- •«Металлургия» кафедрасы
- •Мазмұны
- •1 Уран жаратылысы
- •1.1 Жер қыртысындағы уран
- •1.2 Уранның көп таралу жолдары
- •1.3 Уран геосфераларын құру
- •1.4 Уран пегматиттері
- •1.5 Тау жыныстарында кездесетін уран түрлері
- •1.6 Уранның маңызды минералдары
- •1.7 Уранды минерализациялау
- •1.7.1 Уранды минералдарды классификациялау
- •1. Бақылау сұрақтары
- •2 Уранның физика-химиялық қасиеттері
- •2.1 Уранның физика-химиялық қасиеттерінің жалпы сипаттамасы
- •2.2 Уранның негізгі қосындылары
- •2.2.1 Уран гидриді
- •2.2.2 Уран оксиді
- •2.2.3 Уран фторидтері
- •2.3 Сулы ерітінділерінен алынатын уран қосылыстары
- •2.4 Уранил нитраты
- •2.5 Уранил сульфаты
- •2.6 Уранил оксалаты
- •2.7 Уранды кеннің жалпы сұлбасы
- •2. Бақылау сұрақтары
- •3 Уранды кен орындары
- •3.1 Уранның қалдықты (тұнбаланған) кен орындарын құру
- •3.2 Уранның гидротермальды кен орындары
- •3.3 Уран өндіру әдістері
- •3.3.1 Дағдылы әдіспен өнім өндіру
- •3.3.2 Жерасты шаймалау әдісімен өнім өндіру
- •3.4 Қазақстанда орналасқан уранның кен орындары
- •3.4.1 «Cтепное» кен орыны
- •3.4.2 «Центральноe» кен орыны
- •3.4.3 «№6 Кен басқармасы» кен орыны
- •3.5 Уранды қайта өңдеу кен орыны
- •3.5.1 Солтүстiк Қазақстан кен орыны
- •3.5.2 Грачев және Косашы кен орындары
- •3.5.3 Көксор, Шат, Глубинное, Ағаш кен орындары
- •3.5.4 Есiл, Шоқпақ, Қамыс кен орындары
- •3.5.5 Оңтүстiк Қазақстан кен орыны
- •3.5.6 Қордай кен орыны
- •3.5.7 Ботабұрым мен Жусандала кен орындары
- •3.5.8 Қызылсай кен орны
- •3.6 Уран кендері құрылысының ерекшеліктері
- •3. Бақылау сұрақтары
- •4 Уран кендерін байыту
- •4.1 Уран кендерін байытудың ерекшеліктері
- •4 Бақылау сұрақтары
- •5 Шаймалау үрдісін анықтау
- •5.1 Уранды шаймалау үрдісін анықтау
- •5.2 Шаймалау үрдісінің кинетикасы
- •5.3 Уран кендерін қысым астында қышқылды шаймалау
- •5.4 Уранды кенді карбонаттық шаймалау
- •5.4.1 Карбонаттық шаймалаудың химиясы
- •5.5 Қышқылдық шаймалау
- •5.5.1 Уранның үштотығын шаймалау
- •5.5.2 Уран диоксидін шаймалау
- •5.6 Жерасты шаймалау
- •5.7 Бактериялық шаймалау
- •5.7.1 Бактериялық шаймалаудың физика- химиялық негіздері
- •5.7.2 Бактериялық шаймалаудың шарттары
- •5.8 Уран кендерін шаймалау техникасындағы қазіргі заманғы беталысы (бетбағыты)
- •5. Бақылау сұрақтары
- •6 Урандық ерітінділерді қайта өндеудің собциялық әдістері
- •6.1 Ион алмасу сорбциясының физика-химиялық негіздері
- •6.2 Уран технологиясындағы ион алмасы шайырларына қойылатын талаптар
- •6.3 Иониттердің ғылыми классификациясы
- •6.4 Уранды ерітінділерден сорбциялаудың негізгі заңдылықтары
- •6.5 Уранның күкірт қышқылды ерітінділерден сорбциясы үшін аниониттер мен катиониттердің қолданылуы
- •6.5.1 Күштінегізді анионнттермен сорбциялау
- •6.5.2 Күшті қышқылды катиониттермен сорбциялау
- •6.5.3 Екінші класты ионитгермен сорбциялау
- •6.6 Уранды ерітінділерділерден сорбциялаудың технологиялық нобайлары
- •6.7 Кендік қоймалжындардан уранды сорбциялық бөліп алу
- •6.7.1 Уранды қоймалжыңнан cорбциялаудың шет елдік тәжірибесі
- •6.7.2 Қазақстандағы уранды коймалжыңнан бөліп алудың сорбциялық технологиясының дамуы.
