- •«Металлургия» кафедрасы
- •Мазмұны
- •1 Уран жаратылысы
- •1.1 Жер қыртысындағы уран
- •1.2 Уранның көп таралу жолдары
- •1.3 Уран геосфераларын құру
- •1.4 Уран пегматиттері
- •1.5 Тау жыныстарында кездесетін уран түрлері
- •1.6 Уранның маңызды минералдары
- •1.7 Уранды минерализациялау
- •1.7.1 Уранды минералдарды классификациялау
- •1. Бақылау сұрақтары
- •2 Уранның физика-химиялық қасиеттері
- •2.1 Уранның физика-химиялық қасиеттерінің жалпы сипаттамасы
- •2.2 Уранның негізгі қосындылары
- •2.2.1 Уран гидриді
- •2.2.2 Уран оксиді
- •2.2.3 Уран фторидтері
- •2.3 Сулы ерітінділерінен алынатын уран қосылыстары
- •2.4 Уранил нитраты
- •2.5 Уранил сульфаты
- •2.6 Уранил оксалаты
- •2.7 Уранды кеннің жалпы сұлбасы
- •2. Бақылау сұрақтары
- •3 Уранды кен орындары
- •3.1 Уранның қалдықты (тұнбаланған) кен орындарын құру
- •3.2 Уранның гидротермальды кен орындары
- •3.3 Уран өндіру әдістері
- •3.3.1 Дағдылы әдіспен өнім өндіру
- •3.3.2 Жерасты шаймалау әдісімен өнім өндіру
- •3.4 Қазақстанда орналасқан уранның кен орындары
- •3.4.1 «Cтепное» кен орыны
- •3.4.2 «Центральноe» кен орыны
- •3.4.3 «№6 Кен басқармасы» кен орыны
- •3.5 Уранды қайта өңдеу кен орыны
- •3.5.1 Солтүстiк Қазақстан кен орыны
- •3.5.2 Грачев және Косашы кен орындары
- •3.5.3 Көксор, Шат, Глубинное, Ағаш кен орындары
- •3.5.4 Есiл, Шоқпақ, Қамыс кен орындары
- •3.5.5 Оңтүстiк Қазақстан кен орыны
- •3.5.6 Қордай кен орыны
- •3.5.7 Ботабұрым мен Жусандала кен орындары
- •3.5.8 Қызылсай кен орны
- •3.6 Уран кендері құрылысының ерекшеліктері
- •3. Бақылау сұрақтары
- •4 Уран кендерін байыту
- •4.1 Уран кендерін байытудың ерекшеліктері
- •4 Бақылау сұрақтары
- •5 Шаймалау үрдісін анықтау
- •5.1 Уранды шаймалау үрдісін анықтау
- •5.2 Шаймалау үрдісінің кинетикасы
- •5.3 Уран кендерін қысым астында қышқылды шаймалау
- •5.4 Уранды кенді карбонаттық шаймалау
- •5.4.1 Карбонаттық шаймалаудың химиясы
- •5.5 Қышқылдық шаймалау
- •5.5.1 Уранның үштотығын шаймалау
- •5.5.2 Уран диоксидін шаймалау
- •5.6 Жерасты шаймалау
- •5.7 Бактериялық шаймалау
- •5.7.1 Бактериялық шаймалаудың физика- химиялық негіздері
- •5.7.2 Бактериялық шаймалаудың шарттары
- •5.8 Уран кендерін шаймалау техникасындағы қазіргі заманғы беталысы (бетбағыты)
- •5. Бақылау сұрақтары
- •6 Урандық ерітінділерді қайта өндеудің собциялық әдістері
- •6.1 Ион алмасу сорбциясының физика-химиялық негіздері
- •6.2 Уран технологиясындағы ион алмасы шайырларына қойылатын талаптар
- •6.3 Иониттердің ғылыми классификациясы
- •6.4 Уранды ерітінділерден сорбциялаудың негізгі заңдылықтары
- •6.5 Уранның күкірт қышқылды ерітінділерден сорбциясы үшін аниониттер мен катиониттердің қолданылуы
- •6.5.1 Күштінегізді анионнттермен сорбциялау
- •6.5.2 Күшті қышқылды катиониттермен сорбциялау
- •6.5.3 Екінші класты ионитгермен сорбциялау
- •6.6 Уранды ерітінділерділерден сорбциялаудың технологиялық нобайлары
- •6.7 Кендік қоймалжындардан уранды сорбциялық бөліп алу
- •6.7.1 Уранды қоймалжыңнан cорбциялаудың шет елдік тәжірибесі
- •6.7.2 Қазақстандағы уранды коймалжыңнан бөліп алудың сорбциялық технологиясының дамуы.
