Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эсис оқу құралы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

4.2 Сурет – Жүктемесі соңындағы желінің векторлық диаграммасы

 Сосын А нүктесінен І тогының векторына қатар желінің активтік кедергісіндегі кернеудің құлау векторын IR (АВ) және оған 90 бұрышпен озу жағына реактивтік кедергідегі кернеудің құлау векторын IX (ВС) салады. А нүктесін С нүктесімен қосып, қарастырылатын желідегі кернеудің толық құлауының векторын алады IZ (АС). U1ф кернеуін табу үшін С нүктесін координат басымен жалғайды, желі басындағы фазалық кернеудің векторын алады U1ф (ОС).

 Желідегі кернеудің құлауы

                                      IZ =

  құраушыларға бөлінуі мүмкін:

а) бойлық ΔUф = АD

 б) көлденең δ Uф = DC,

 яғни IZ = ΔUф + jδ Uф.

      Осы құраушыларды анықтайды. Ол үшін В және С нүктелерінен екі өске перпендикулярлар түсіреді. Нәтижесінде қиындыларды алады:

АЕ = IRcosφ; ED = BF = IXsinφ;

                             CF = IXcosφ;      BE = DF = IRsinφ.

 Осыдан бойлық құраушы

     

ΔUф = AD = AE + ED = IRcosφ + IXsinφ = IаR + IrX,                   (4.1)

     δUф = DC = CF - DF = IXcosφ - IRsinφ = IаX - IrR.                    (4.2)

 Желінің басындағы кернеу

U1ф = U2ф + ΔUф + jδUф,

ал кернеудің модулі

                                      (4.3)

 Диаграмманы құрудың нәтижесінде жоғарыда желідегі кернеудің толық құлауының векторы алынды. Кернеудің құлауы деп желінің басы мен соңындағы потенциалдардың геометриялық айырмашылығын түсінетінін айту керек.

35 кВ және төмен тораптарды есептегенде әдетте желінің басындағы кернеуді кернеудің құлауы емес кернеудің шығыны бойынша анықтайтын жеңілдіктер енгізіледі. Кернеудің шығыны деп желінің басы мен соңындағы кернеулердің абсолюттік мәндерінің алгебралық айырмашылығын түсінеді.

        Кернеудің шығынын анықтау үшін диаграммада ОС қиындысын айғақты өспен біріктіреді (ОС1 қиындысы).

            АС1 = ОС1 - ОА = U1ф – U2ф қиындысы кернеу шығынын көрсетеді.

35 кВ және төмен тораптар үшін U1ф және U2ф арасындағы бұрыштар өте аз болғанда DС1 қиындысы да аз, онда кернеудің шығыны шамамен кернеу құлауының бойлық құраушысына тең деп санауға болады

АD ≈ AС1 ≈ ΔUф≈ IRcosφ + IXsinφ.                                (4.4)

 Желілік кернеудің шығыны

ΔU = ΔUф = I(Rcosφ + Xsinφ).                                  (4.5)

    Желілік кернеулердің векторлық диаграммасы фазалық кернеулердің диаграммасына ұқсас болады.

Жүктемені активтік және реактивтік қуатпен Р + jQ көрсеткенде кернеу шығынының шамасы анықталады

және

,

онда, осы мәндерді (4.5) қойып, алады

,

 немесе              

.                                                                    (4.6)

  Жиі есептерде тұтынушылардың кернеуі белгісіз болады, онда желінің соңында іс жүзіндегінің орнына номиналды кернеуді қабылдауға болады

.                                                 (4.7)

  Жүктемесі бірнеше торапты есептегенде кернеу шығынының шамасы тораптың барлық айланындағы кернеу шығындарының қосындысы болып анықталады

.                                                 (4.8)