- •«Металлургия» кафедрасы
- •Мазмұны
- •1 Уран жаратылысы
- •1.1 Жер қыртысындағы уран
- •1.2 Уранның көп таралу жолдары
- •1.3 Уран геосфераларын құру
- •1.4 Уран пегматиттері
- •1.5 Тау жыныстарында кездесетін уран түрлері
- •1.6 Уранның маңызды минералдары
- •1.7 Уранды минерализациялау
- •1.7.1 Уранды минералдарды классификациялау
- •1. Бақылау сұрақтары
- •2 Уранның физика-химиялық қасиеттері
- •2.1 Уранның физика-химиялық қасиеттерінің жалпы сипаттамасы
- •2.2 Уранның негізгі қосындылары
- •2.2.1 Уран гидриді
- •2.2.2 Уран оксиді
- •2.2.3 Уран фторидтері
- •2.3 Сулы ерітінділерінен алынатын уран қосылыстары
- •2.4 Уранил нитраты
- •2.5 Уранил сульфаты
- •2.6 Уранил оксалаты
- •2.7 Уранды кеннің жалпы сұлбасы
- •2. Бақылау сұрақтары
- •3 Уранды кен орындары
- •3.1 Уранның қалдықты (тұнбаланған) кен орындарын құру
- •3.2 Уранның гидротермальды кен орындары
- •3.3 Уран өндіру әдістері
- •3.3.1 Дағдылы әдіспен өнім өндіру
- •3.3.2 Жерасты шаймалау әдісімен өнім өндіру
- •3.4 Қазақстанда орналасқан уранның кен орындары
- •3.4.1 «Cтепное» кен орыны
- •3.4.2 «Центральноe» кен орыны
- •3.4.3 «№6 Кен басқармасы» кен орыны
- •3.5 Уранды қайта өңдеу кен орыны
- •3.5.1 Солтүстiк Қазақстан кен орыны
- •3.5.2 Грачев және Косашы кен орындары
- •3.5.3 Көксор, Шат, Глубинное, Ағаш кен орындары
- •3.5.4 Есiл, Шоқпақ, Қамыс кен орындары
- •3.5.5 Оңтүстiк Қазақстан кен орыны
- •3.5.6 Қордай кен орыны
- •3.5.7 Ботабұрым мен Жусандала кен орындары
- •3.5.8 Қызылсай кен орны
- •3.6 Уран кендері құрылысының ерекшеліктері
- •3. Бақылау сұрақтары
- •4 Уран кендерін байыту
- •4.1 Уран кендерін байытудың ерекшеліктері
- •4 Бақылау сұрақтары
- •5 Шаймалау үрдісін анықтау
- •5.1 Уранды шаймалау үрдісін анықтау
- •5.2 Шаймалау үрдісінің кинетикасы
- •5.3 Уран кендерін қысым астында қышқылды шаймалау
- •5.4 Уранды кенді карбонаттық шаймалау
- •5.4.1 Карбонаттық шаймалаудың химиясы
- •5.5 Қышқылдық шаймалау
- •5.5.1 Уранның үштотығын шаймалау
- •5.5.2 Уран диоксидін шаймалау
- •5.6 Жерасты шаймалау
- •5.7 Бактериялық шаймалау
- •5.7.1 Бактериялық шаймалаудың физика- химиялық негіздері
- •5.7.2 Бактериялық шаймалаудың шарттары
- •5.8 Уран кендерін шаймалау техникасындағы қазіргі заманғы беталысы (бетбағыты)
- •5. Бақылау сұрақтары
- •6 Урандық ерітінділерді қайта өндеудің собциялық әдістері
- •6.1 Ион алмасу сорбциясының физика-химиялық негіздері
- •6.2 Уран технологиясындағы ион алмасы шайырларына қойылатын талаптар
- •6.3 Иониттердің ғылыми классификациясы
- •6.4 Уранды ерітінділерден сорбциялаудың негізгі заңдылықтары
- •6.5 Уранның күкірт қышқылды ерітінділерден сорбциясы үшін аниониттер мен катиониттердің қолданылуы
- •6.5.1 Күштінегізді анионнттермен сорбциялау
- •6.5.2 Күшті қышқылды катиониттермен сорбциялау
- •6.5.3 Екінші класты ионитгермен сорбциялау
- •6.6 Уранды ерітінділерділерден сорбциялаудың технологиялық нобайлары
- •6.7 Кендік қоймалжындардан уранды сорбциялық бөліп алу
- •6.7.1 Уранды қоймалжыңнан cорбциялаудың шет елдік тәжірибесі
- •6.7.2 Қазақстандағы уранды коймалжыңнан бөліп алудың сорбциялық технологиясының дамуы.