- •6.8 Карбонаттық ерітінділер мен қоймалжыннан уранды бөліп алу үшін ион алмасу шайырларын қолдану
- •6.9 Ионалмасу сорбциялық үрдістеріне арналған қондырғылар
- •6 Бақылау сұрақтары
- •7 Уранды экстракциялаудың физика- химиялық негіздері
- •7.1 Экстракцияның жалпы сипаттамасы
- •7.2 Экстракциялық жүйелерге фазалар ережелерін қолдану
- •7.3 Экстракция кезіндегі фазалық таралу заңы
- •7.4 Уран қосылыстарының экстракциясының механизмімен экстрагенттердің классификациясы
- •7.5 Сұйылтқыштар
- •7 Бақылау сұрақтары
- •8. Уран технологиясындағы аффинаж
- •8.1 Уран қосылыстарындағы «ядорлық тазалық» түсінігі
- •8.2 Уран қосылыстарының «ядорлық тазалық» дәрежелері
- •8.3 Уран технологиясындағы аффинаж әдістері
- •8.3.1 Асқын тотықтық тазалау
- •8.3.2 Карбонаттық тазалау
- •8.3.3 Уранның экстракциялық аффинажы
- •8.5 Англиядағы уран аффинажы
- •8.6 Франциядағы уран аффинажы
- •8.7 Уран аффинажы үшін басқа экстрагенттерді қолдану мүмкіндігі
- •8. Бақылау сұрақтары
- •9. Уран металлургиясы
- •9.1 Металдық уран және оның қасиеттері
- •9.2 Металдық уран алудың әдістері
- •9.3 Уран металлтермиясының термодинамикалық негіздері
- •9.4 Металдық уранды, оның өзінің тотықтарынан өндіру
- •9.5 Металдық уранды уран тетрафторидінен өндіру
- •9.5.1 Уран тетрафторидін кальциймен тотыксыздандыру
- •9.5.2 Үздіксіз металтермиялық тотықсыздандыру
- •9.5.3 Уран тетрафторидін магниймен тотықсыздандыру
- •9.6 Рафинадтық балқыту
- •9.6.1 Тотыксыздандырғыштық және рафинадтық балқыту үрдістерін бір аппаратта біріктіріп жүргізу (дингот-үрдісі)
- •9.7 Жылу бөлгіш элементтерді (жбэл-ді) дайындау
- •9.8 Металлургиялық өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу
- •9 Бақылау сұрақтары
- •10 Қоршаған ортаны қорғау
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •5В070900 мамандығыының студенттері үшін
6.3 Иониттердің ғылыми классификациясы
Б.Н.Никольскийдің ион алмасу шайырларына берген ғылыми классификациясы бойынша иониттер 4 класқа бөлінеді және олардың әрқайсысы катиониттермен қатар, аниониттерді де құрайды.
1-класс. күшті қышқылдық немесе күшті негіздік қасиеттер танытатын иониттер. Олардың әртүрлі иондарға қатысты ион алмасу сыйымдылығы максималды және ортаның рН мәнінің, өте кең аралығында тұрақты (6.2-сурет, 1-қисық). Осындай қуатты, тиімді шайырлардың негізгі өкілдері - КУ-2 сульфостиролды катионит және соған ұқсас американдық Дауэкс-50, Амберлит IRA-120 шайырлары. Күшті негізді аниониттер - стирол мен дивинилбензолдың төртіншілік амин топтарымен (АВ -17, AM, Амберлит IRA-400 және Дауэкс - 1) сополимерлері.
2-класс. әлсіз қышқылдар мен әлсіз негіздер қасиеттерін танытатын иониттер. Олардың ион алмасулық сыйымдылығы ерітінді рН-нын белгілі бір мәнінде ғана максималды, яғни катиониттер үшін жоғары, ал аниониттер үшін төмен болып келеді (6.2- сурет, 2 -қисық). Бұл класқа СГ-1, АН -2-Ф, ЭДЭ -10П және т.б. шайырлар жатады.
Қалған екі класқа аралас типті иониттер жатады.
