Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эсис оқу құралы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

6.3 Сурет

220 кВ және жоғары автотрансформаторлар орта кернеу орамының желілік соңында ендірілген РПН шығарылады. Бұл жағдайда тек жоғары және орта кернеудің орамдары үшін трансформация коэффициентін жүктеме барда өзгертуге болады. Егер жоғары және төменгі кернеулер орамдарының арасында трансформация коэффициентін жүктеме барда бір уақытта өзгерту қажет болса, онда автотрансформатордың төменгі кернеу орамымен тізбектеп қосымша желілік реттеуішті орнату қажет. Экономикалық тұрғыдан бұндай шешім екі ендірілген РПН құрылғылары бар автотрансформаторларды жасағаннан тиімді.

6.6 Торап параметрлерін өзгертіп кернеуді реттеу

 

Тұтынушылардың кернеуі тораптағы кернеу шығынының шамасынан тәуелді, ол өз кезегінде торап параметрлерінен тәуелді. Қоректендіруші тораптарда, хо > rо жағдайында, кернеудің құлауы көбінесе қимадан тәуелділігі аз желінің реактивтік кедергісімен анықталады. Реактивтік кедергіні өзгертуді кернеуді реттеуге қолданады. Тораптағы кернеудің шығыны өрнекпен анықталады

.

 Реактивтік кедергіні өзгерту үшін желіге конденсаторларды қосу қажет. Мұнда желідегі кернеу шығыны

.                                                (6.10)

 Конденсаторларды желіге тізбектеп қосуды бойлық өтемдеу дейді. Бойлық өтемдеу қондырғысы (УПК) индуктивтік кедергіні өтемдеуге және желідегі кернеу шығынын азайтуға мүмкіндік береді (6.4 сур. қараңыз).

6.4, б сур. УПК бар желінің токтары мен кернеулерінің векторлық диаграммасы берілген. Конденсатордағы кернеудің құлау векторы Uк = jIXк (сс1 қиындысы) фаза бойынша 180 желінің индуктивтік кедергісіндегі кернеудің құлау векторына байланысты ығысқан Uк = jIX (вс қиындысы). Осыған сәйкес желідегі кернеудің шығыны   аd1 қиындысымен анықталады (конденсаторлары жоқ желіде аd орнына).

Сонымен, желіге тізбектеліп қосылған конденсаторлар оның индуктивтік кедергісінің бөлігін өтемдейді және сонымен желідегі кернеу шығынының реактивтік құраушысын азайтады.

УПК үшін пайызбен өрнектелген конденсаторлардың сыйымдылық кедергісінің желінің индуктивтік кедергісіне қатынасы өтемдеу дәрежесі деп аталады

.                                                          (6.11)

Іс жүзінде желінің (С < 100%) реактивтік кедергісінің толық емес өтемдеуін қолданады. Әдетте таратушы тораптарда толық немесе артық өтемдеу қолданылмайды (С >100%), өйткені бұл торапта асқын кернеулердің пайда болу мүмкіндігімен байланысты.

УПК қолдану тораптарда кернеулердің режимдерін жақсартады. Асқын жүктелген радиалды желілерде УПК қолдану кернеудің ауытқуларын төмендетуге тиімді.

6.7 Реактивтік қуаттың ағындарын өзгертіп кернеуді реттеу

 

Реактивтік қуат тек станциялардың генераторларымен емес, реактивтік қуаттың басқа көздерімен, өтемдеуші құрылғылармен КУ өндірілуі мүмкін, олардың ішінде конденсаторлар батареялары, синхронды өтемдеушілер (қозғалтқыштар) бар.

Тораптағы қондырғы үшін КУ қуаты электр жүйесінің тиісті түйініндегі реактивтік қуаттың теңгерімін ескеріп, арнаулы техникалық – экономикалық есептермен анықталады. КУ қондырғысы тораптағы және электрэнергия тұтынушыларындағы кернеу режимін жақсартуға мүмкіндік береді.

6.5, а  сур. кедергілері R және X желісінен тұратын электр торабының қарапайымдалған сұлбасы келтірілген. Желінің соңында жүктемеге қатар реактивтік қуатты jQк өндіретін басқарылмайтын конденсаторлар батареясы БК қосылған. БК қосқанда желімен Qб - Qк тең аз реактивтік қуат жеткізіледі, бұл осы торапта кернеудің шығынын төмендетеді және кернеулер режимін өзгертеді.