Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эсис оқу құралы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

6.5 Трансформаторлардың және автотрансформаторлардың трансформация коэффициенттерін өзгертумен кернеуді реттеу

 

Трансформаторлардың және автотрансформаторлардың негізгі тармақтарынан басқа қосымша реттеуші тармақтары бар. Бұл тармақтарды өзгертіп, трансформация коэффициентін өзгертуге болады (10–20 % шектерінде).

Қиыстырмалық жасалынуы бойынша трансформаторлардың екі типін айырады: қоздырусыз реттеуші тармақтарды ауыстырып қосып, яғни тораптан ағытып тастап (ПБВ бар трансформаторлар); жүктемесі барда реттеуші тармақтарды ауыстырып қосып (РПН бар трансформаторлар). Реттеуші тармақтар трансформатордың жоғары кернеу жағында жасалынады. Мұнда ауыстырып қосатын құрылғы жеңілдейді.

Қазіргі уақытта барлық 35 кВ және жоғары трансформаторлардың РПН құрылғылары бар. ПБВ бар трансформаторда реттеуші тармақты ауыстырып қосу үшін оны тораптан ағытып тастау керек. Мұндай ауыстырып қосулар тек жүктемелер маусымда өзгергенде сирек жасалынады.

ПБВ бар трансформаторлар негізгі және бірнеше қосымша тармақтарымен жасалынады. Негізгі тармақтың кернеуі осы трансформаторлар қосылатын тораптың номиналды кернеуіне тең (6, 10 кВ). Негізгі тармақтағы трансформатордың трансформация коэффициенті номиналды деп аталады. Төрт қосымша тармақтарды пайдаланғанда трансформация коэффициентінің номиналдыдан +5; +2,5; -2,5 және –5% айырмашылығы бар.

РПН құрылғысы ендірілген трансформаторлардың ПБВ бар трансформаторлардан айырмашылығы – оларда арнаулы ауыстырып қосатын құрылғы, реттеуші тармақтар сатыларының көбейтілген саны және реттеудің дере шамасы бар. Мысалы, ЖК орамының негізгі тармағының номиналды кернеуі 115 кВ трансформаторлар үшін әрқайсысы 1,78% ± 9 реттеу сатыларында ± 16% реттеу дерелері қарастырылады.

6.2 суретінде РПН бар трансформатордың қағидалы сұлбасы берілген. Бұл трансформатордың ЖК орамы екі бөліктен тұрады – реттелмейтін «а» және реттелетін «б».

Реттелетін бөлігінде 1-4 жылжымайтын түйіспелеріне тармақтар қатары бар. 1-2 тармақтары негізгі орамның тармақтарымен үйлесіп қосылған тармақтар бөлігіне сәйкес келеді. 1-2 тармақтарын қосқанда трансформатордың трансформация коэффициенті көбейеді. 3-4 тармақтары негізгі орамның тармақтарына қарсы қосылған тармақтардың бөлігіне сәйкес келеді. Оларды қосқанда трансформация коэффициенті азаяды, өйткені негізгі орамның тармақтар бөлігінің әсері өтемделеді. Трансформатордың ЖК орамының негізгі шықпасы 0 нүктесі. Негізгі орамның тармақтарымен үйлесіп және қарсы әсер жасап тұрған тармақтардың саны бірдей болмауы мүмкін.

6.2 Сурет

 Орамның «б» реттелетін бөлігінде «в» және «г» жылжымалы түйіспелерінен,  К1 және К2 түйістіргіштеріне және Р реакторынан тұратын ауыстырып қосқыш құрылғысы бар. Реактор орамының ортасы трансформатордың «а» орамының реттелмейтін бөлігімен жалғанған. Айнымалы режимде ЖК орамының жүктеме тогы реактор орамының жартылары арасында тең бөлінеді. Сондықтан магнит ағыны аз және реактордағы кернеу шығыны көп емес.

РПН құрылғысын 2 тармақтан 1 ауыстырып қосу қажет делік. Мұнда К1 түйістіргішін ағытады, «в» жылжымалы түйіспесін 1 тармақтың түйіспесіне көшіріп, К1 түйіспесін қайтадан қосады. Сонымен, орамның 1-2 секциясы Р реакторының орамына тұйықталады. Реактордың едәуір индуктивтігі орамның 1-2 секциясында кернеу болуының нәтижесінде пайда болатын теңестіру тогын шектейді. Осыдан кейін К2 түйістіргішін ағытады, жылжымалы түйіспені тармақтың 1 түйіспесіне ауыстырады да К2 түйістіргішін қосады.

Реакторды және барлық жылжымайтын және жылжитын түйіспелерді, ауыстырып қосқыш құрылғыларды трансформатордың багында орналастырады. Түйістіргіштерді маймен толтырылған және трансформатор багының сыртында бекітілген бөлек болат қаптамада орналастырады. Мұндай қиыстырма түйістіргіштерді ревизия жасауды және майды ауыстыруды жеңілдетеді.

Жүктеме барда реттеуіші жоқ трансформаторлары бар жұмыс атқарып тұрған тораптарды қайта құрғанда желілік реттеуіш трансформаторларын (ЛР) пайдаланады. Кернеуді реттеу үшін олар реттелмейтін трансформатормен тізбектеліп қосылады (6.3, а сур.). Шығатын желілерде кернеуді реттеу үшін желілік реттеуіштер тікелей желіге қосылады (6.3, б сур.).