- •6.8 Карбонаттық ерітінділер мен қоймалжыннан уранды бөліп алу үшін ион алмасу шайырларын қолдану
- •6.9 Ионалмасу сорбциялық үрдістеріне арналған қондырғылар
- •6 Бақылау сұрақтары
- •7 Уранды экстракциялаудың физика- химиялық негіздері
- •7.1 Экстракцияның жалпы сипаттамасы
- •7.2 Экстракциялық жүйелерге фазалар ережелерін қолдану
- •7.3 Экстракция кезіндегі фазалық таралу заңы
- •7.4 Уран қосылыстарының экстракциясының механизмімен экстрагенттердің классификациясы
- •7.5 Сұйылтқыштар
- •7 Бақылау сұрақтары
- •8. Уран технологиясындағы аффинаж
- •8.1 Уран қосылыстарындағы «ядорлық тазалық» түсінігі
- •8.2 Уран қосылыстарының «ядорлық тазалық» дәрежелері
- •8.3 Уран технологиясындағы аффинаж әдістері
- •8.3.1 Асқын тотықтық тазалау
- •8.3.2 Карбонаттық тазалау
- •8.3.3 Уранның экстракциялық аффинажы
- •8.5 Англиядағы уран аффинажы
- •8.6 Франциядағы уран аффинажы
- •8.7 Уран аффинажы үшін басқа экстрагенттерді қолдану мүмкіндігі
- •8. Бақылау сұрақтары
- •9. Уран металлургиясы
- •9.1 Металдық уран және оның қасиеттері
- •9.2 Металдық уран алудың әдістері
- •9.3 Уран металлтермиясының термодинамикалық негіздері
- •9.4 Металдық уранды, оның өзінің тотықтарынан өндіру
- •9.5 Металдық уранды уран тетрафторидінен өндіру
- •9.5.1 Уран тетрафторидін кальциймен тотыксыздандыру
- •9.5.2 Үздіксіз металтермиялық тотықсыздандыру
- •9.5.3 Уран тетрафторидін магниймен тотықсыздандыру
- •9.6 Рафинадтық балқыту
- •9.6.1 Тотыксыздандырғыштық және рафинадтық балқыту үрдістерін бір аппаратта біріктіріп жүргізу (дингот-үрдісі)
- •9.7 Жылу бөлгіш элементтерді (жбэл-ді) дайындау
- •9.8 Металлургиялық өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу
- •9 Бақылау сұрақтары
- •10 Қоршаған ортаны қорғау
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •5В070900 мамандығыының студенттері үшін
5.5.1 Уранның үштотығын шаймалау
Уранның үштотығын UO3-ті күкірт қышқылы ерітіндісінде шаймалау тез және жеңіл өтеді. Реакция үшін мынадай термодинамикалық мән сәйкес:
ΔG 0298=20 ккал/моль-ге тең.
Реагенттің концентрациясы [UO2+2]= =0,01 М және [Н+]=0,01 М (рН=2) болуын тәжірибеде қолданады:
Мәні шаймалау реакциясы өтуге қолайлы. Бірақ реакцияны жәй түрде жазу онша дұрыс болмайды.
Сусыз сульфатты осы жағдайда алу мүмкін емес. Қазіргі химия тұрғысында бірнеше бір-бірімен генетикалық байланысқан аквакомплекстер: катиондық комплекстер [UO2(Н20)6]2+; бейтарап комплекстер [UO2(Н2O)4SO4]0; [UO2(Н2O)3SO4]0; [UO2(Н2O)2SO4]0; [UO2(Н2O)SO4]0п болатындығы жорамалданған. Бұл комплекстердің түзілуі уран мен қышқылдың активтілігімен (судың активтілігімен) және температурамен анықталады. Уран үш тотыгының күкірт қышқылында еру реакциясының өте күрделі аквакомплекс түзетінін ескере отырып, оны мынадай теңцеумен өрнектеуге болады:
UO3+3H2O+H2SO4→[UO2(H2O) 4SO4]0
Мұнда, акватобының сульфат тобымен теңдес екендігі дәлелденген.
