Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Уран химиясы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

1.7 Уранды минерализациялау

Минерал – белгілі-бір химиялық құрам мен кристалдық құрылымға ие, жер қыртысының табиғи гомогендік құрамдас бөлігі, бұл – химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері бойынша біртектес шамадағы, құрылымы дараланған табиғи дене. «Минерал» және «тау жынысы» деген ұғымдарды ұқсастырмау қажет. Тау жынысы – жер қыртысын түзейтін жеке геологиялық денелерді құрастыратын, үлкен немесе кіші, тұрақты құрамды минералдар агрегаттарының жиынтығы. Яғни, жер қыртысы тау жыныстарынан, ал тау жыныстары минералдардан тұрады. Уран, орын алған жағдайлардың қолайлығына байланысты әр түрлі минералдардың үлкен мөлшерін құру қабілетіне ие. Қазіргі уақытта уранды және құрамында уран бар минералдардың шамамен 200-ден аса түрі белгілі [2,9]. Олардың шамамен 100-ге жуығында 1%-дан астам уран бар. Кейбір уран минералдары орыс ғалымдарының құрметіне: хлопинит, ненадкевит, лодочкинит, билибинит, пржевальскит, обручевит, менделеевит және т.б.атауларда қойылған. Уран сулы ерітінділерде бірнеше валентті күйлерде бола алады. Гипергенез аймағының минералдары, тек төрт және алты валентті уранның бастапқы минералдары және алты валентті уранның екіншілік қосымша минералдары болып бөлінеді. Төрт валентті уран құрылысының негізі болып U4+ «жалаң» иондары саналады, оның радиусы әр түрлі зерттеушілердің мәліметтері бойынша 0,89-1,05 А-ға тең. Төрт валентті уранның иондық радиусы торийдің (1,10 А), кальцийдің (1,06 А) және СЖЭ-нің (1,18-0,99А) радиусына ұқсас, сол себептен ол (уран) көрсетілген элементтермен кең изоморфизмге бейім келеді. Табиғи қосылыстар құрамында болатын, алты валентті уран құрылысының негізі болып орталық атом мен оттегінің бір-біріне қарама-қайшы екі диаметральды атомдарынан құралған шағын сызықтық құрылым түрінде болатын уранилды топ UO2+2 катионы табылады. Мұндай құрылымның ең жоғарғы ұзындық шегі 6,84 А, ең қысқа ұзындығы - 6,04 А тең, қалыңдығы 2,64 А. UO2+2 -ның орташа иондық радиусы шамамен 3,22А-ға тең, бұл табиғатта таралған көптеген катиондардың радиусынан бірнеше есе асып кетеді. Сондықтан уранилды топ өзге минерал таратушылар тор көздерінің катиондық бөлімдеріне ене алмайды және уранның тек қана өзіндік минералдары түрінде бөлініп шығады. Уран минералдарының өзгешелігі, олар бұл минералдар құрамында оттегі қосылыстары – тотықтар түрінде болады. Күкіртті және галоидты қосылыстар, сонымен бірге азотпен, вольфраммен, калайымен, селенмен, теллурмен, платина тобы элементтерімен қосылған қосылыстар уранда кездеспейді. Металдық уранның өздігінен пайда болған түрлері мүлдем кездеспейді.

1.7.1 Уранды минералдарды классификациялау

Уранды минералдардарды классификациялаудың бірнеше жүйелері бар. Технология тұрғысынан алғанда, минералдардың химиялық құрамына негізделген классификациялау жүйесі қызығушылық тудырады және ол жүйе мына кластардан құралады: жай тотықтар, жай силикаттар, күрделі титанды-танталды-ниобаттар тұздары, ванадаттар, арсенаттар, молибдаттар, карбонаттар, сульфаттар, күрделі силикаттар, фосфаттар (фосфориттер), органикалық қосылыстар. Мынадай уранның өзіндік минералдары: уранинит, настуран, урандық черньдер, браннерит, нецадкевит, коффинит, ураноторит, карнотит, және т.б. өнеркәсіптік мәні бар. Құрамында уран бар минералдарға: монацит, давидит, бетасфит, эвксенит жатады. Уран тұнбалық кендерде, кальций фосфатында, органикалық қосылыстарда, саз балшықты минералдарда, лимонитте және басқаларында концентрацияланады [4,5].