- •6.8 Карбонаттық ерітінділер мен қоймалжыннан уранды бөліп алу үшін ион алмасу шайырларын қолдану
- •6.9 Ионалмасу сорбциялық үрдістеріне арналған қондырғылар
- •6 Бақылау сұрақтары
- •7 Уранды экстракциялаудың физика- химиялық негіздері
- •7.1 Экстракцияның жалпы сипаттамасы
- •7.2 Экстракциялық жүйелерге фазалар ережелерін қолдану
- •7.3 Экстракция кезіндегі фазалық таралу заңы
- •7.4 Уран қосылыстарының экстракциясының механизмімен экстрагенттердің классификациясы
- •7.5 Сұйылтқыштар
- •7 Бақылау сұрақтары
- •8. Уран технологиясындағы аффинаж
- •8.1 Уран қосылыстарындағы «ядорлық тазалық» түсінігі
- •8.2 Уран қосылыстарының «ядорлық тазалық» дәрежелері
- •8.3 Уран технологиясындағы аффинаж әдістері
- •8.3.1 Асқын тотықтық тазалау
- •8.3.2 Карбонаттық тазалау
- •8.3.3 Уранның экстракциялық аффинажы
- •8.5 Англиядағы уран аффинажы
- •8.6 Франциядағы уран аффинажы
- •8.7 Уран аффинажы үшін басқа экстрагенттерді қолдану мүмкіндігі
- •8. Бақылау сұрақтары
- •9. Уран металлургиясы
- •9.1 Металдық уран және оның қасиеттері
- •9.2 Металдық уран алудың әдістері
- •9.3 Уран металлтермиясының термодинамикалық негіздері
- •9.4 Металдық уранды, оның өзінің тотықтарынан өндіру
- •9.5 Металдық уранды уран тетрафторидінен өндіру
- •9.5.1 Уран тетрафторидін кальциймен тотыксыздандыру
- •9.5.2 Үздіксіз металтермиялық тотықсыздандыру
- •9.5.3 Уран тетрафторидін магниймен тотықсыздандыру
- •9.6 Рафинадтық балқыту
- •9.6.1 Тотыксыздандырғыштық және рафинадтық балқыту үрдістерін бір аппаратта біріктіріп жүргізу (дингот-үрдісі)
- •9.7 Жылу бөлгіш элементтерді (жбэл-ді) дайындау
- •9.8 Металлургиялық өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу
- •9 Бақылау сұрақтары
- •10 Қоршаған ортаны қорғау
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •5В070900 мамандығыының студенттері үшін
9.5 Металдық уранды уран тетрафторидінен өндіру
UF4-нен уранның металлтермиялық тотықсыздануы келесі теңдеумен жазылады:
UF4+2CaU+2CaF2, ΔН298=-138ккал;
UF4+2MgU+2MgF3, ΔН298=-89ккал;
Реакцияда Гибсс энергиясының өзгеруі:
UF4+2Ca2CaF2+U 1500 К кезінде
ΔG°l500=2ΔG°CaF2 - ΔG0UF4 =-114000 кал/г-моль.
Магниймен жүретін реакцияға қатысты ΔG°1500= -67000 кал/г-моль аламыз.
ΔG°T біле отырып, екі реакцияның тепе-тендік константасын есептеуге болады. ΔG°1500=-RTInK. Кальциймен жүретін реакция үшін, K=exp(-ΔG01500/RT)=6·l015. Яғни, бұдан константа мәнінің өте жоғары екендігін және металдық кальциймен, уран тетрафторидінің тотықсыздану реакциясының іс жүзінде қайтымсыз екендігін көреміз.
Магниймен жүргізілетін реакция үшін К=6·109, бұл да жоғары мән.
Жүйеде адиабаттық үрдіс кезінде аса жоғары температуралардың пайда болуын термодинамикалық есептеулер көрсетеді. Бөлініп шығатын жылу (350 ккал/кг шихтадан) реакцияның барлық өнімдерінің балқымасы үшін ғана жеткілікті емес, сонымен катар шихтаны алдын-ала қыздыру температурасын (~300°С) көтеру үшін де жеткілікті.
9.5-кесте.Уран тетрафторидінің металтермиялық тотықсыздану реакциясының температурасы, С°
Тотықсыздандырғыш мөлшері |
Шихтаны aлдын-ала қыздыру температурасы, °С |
Реакцияның теориялық температурасы, °С |
|
Кальцийтермия |
Магнийтермия |
||
Стехиометриялық |
300 |
2230 |
650 |
|
900 |
2830 |
1700 |
15%-дық артық |
300 |
2000 |
1230 |
|
900 |
2650 |
1600 |
Бұл температураларды (9.6-кесте) компоненттердің балқу және кайнау температураларымен салыстыру өте қызықты.
Кальцийді салқын тұтандырғышта қолдану кезінде, реакцияның барлық өнімдері балкиды. Уран және MgF2 сұйық күйде болуы үшін, магнийтермиялық түтандырғышқа 6000С толығымен жеткілікті.
Кальцийтермияны ашық ыдыста жүзеге асырады, бірақ магнийтермия ауа өткізбейтін жабдықты қажет етеді, өйткені тотықсыздандыру шарттарындағы магний буларының қысымы жоғары және онық біршама мөлшері буланып кетуі мүмкін.
9.6-кесте. Компоненттердің қайнау жәие балқу температуралары
Компонент |
Балқу температурасы, °С |
Қайнау температурасы,°С |
U |
1132 |
2260 |
UF4 |
960 |
2500 |
Са |
849 |
1107 |
Mg |
651 |
1487 |
CaF2 |
1418 |
- |
MgF2 |
1263 |
3818 |
Тотықсыздану реакциясы шикізат пен кұрсаулаушы заттың құрамында ылғалдың болуына, сонымен қатар аз мөлшерде қоспалардың болуына байланысты күрделі шарттарда өтеді.
Шихтада ылғалдың болуы жөне сонымен бірге әртүрлі жарылыс реакцияларын туғызатын натрийдің, калийдің, аммонийдің болуы өте кауіпті. Және де шихтада SO2, SiF4, Al, Ni болмағаны тиімді, өйткені ол құрылыстың зақымдануына, кұйманың кеуектенуіне әкеліп соғады.
Уран тетрафторидінің құрамында UО2 және UО2Ғ2-нің аз болғаны дұрыс, UҒ4-мөлшері ≥97 болу керек. Әсіресе магнийтермия кезінде үйінді салмағы 3,5 г/см3 шамасында болу керек, бұл көлемнің бір бірлігіне көп мөлшерде жылу бөлінуін және үлкен жылу өткізгіштікті қамтамасыз етеді.