Аквакомплекстердің түзілуі термодинамика бойынша басқа комплекс түзілуі сияқты уран үштотығының еру реакциясының өтуіне көмектеседі, себебі ΔG-ның теріс мәні өседі және тепе-теңдік оңға жылжиды.
[UO2(H2O)4SO4]0формуласының UO2SO4-тен айырмашылығында принциптік мән бар, әсіресе сорбциялау, элюирлеу, экстракция, реэкстракция т.б. механизмдерін қарастырғанда. Уранның (VI) барлық қосылыстар құрамында U6+ емес, UO22+ - уранил тобы бар, ол химиялық тұрақты және реакция жүргенде толық түзілген қосылыс құрамына кіреді.
Мұндай жоғарғы беріктілік уран атомында 6d және 5f-орбита санының кептілігімен түсіндіріледі, оның бір бөлігі бос күйінде қалады және уран мен оттегі арасында ковалентті байланыс түзіледі: 0=U=0.
Уранның
толмаған орбита саны, сонымен қатар екі
оттегінің айырылмаған электронының
қосымша әрекеттесуі мүмкіндігінен
косымша қысқа байланыс түзіледі:
Комплексті қосылыстар уранил тобын сақтайды, яғни орталық ион - U6+ емес, UO22+ деп саналады, бұл өте маңызды. Оттекті лиганда мен уранил-ионы арасында комплекс түзу реакциясы тиімді өтеді, әсіресе сулы ерітіндіде. Уранил ионы бар қосылыстарда лиганданың ығыстыру қабілеттілігі қатысында сульфат-тобы оксалат-тобынан кейін орналасады Co2-3 > С2O42- > S042- > NO-3 және уранил-ионды комплексті қосылыстардың ішкі сферасында оны алмастыруға қабілетті. Сол себепті, сульфатты қосылыстар карбонатты және оксалатты комплекстерге қарағанда тұрақсыз. Уранил-ионы үшін координациялық сан - 6 максималды, себебі кейбір сульфатты қосылыстарда ол координациялы-қанықпаған деп саналады. Сульфат және бисульфат иондарымен уранил-ионы уранил-сульфат ерітіндісінде аквакомплекстер түзеді. Түзілген аквасульфатты қосылыстар құрамында сульфат тобымен қатар аква-алмастырғыш, ал кейбір жағдайда гидрототықтық алмастырғыш болады [14].
5.5.2 Уран диоксидін шаймалау
Құрамында ураны бар кендерде алты валентті ураннан (UO3) басқа, қосылыстары UO3-ке қарағанда тіпті жоғары концентрациялы қышқылдарда да едәуір қиынырақ ериті, төрт валентті уран (UO2) болады. Күкірт қышқылының сұйытылған ерітінділерінде (UO2) іс жүзінде ерімейді, термодинамикалық деректерге (∆G=+12,56кДж/моль) сәйкес болып келеді. Сондықтан, егерде бастапқы кеннің құрамында U(IV) (уранинит,настуран және т.б) болса, онда уранды ерітіндіден жақсылап бөліп алуды қамтамасыз ету қиынға түседі. Бұл жағдайда, ерітіндіге жеңіл өтетін U(IV)-ға ауыстыру үшін тотықтырғыш U(IV) -ды пайдалану керек болады. Тотықтырғыш ретінде HNO3, NaNO3, пиролюзит (MnO2), натрий хлоратын (NaClO) қолданады. Қышқылдық ерітінділерде ауа оттегісі нашар тотықтырғыш болып шықты, тіпті автоклавтарда қысыммен шаймалау кезінде де, өйткені UO2-тің бетінде адсорбцияланған оттегінің оны тотықтыру дәрежесі өте аз болды. Пиролиз ең қолайлы және арзан тотықтырғыш болып саналады. Уран кендері күкірт қышқылды шаймалау процесіне кеннің бір тоннасы, есеппен, 15-20 кг пиролизит қосу уранды ерітіндіге бөліп алу дәрежесін 85%-дан 97%-ға дейін өсірді.
U(IV)- ның тотығу процесін былайша көрсетуге болады:
1) UO2 кг+ MnO2кг+ H2SO4 cулы → UO3кг + MnSO4 cулы+ H2O cулы
2) UO3кг+ H2SO4 cулы → UO2 SO4 cулы+ H2O cулы
Көрсетілген реакция өте баяу жүреді, бірақта оттегіні пиролюзиттен уранға тасмалдағыш ретіндегі үш валентті темір иондарының қатысуымен реакция жылдамдығы бірнеше есе өсіріледі.
