Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эсис оқу құралы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

4.6 Сурет

  2 нүктеге қуат екі жақтан келеді. Бұл нүктені токтың бөліну нүктесі дейді және ол суретте қарайтылған үшбұрышпен белгіленген.

          Түйінді нүктелерде кернеулерді есептеу үшін шартты түрде сұлбаны (4.6, а сур. қараңыз) ағын бөлінетін нүктеден кеседі (4.6, б сур. қараңыз).

Екі тәуелсіз бөліктен тұратын сұлба алынды, олардың әрқайсысы тарсырылған жүктемелері және жалпы қорек көзінің шиналарындағы UA = UB кернеулері бар тұйықталмаған торапты сипаттайды. Онда, сақиналы тораптың одан әрі жасалатын есебі тұйықталмаған тораптардікіндей басының деректері бойынша жасалу керек. 110 - 220 кВ тораптар үшін қуаттың щығындары ескеріледі және түйінді нүктелердегі кернеулер анықталады. 35 кВ және төмен тораптар үшін кернеулер қуат шығындарын ескермей есептеледі.

Бір қатар жағдайларда есептің бірінші кезеңінен кейін ағын бөлінуінің екі нүктесі болуы мүмкін: біреуі активтік, басқасы реактивтік қуатпен (4.7, а сур. қараңыз).

2 нүктесі – активтік қуат үшін ағын бөліну нүктесі, ал 3 нүкте – реактивтік қуат үшін. Бұл жағдайда сақиналы торап ағын бөліну нүктелерінде кесіледі және екі тұйықталмаған желі болып көрсетіледі (4.7, б сур. қараңыз).

 Бұл жағдайда ағын бөліну нүктелерінің арасындағы айланда қуаттың шығындары анықталады

 2 нүктедегі жүктемені қабылдайды

=Р2+ jQ2=P||+ j(Q||+ΔQ|||),

  3 нүктеде

=Р3+ jQ3= P||+ ΔP|||+ jQ|V.

4.7 Сурет

 Одан әрі есепті екі тұйықталмаған тораптардікіндей жүргізеді.

Алдын ала есептерді жүргізгенде, яғни сымдардың қималары белгісіз болғанда, тораптың барлық айландарындағы сымдар қималарының теңдік шартын қабылдайды. Бұл жағдайда

қатынасы және есепті айландар ұзындығы бойынша жүргізуге болады. Мұнда (4.26) формулалары болады

 

.                                                         (4.27)

4.5 Қорек көздерінің айырмашылығы бар кернеулерінде екі жақтан қоректенетін желілердің режимін есептеу

 Соңдарында кернеулері әртүрлі екі жақтан қоректенетін желі қуаттың тәуелсіз көздері бар электр тізбектерінің санына жатады. Мұндай желілерді есептеу үшін беттестіру қағидасы пайдаланылады.

4.8 суретінде (а) UA = UBболғанда екі жақтан қоректенетін желінің бастапқы сұлбасы және беттестіру қағидасына сәйкес алынған екі сұлба (б, в) келтірілген. Мұнда В шиналарында кернеудің екі құраушысы көрсетілген, олардың біреуі А шиналарындағы кернеуге тең, яғни

= +Δ                                                    (4.28)

4.8 Сурет

 

         Бастапқы сұлбада токтар токтардың екі жүйе қосындысының нәтижесі ретінде қарастырылады, олардың біреуі ΔЕ = 0 болғанда = кернеулерінің әсерімен анықталады (4.8, б сур. қараңыз), ал басқасы = = 0 болғанда қосымша э.қ.к. ΔЕ әсерінен пайда болады (4.8, в сур. қараңыз). Келтірілген сұлбалар бастапқы сұлбаның режимін дәл есептеуге мүмкіндік береді.

         Егер 4.8, б суретіндегі сұлба үшін 1 және 2 нүктелеріндегі кернеу номиналдыға тең десек, онда осы сұлбаны есептеу үшін сақиналы сұлба үшін алынған формулаларды пайдалануға болады. 4.8, в суретіндегі сұлбаны есептегенде 1 және 2 түйінді нүктелердің жүктемелерін сұлбадан шығарып тастауға болады (токтар тармақтарда ақпайды), ал желіде ΔЕ қосылған әсерінен пайда болған тек теңестіруші ток ағады

  .                              (4.29)

Екі есепті беттестіру нәтижесінде желінің бас айландарындағы қуаттарды алады

                           ,

                           .

 Жалпы жағдайда n жүктемелерде (4.29) ескергенде бұл формулалар жазылуы мүмкін

,                                        (4.30)

.                                (4.31)

Одан әрі есеп ағын бөліну нүктесін және сақиналы тораптардағыдай түйінді нүктелердегі кернеулерді анықтаумен аяқталады.