3-класс. иониттері күшті және әлсіз қышқыл коспалары немесе негіздер қасиеттерін танытады. Олардың ион алмасулық сыйымдылығының екі шектік мәні бар (6.2-сурет, 3-қисық).
4-класс. иониттерінің қасиеттері күштілігі әртүрлі көптеген қышқылдар мен негіздер қоспасының касиеттеріне сәйкес болып келеді. Олардың сыйымдылығы рН мәнінің өте кең аралығында біртіндеп өзгеріп отырады (6.2-сурет, 4-қисық).
Катиониттер құрамына -ОН, -СООН, -SО3H функционалды топтары, ал аниониттер құрамына - NH2 = NH немесе = N топтары кіреді. Төртіншілік аммонийлік негіздер құрамында R4N+ топтары болады. Осындай анионитті қышқылдармен өндегенде, қышқыл анионы аммоний тұзы типті қосылыс түзе отырып қосылады, мысалы RH4X түрінде, мұндағы X - ион алмасуға қатысатын анион.
6.2-сурет. Ион алмасу шайырларының классификациясы 1,2,3,4, - Б.П. Никольский бойынша иониттер класы
Уран кендерін күкірт қышқылымен шаймалау нәтижесінде алынған күкірт қышқылды ерітінділерде уран UO22+ катиондары түрінде және [UО2(SО4)2]2- немесе [UО2(SО4)24+ аниондары түрінде болады және олардың өзара қатынасы SO42-, UO22+ иондарының концентрациясына және ортаның рН-на байланысты. Яғни, уран, күкірт қышқылды ерітінділерден катиониттермен катар аниониттермен де сорбциялана алатындығы іс жүзінде дәлелденген.
Кеңес Одағында орындалған және уранның иониттермен сорбциясының механизмі, статикасы, кинетикасы және динамикасы бойынша әлемдік әдебиеттерде жарияланған жұмыстардың талдауы ионит негізділігі мен оның уранның әртүрлі комплекстеріне туыстығы арасындағы айқын тәуелділікті көрсетеді.
6.1-кестеде уранды бөліп алу үшін неғұрлым жиі колданылатын аниониттер сипаттамасы келтірілген.
Бұл жерде көңіл аударарлық жағдай, орта негізді ЭДЭ -10П және вофатит -150 аниониттерінің ион алмасулық сыйымдылықтарының күшті негізді иониттерге карағанда, қышқыл мен тұздардың болуына аз тәуелділігі және технологиялық тәжірибедегі үлкен маңыздылығы.
Кеңес Одағындағы уран өнеркәсібінде уран сіңіргіш иониттер ретінде катиониттермен қатар аниониттер де қолданылады.
6.1-кесте. Уран технологиясында қолданылатын кейбір аниониттердің сорбциялау қабілеттігі
Анионит |
Ел |
Активті функционалды топ |
1 г/л уран кұрамды күкіртқышқылдық ерітінділерден сорбциялау кезіндегі сыйымдылық, г U/кг шайыр |
||
|
|
|
pH=1 |
30г/л Nа2SO4 |
30г/л Nа2SO4 + 136 г/л H3PO4 |
Амберлит IRA-400 |
АҚШ |
— N=(CH3)3 / Х |
82 |
20 |
18 |
Дауэкс-1 |
АҚШ |
|
88 |
20 |
15 |
Деацидит-F-F |
Англия |
|
88 |
20 |
20 |
AM |
Қазақстан |
|
73 |
13 |
8 |
Вофатит -150 |
ГДР |
= N- |
06 |
67 |
55 |
АН-2-Ф |
Қазақстан |
= NH |
84 |
32 |
20 |
ЭДЭ-10-П |
АҚШ |
-NH2 |
80 |
70 |
60 |
Ерітінділердің тұздық құрамына, шамадан тыс қышқылдығына немесе карбонаттығына, сонымен қатар кұнды серіктес компоненттердің болуына байланысты гельдік кұрылымды күшті негізді аниониттер (AM, АМП, ВП-1А, ВП-3А) және осындай негізді макросаңылаулы аниониттер (АМ-П, АМП-п, ВП-1АХх), би- және полифункционалды аниониттер (АМ-3, ВП-1п), карбоксилді амфолиттер (АМК, АМК-2 ВПК), әртүрлі фосфор құрамды және азот кұрамды иониттер (АФИ, ВПФ типті амфолиттер) жасалынып, іс жүзінде қолданылып жатыр.