Тікелей тотықтырғыш болып табылатын Fe3+ тәжірибемен анықталады, және процесс мына сұлба бойынша жүреді:
3) UO2 кг +2 Fe3+ cулы → UO22+ cулы+2 Fe2+ cулы
4) 2 Fe2+ cулы+ MnO2кг +4H+ сулы+2 Fe3+ cулы+ Mn2+ cулы+2H2O cулы
Бірақта мұндай еру механизмі тым жоғары тотығу-тотықсыздану Mn2+/ MnO2 жағдайымен, Fe2+/Fe3+-пен салыстыру бойынша, қарама-қайшылықта болатындай, бұл келесі деректерден көрініп тұрғандай:
Fe2+ cулы ↔ Fe3+ cулы + ē Е0=0,75в
Mn2+ cулы+2H2O ↔ MnO2кг+4H+ сулы + 2 ē Е0=1,22в
Ұсынылған сұлбадан көрініп тұрғаны, ол пиролюзиттің (MnO2) тотықтырғыш қабілеттілігі Fe3+-ге қарағанда көп екендігі. Бірақта кенде қатты пиролюзиттің UO2-нен түйісуі азғантай (пиролюзит шығыны 15 - 20кг/т кеннің, ал кендегі уранның мөлшері 0,0 - 0,03%,сондықтан UO2-тің тотығуы ерітіндідегі үшвалентті темірдің иондарымен, жоғарыда көрсетілген сұлба бойынша, жеңіл іс жүзіне асырылады.
UO2 кг+2 Fe3+ cулы→ UO22+ cулы+2 Fe2+ cулы
Ал пиролюзиттің атқаратын ролі, сулы ерітіндідегі еківалентті теміриондарын сұлба бойынша үшваленттіге тотықтырудан тұрады:
2 Fe2+ cулы+ MnO2кг+4H+ сулы+2 Fe3+ cулы+ Mn2+ cулы+2H2O cулы
Ерітіндідегі темір ионы ураннан тотықтырғышқа электрондарды таратқыш рөлін атқарады.
Fe2+ + тотықтырғыш Fe3+ U4+ Fe2+ + тотықтырғыш Fe3+ және т.б.
Сонымен, кендегі темір мына сұлба бойынша жұмыс жасайтын өрнекті болып есептелінеді.
Нерне теңдеуіне сәйкес ерітіндідегі тотығу-тотықсыздану жағдайын анықтайтын, ерітіндідегі Fe3+: Fe2+ ≥1 қатынасы болғанда U (IV)-ды U (IV) -ға дейін толық тотықтыруға жететіндігі анықталды:
φ
= φ
0+
(5.4)
Мұндағы: φ0- жүйенің стандартты редокс-жағдай;
n - реакциядағы берілген электрондар саны;
φ - редокс-жағдайы
Темір иондардың қатысумен уранды ерітіндіге салыстырмалы жоғары бөліп алу үшін, ерітіндінің тотығу-тотықсыздану жағдайын 550мВ ұстап тұру қажет екендігі экспериментпен анықталады. Егерде φ>550мВ болса, онда тотықтырғыштың шығыны бостан-босқа болады, өйткені уранды бөліп алудың өсуі болмайды. Сондықтан қазіргі заманғы уран зауыттарында шаймалау барысында редокс-жағдайының бақылауына көбірек көңіл бөлу керек.
Уранды толықтап шаймалау үшін ерітіндінің белгілі бір қышқылдығы қажет. Әдетте қышқылдықтың өлшемі болып шаймалаудың соңындағы рН-тың мәні,ол шамамен рН≈-1ге тең. Өте жоғары рН болғанда уран оксидтерінің еруі ақырындайды, және оның кейбір қосылыстары тұнбаға түсе бастайды, сонымен рН=1,3-1,7 болғанда ерітіндіден тұнбаға түсетін уран арсенаты, рН=1,9-2,5 кезінде тұнбаға түсетін уранил фасфаты, рН=3,5-6,0 болғанда уранил карбонаты түседі, ал рН=3,8-6,0-да уранил гидрооксиді түседі және т.б.
