Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Уран химиясы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

9.4 Металдық уранды, оның өзінің тотықтарынан өндіру

Уранның әртүрлі тотықтарының кальциймен және магниймен тотықсыздануы:

UО2+2CaU+2CaO, ΔН°298=-46,8 ккал

U3O8+8CaU+8CaO, ΔН°398=-122,8 ккал

UO3+3CaU+3CaO, ΔН°298=-163,5 ккал

UO2+2MgU+2MgO, ΔН°298=-36,2 ккал U3O8+8MgU+8MgO, ΔН°298=-107,5 ккал

UО3+3MgU+3MgO, ΔН°298=-146,7 ккал

теңдеулерімен сипатталады (реакциялар ΔН° 1г-атомға 0°С температурада берілген).

Барлық жағдайларда да реакция жылулары металдық уранды балқытылған күйге жеткізуге жеткілікті, бірақ өздерінің балқу температурасы жоғары болуы себебінен, кальций мен магний тотықтары қатты түрде қалады, бұл, 9.2-кестеде берілген мәліметтерден көрініп тұр.

Шлактың балқу температурасын төмендету үшін шихтаға төмен балқыма - флюстерді енгізуге тырысқан, бірақ бұл шлак мөлшерін көбейткен және олардың балқуына жылу тағы да жеткіліксіз болып қалған. Барлық уран тотықтарының арасындағы ең жақсы негізгі материал - UО2, себебі мұны колдану барысында шлак аз мөлшерде қалады және уран ұсақ бөлшек түрінде жақсы балқиды.

9.2-кесте. Балку және қайнау температуралары

Элемент

Балқу температурасы, °С

Металдың қайнау температурасы, °С

Металл

Тотық

UО

1130

2176

3800

Са

849

2580

1487

Mg

651

2800

1107

UО2-нің кальциймен тотықсыздануы, кальций тотығымен құрсауланған тигельде жүзеге асырылады. Құрсауланған былайша орындалады. Тигельге үлгі орналастырады, саңылауына кальций тотығын нығыздап толтырып, 60-80°С-та кептіреді, сонан соң 900-1000°С-та кыздырады. Мұндай тигельді отқа төзімді құрыштан жасалған цилиндрлі ыдысқа салады. Уранның қос тотығын шарлы диірменде металдық кальций ұнтағымен (16÷20 арал.) немесе жоңқасымен (1-2 мм) мұқият араластырады. Кальцийді стехиометриялық мөлшерінен 30%-дық артық мөлшерде алады. Шихтаға салады, ыдыстан ауа сорылып алынады және аргонмен толтырылады. Сонан соң қыздырады, реакция бастапқыда (800°С температурада) бірқалыпты, одан кейін шихтаның барлық көлемінде өте қарқынды түрде өтеді. Температураның жоғарғы шегі 1600°С-қа жетеді. Металдық уранның көптеген ұсақ тамшылары шлакка себіліп қалады.

Тигельдегі затты екі сағат, 1200-1250°С температурада ұстайды және сонан соң салқындатады. Балқыманы ұнтақтайды және бөлме температурасында сірке қышқылының әлсіз ерітіндісімен шаймалайды.

Үстелдерде классификациялау нәтижесінде, мынадай өнімдер алады: металдық уранның ұнтағы, айналымға жіберілген шлам (уранның тотығы +U-ның ұсақ бөлшектері), кальций ацетатының төгілетін ертіндісі.

9.3-кесте. Металдық кальциймен уран қос тотығын тотықсыздандырып алатын уран ұнтағынын құрамы

Элемент

Құрамы

Элемент

Құрамы

Элемент

Құрамы

Элемент

Құрамы

B

1,6·10-5

P

2·10-4

Al

8·10-3

Sn

2·10-4

Fe

4·10-3

F

1,5·10-3

Ba

5·10-6

Ca

1·10-3

Si

3·10-3

Cd

1,5·10-3

Co

2·10-4

Li

1·10-5

W

5·10-5

Mg

3·10-4

Cu

1·10-3

Cl

5·10-5

Zn

6·10-4

N

6,5·10-3

Mo

1·10-4

C

2·10-2

Ti

2·10-4

Cr

5·10-4

Ni

1·10-3

O

1·10-1

Уранның металдық бөлшегін спиртпен және эфирмен шаяды, одан кейін ваккумде кептіреді. Англия зауыттарының бірінде алынатын уран ұнтағының құрамы 9.3-кестеде келтірілген.

Магнийтермиялық әдісте шихтаны 15%-дық артық мөлшердегі магниймен даярлайды. Температура 1400°С-тан аспауын қадағалау керек, осындай жағдайда реакцияның қайтымдылығы басталады, ал Mg қысымының буы тез жоғарылайды (1107°С кезінде қайнайды). Mg-дың көмегімен UО2 тотықсыздануының оптимальды технологиялық режимінің температурасы - 1200°С және осы температурадағы ұстамдылығы 1-2 сағат (металл тамшысының ағыны үшін).

Қалған үрдістер кальцийтермиялық және магнийтермиялык тотықсыздануға өте ұқсас. Алынған өнімнің сипаттамасы 9.4-кестеде келтірілген.

9.4-кесте. Уранның қос тотығынан кальцийтермиялық және магнийтермиялық әдіспен алынған металдық уран ұнтағына сипаттама

Уранның қос тотығы

Кальций термия

Магний термия

Ураннын орташа шығымы,%

97

95

Қоспалардың жалпы мөлшері, млн-1

1000

3000

Сонымен қатар:

N

250

100

С

200

400

Ca

15

5

Mg

5

150

Металл тығыздығы, г/см3

18,7

18,5

Бөлшектердің орташа өлшемі, мкм

7

4

Елеуіштік анализ, мас.%

+52 меш

2

0,3

-52+150 меш

1,5

1,0

-150+150 меш

0,5

1,0

-200+300 меш

1,0

0,7

-300 меш

95,0

97,0