыста қалдырып, жүктемелердің көбісінің электрмен жабдықтауын сақтайды.

        АЧР әсеріндегі жиіліктің өзгеру процесін қарастырайық (5.7 сур. қараңыз).

5.7 Сурет

 Мұнда Ргс – жүйенің өндіретін бөлігінің жиіліктік сипаттамасы, ал Рн  - жүктеменің статикалық сипаттамасы. Энергия жүйесі резервсіз Ргсо жүктемесімен жұмыс істеді және жиілігі номиналдыға тең болды fн. Бұл режим «а» нүктесімен сипатталады, мұнда Ргсо = Рн. Апаттың нәтижесінде өндіретін қуат ∆Рг ағытылып қалды делік. Онда жүйенің өндіретін бөлігінің сипаттамасы Ргс1 жағдайына ығысады және жиілік жүктеменің статикалық сипаттамасына сәйкес f1 дейін төмендейді (б нүктесі). Жиілікті номиналдыға дейін көтеру үшін жүктеменің бір бөлігін АЧР көмегімен ағытып тастау керек: ∆РАЧР = ∆Рг. Бұл статикалық сипаттаманы өзіне қатарлас Рн1 жағдайына көшірумен көрсетілген (в нүктесі). Мұндай ағытуда өндіретін қуат тұтынатыннан артық болады, және жиілік «вг» түзуімен қалпына келеді. г нүктесінде жаңа өндіруші және тұтынушы қуаттарда номиналды жиілік орнатылады.

Егер АЧР ағытылған өндіруші қуаттан аз жүктемені ағытса (д нүктесі), онда жиілік өседі, бірақ номиналдыға дейін жетпейді (е нүктесі) және f2 тең болады.

Шамасы 46 Гц және төмен жиілікте пайда болатын жиілік көшкінін болдырмау үшін АЧР көмегімен жиілікті қалпына келтіру жиіліктің 48 – 48,5 Гц және төменге дейін түскенінде жасалыну керек.

Жиілік төмендегенде артық ағытылулар болмас үшін всю систему АЧР барлық жүйесін екі категорияға бөледі (АЧР I және АЧР II), олардың әрқайсысы бірнеше кезектердің түрінде жасалынады. АЧР I кезектердің бір – бірінен жиілік ұстамаларымен айырмашылығы бар. Жиілік бойынша жоғары ұстаманы 48,5 Гц жоғары емес, ал төменгіні 46,5 Гц төмен емес қабылдайды. Көрші кезектер арасындағы дерені шамамен 0,1 Гц қабылдайды. Уақыт бойынша бірегей ұстама минималды жасалынады (0,1 – 0,15 сек). АЧР II кезектердің тек уақыт ұстамаларымен айырмашылығы бар. Бастапқы ұстама 5 –10 сек араларында, ал соңғысы 60 – 70 сек таңдалады. Көрші кезектер арасындағы дере шамасы 3 сек тең қабылданады. Жиілік бойынша АЧР II үшін бірегей ұстама АЧР I жоғары ұстамасына тең болу керек немесе біршама жоғары.

 Жиілік төмендегенде АЧР I 1 кезегінің тұтынушылары ағытылады. Егер жиілік одан әрі төмендей берсе, жиілік бойынша ұстамасы аз АЧР I екінші кезегі іске қосылады және т.б. Мұндай АЧР «өздігінен баптанатын» жүйесі пайда болған жетпейтін қуатқа тең тұтынушылардың қуатын ағытуды қамтамасыз етеді.

 Егер АЧР I әсерінен кейін жиілік қалпына келмесе, уақыт ұстамаларымен АЧР II кезектері іске кіріседі және қосымша тұтынушылар ағытылады. Мұнда АЧР II жиіліктің «қалықтауын» («зависание») болдырмайды. АЧР II де тұтынушылар апат дамығанда қуаттың жетіспеуі баяу көбейгенде ағытылады.

 Активтік қуаттың жетіспеуі пайда болғанда және АЧР әсерінен жиіліктің уақытта өзгергені 5.8 суретінде көрсетілген. О нүктесі қуат жетіспеуі пайда болған уақыттың бастапқы сәтін сипаттайды. Мұнда 0 – 1 қисығы бойынша жиілік төмендейді. Жиілік өзгеруінің біршама баяулығы жүйе инерциясымен түсіндіріледі. 1 нүктеде f1 жиілігі АЧР I бірінші кезегінің ұстамасына жетеді және тұтынушылардың біршама бөлігі ағытылады. Егер мұнда қуаттың біршама жетіспеуі сақталса, онда жиілік одан әрі төмендейді, бірақ 1 – 2 баяу қисығы бойымен. 2 нүктеде f2  жиілігінде АЧР I екінші кезегінен тұтынушылардың қосымша ағытылуы болады.

Жеткілікті ағытылған жүктемеде генераторлар қуаты тұтынушылардың қуатынан асса, жиілік өсе бастайды (2 – 3 қисығы). Өндіруші және тұтынатын қуат бірдей болғанда жиілік АЧР ұстамаларының арасында қалуы мүмкін (2 – 4 қисығы). Жиіліктің «қалықтауы» пайда болады. Онда біршама уақыттан кейін 4 нүктеде АЧР II бірінші кезегі іске қосылады,  одан кейін жиілік өседі (4 – 5 қисығы). Егер жиілік қалпына келмесе, АЧР II екінші кезегі іске қосылады және т.б.