Уран кендерін шаймалауға кететін қышқылдың жалпы шығыны шикізаттың минералогиялық құрамымен және шаймалау шарттарымен анықталады. Тәжірибедегі деректер бойынша кеннің бір тоннасына 30-дан 80 кг-ға дейін күкірт қышқылы шығындалады. Қышқылдың негізгі үлесі қосымшаларды ерітуге жұмсалады, әйтседе жоғары кремнийлі кендерді шаймалауда қосымшалардың ерітіндіге ауысуы салыстырмалы көп емес.
Жыныстың жеке құрауыштары күкірт қышқылының сұйытылған ерітінділерімен өзара әрекеттескенде ерітіндіге әр түрлі дәрежеде ауысады. Кремнезем бөлме температурасында күкірт қышқылымен әрекеттеседі.
n SiO2+n H2O = H2SO4 + [H2SiO3]n
Оның ерітіндіге ішінара ауысуы тек жоғары температураларда колоидтар [H2SiO3]n түзілумен байқалады. Қосымшалардың SiO2-ның күкірт қышқылды ерітіндіге ауысуы 1% -дай болады деп есептейді. Кеннің құрамындағы жербалшық (глиназем) сұйытылған күкірт қышқылының әрекетіне өте төзімді. Реакциясы:
AI2O3+3H2SO4=AI2(SO4)3+3H2O
Уранды шаймалау жағдайында шамалы жылдамдықпен жүреді және жербалшықтың (глиназемнің) ерітіндіге ауысуы 5%-дан аспайды.
Үш валентті темір оксиді ерітіндіге мына реакция бойынша ауысады:
Fe2O3+3H2SO4=Fe(SO4)3+3H2O
Барлығы 6-8%-ға. Сұйытылған қышқылдарда еківалентті темір мына реакция бойынша едәуір жақсы ериді:
FeO+H2SO4=FeSO4+H2O
Темірдің ерітіндіге ауысуы дәрежесі осы реакция бойынша 40-50%-ды құрайды. Кендердегі сульфид түріндегі темір күкірт қышқылды ерітінділермен өзара әрекеттеспейді. Темір карбонаты мына реакция бойынша ерітіндіге толығымен ауысады:
FeCO3+H2SO4=FeSO4+H2O+CO2
Кальций және магний карбонаттары, мына реакциялар бойынша, сұйытылған күкірт қышқылымен кальций және магний сульфаттарын түзе отыра әрекеттеседі:
CaCO3+H2SO4=CaSO4↓+H2O+CO2↑
MgCO3+H2SO4=MgSO4+H2O+CO2↑
Ерітіндіден гипстің негізгі массасы тұнбаға түседі. Жоғары ерігіштің себебінен магний сульфаты ерітіндіде қалады. Кендердегі фосфор фосфарит Ca3(PO4)2 немесе апатит Ca5(PO4)3F(CI) түрінде болады. Бұл минералдар сұйытылған Н2SO4-мен әрекеттескенде, мына реакциялар бойынша, іс жүзінде толығымен ериді:
Ca3(PO4)2+3H2SO4=2H3PO4+3CaSO4↓
Ca5(PO4)3F(CI)+5H2SO4=3H3PO4+5CaSO4↓+HF(HCI)
Шаймалау барысында фосфор ерітіндіге 95-98% ауысады, ал түзілген гипс тұнбаға шөгеді.
Уранванадилі кендерді сұйытылған күкірт қышқылында шаймалау кезінде ерітіндіге, мына реакция бойынша, 90-98% ауысады:
K2O∙V2O5∙UO3∙3H2SO4=K2SO4+(VO2)2SO4+UO2SO4+3H2O
Сондай-ақ ерітіндіге ішінара қосымшалар Cu, Ni, Cr, Mn, Ti, As, Sb және т.б. ауысады.
Бұл жағдайда гидролиздің Ғе2(SO4)3 себебінен 5-7 г/л-ден аспайды. Өйткені кальций мен магнийдің карбонаттары күкірт қышқылымен іс жүзінде толық әрекеттеседі, олай болса құрамында 5-% -дан астам Ca(Mg)CO3 бар кендер үшін қышқылдық шаймалауды қолдану H2SO4 шығынының көптігінен мақсатқа сай емес. Мұндай кендер үшін карбонатты шаймалауды пайдалану немесе флотация не күйдірумен карбонаттарды бөліп тастау мақсатқа сәйкес келеді.
