Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Уран химиясы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

2.3 Сулы ерітінділерінен алынатын уран қосылыстары

Уран сулы ерітінділері UO22+ уранил ионы түрінде, 6+ тотығу жағдайында айрықша тұрақты. Ол дәрежесі кем дегенде U4+ күйімен ерекшеленеді, бірақ ол U3+ түрінде де бола береді. U(V) тотығу күйі UO+ ион сияқты болуы мүмкін, бірақ сәйкестенсіздіруге (диспропорционирлеуге) және гидролиздеуге бейім болғандықтан бұл күй сирек байқалады. U3+, U4+, UO22+ ерітінділерінен қатты қосылыстардың көп мөлшері алынды.

2.3.1 Үшвалентті уран U3+

Судағы уран трихлорид ерітіндісінен, U3+ сулы ерітіндісін жеңіл алуға болады. Сондай-ақ сынап катодында электролитті қайта қалпына келтіре отырып, жоғары тотығу күйдегі уранды алуға мүмкін болады.

2.3.2 Төртвалентті уран U4+

Сулы ерітінділерде U4+ бөліктеп гидроизденеді:

U(су)4+ + OH-(су) → U(OH)(су) 3+

Бұл процестің бос энергиясының өзгерісі – 76,1 кДж/моль.

Тұндыру немесе буландыру жолымен ерітінділерден уранның (IV) көптеген тұздары қатты түрде бөлінеді. Тұздардың көбісі ашық-жасыл түстен қою-жасылға дейін боялады, тек сусыз U(C2O4)2 көк-күлгін түстіден басқалары.

U4+ тұздарының ерітінділері ішінен, сульфат технологиялық маңызды болып келеді. Сулы ерітіндіден бөліну кезінде екі гидрат түзіледі: октагидрат U(SO4)2 • 8H2O және тетрагидрат U(SO4)2•4H2O. Әлсіз қышқылдан - октагидрат, ал күшті қышқылдан - тетрагидрат бөлініп алынады.

Бөлме температурасында әлдеқашан аз еритін негізгі сульфаттың UOSO4•2H2O түзілуімен уран (IV) сульфаты суда гидролитті ыдырайды:

U(SO4)2 +H2O→ UO2SO4 +H2SO4

Технологиялық тәжірибе жүзінде аз еріткішті қышқылды ортада төртвалентті уран қосылысының түзілуі де пайдаланылады: U(HPO4)2•nH2O (n=0, 4, 6) фосфат және U(C2O4)2 • nH2O (n=0, 1, 2, 6) оксалат.

2.3.3 Бесвалентті уран UO2+

Бесвалентті уран UO2+ күйі, уран тотығының ерітіндісінде тұрақтылығы төмен күймен сипатталады. Уранил ионы UO2+ салыстырмалы түрде қышқылдығы тар интервалдағы pH=2 кезінде тұрақты болатынды. Бұл жағдайда UO2+ аз мөлшерде U4+ және UO22+ иондарға диспорцияланады. UO2+ ерітіндінің милимолярлы концентрациялары, UO22+ ерітінділерінен электролитті қайта қалпына келтіргенде, сондай-ақ мырышты амальгамен немесе сутегімен қайта қалпына келтіргенде, сонымен бірге суда UCI5 еріткенде алынуы мүмкін болады. Тасымалдау реакциясында алынған галогендер UO2CI және UO2Br ғана белгілі болды.

2.3.4 Алтывалентті уран UO22+

Уранның 6+ тотығу жағдайы, сулы ерітінділерде, өзінің тұрақтығымен ерекшеленеді. U(VI) сулы ерітіндіде уранил ионы UO22+ түрінде болады. Уранил гидролизі кеңінен зерттелінген. Уранил тұздарының ерітінділерінің қышқылдық реакциялары (0,02 м уранил тұзының ерітіндісі рН=2,9 тең болады) бар болады. Сондай-ақ уранил тұздарының сулы ерітінділерінде көп мөлшерде уран триоксиді ериді. Сулы ерітінтіндінің қату температурасының төмендеуінің концентрацияға тәуелділігін зерттеген кезде, нәтижесінде бұл қосылыстың иондалмағандығын және ассоциациялануға теңденциясының күштірек екендігін көрсетті.

Уранилфторидтің димеризациялау тұрақтылығы шамамен 1,5 құрайды. Уранил тұздарының ерітінділері сары түсті бояу болады және флуоресцирленеді. Бұл құбылысты сараптамалы тәжірибеде кеңінен пайдаланады.