- •«Металлургия» кафедрасы
- •Мазмұны
- •1 Уран жаратылысы
- •1.1 Жер қыртысындағы уран
- •1.2 Уранның көп таралу жолдары
- •1.3 Уран геосфераларын құру
- •1.4 Уран пегматиттері
- •1.5 Тау жыныстарында кездесетін уран түрлері
- •1.6 Уранның маңызды минералдары
- •1.7 Уранды минерализациялау
- •1.7.1 Уранды минералдарды классификациялау
- •1. Бақылау сұрақтары
- •2 Уранның физика-химиялық қасиеттері
- •2.1 Уранның физика-химиялық қасиеттерінің жалпы сипаттамасы
- •2.2 Уранның негізгі қосындылары
- •2.2.1 Уран гидриді
- •2.2.2 Уран оксиді
- •2.2.3 Уран фторидтері
- •2.3 Сулы ерітінділерінен алынатын уран қосылыстары
- •2.4 Уранил нитраты
- •2.5 Уранил сульфаты
- •2.6 Уранил оксалаты
- •2.7 Уранды кеннің жалпы сұлбасы
- •2. Бақылау сұрақтары
- •3 Уранды кен орындары
- •3.1 Уранның қалдықты (тұнбаланған) кен орындарын құру
- •3.2 Уранның гидротермальды кен орындары
- •3.3 Уран өндіру әдістері
- •3.3.1 Дағдылы әдіспен өнім өндіру
- •3.3.2 Жерасты шаймалау әдісімен өнім өндіру
- •3.4 Қазақстанда орналасқан уранның кен орындары
- •3.4.1 «Cтепное» кен орыны
- •3.4.2 «Центральноe» кен орыны
- •3.4.3 «№6 Кен басқармасы» кен орыны
- •3.5 Уранды қайта өңдеу кен орыны
- •3.5.1 Солтүстiк Қазақстан кен орыны
- •3.5.2 Грачев және Косашы кен орындары
- •3.5.3 Көксор, Шат, Глубинное, Ағаш кен орындары
- •3.5.4 Есiл, Шоқпақ, Қамыс кен орындары
- •3.5.5 Оңтүстiк Қазақстан кен орыны
- •3.5.6 Қордай кен орыны
- •3.5.7 Ботабұрым мен Жусандала кен орындары
- •3.5.8 Қызылсай кен орны
- •3.6 Уран кендері құрылысының ерекшеліктері
- •3. Бақылау сұрақтары
- •4 Уран кендерін байыту
- •4.1 Уран кендерін байытудың ерекшеліктері
- •4 Бақылау сұрақтары
- •5 Шаймалау үрдісін анықтау
- •5.1 Уранды шаймалау үрдісін анықтау
- •5.2 Шаймалау үрдісінің кинетикасы
- •5.3 Уран кендерін қысым астында қышқылды шаймалау
- •5.4 Уранды кенді карбонаттық шаймалау
- •5.4.1 Карбонаттық шаймалаудың химиясы
- •5.5 Қышқылдық шаймалау
- •5.5.1 Уранның үштотығын шаймалау
- •5.5.2 Уран диоксидін шаймалау
- •5.6 Жерасты шаймалау
- •5.7 Бактериялық шаймалау
- •5.7.1 Бактериялық шаймалаудың физика- химиялық негіздері
- •5.7.2 Бактериялық шаймалаудың шарттары
- •5.8 Уран кендерін шаймалау техникасындағы қазіргі заманғы беталысы (бетбағыты)
- •5. Бақылау сұрақтары
- •6 Урандық ерітінділерді қайта өндеудің собциялық әдістері
- •6.1 Ион алмасу сорбциясының физика-химиялық негіздері
- •6.2 Уран технологиясындағы ион алмасы шайырларына қойылатын талаптар
- •6.3 Иониттердің ғылыми классификациясы
- •6.4 Уранды ерітінділерден сорбциялаудың негізгі заңдылықтары
- •6.5 Уранның күкірт қышқылды ерітінділерден сорбциясы үшін аниониттер мен катиониттердің қолданылуы
- •6.5.1 Күштінегізді анионнттермен сорбциялау
- •6.5.2 Күшті қышқылды катиониттермен сорбциялау
- •6.5.3 Екінші класты ионитгермен сорбциялау
- •6.6 Уранды ерітінділерділерден сорбциялаудың технологиялық нобайлары
- •6.7 Кендік қоймалжындардан уранды сорбциялық бөліп алу
- •6.7.1 Уранды қоймалжыңнан cорбциялаудың шет елдік тәжірибесі
- •6.7.2 Қазақстандағы уранды коймалжыңнан бөліп алудың сорбциялық технологиясының дамуы.
- •6.8 Карбонаттық ерітінділер мен қоймалжыннан уранды бөліп алу үшін ион алмасу шайырларын қолдану
- •6.9 Ионалмасу сорбциялық үрдістеріне арналған қондырғылар
- •6 Бақылау сұрақтары
- •7 Уранды экстракциялаудың физика- химиялық негіздері
- •7.1 Экстракцияның жалпы сипаттамасы
- •7.2 Экстракциялық жүйелерге фазалар ережелерін қолдану
- •7.3 Экстракция кезіндегі фазалық таралу заңы
- •7.4 Уран қосылыстарының экстракциясының механизмімен экстрагенттердің классификациясы
- •7.5 Сұйылтқыштар
- •7 Бақылау сұрақтары
- •8. Уран технологиясындағы аффинаж
- •8.1 Уран қосылыстарындағы «ядорлық тазалық» түсінігі
- •8.2 Уран қосылыстарының «ядорлық тазалық» дәрежелері
- •8.3 Уран технологиясындағы аффинаж әдістері
- •8.3.1 Асқын тотықтық тазалау
- •8.3.2 Карбонаттық тазалау
- •8.3.3 Уранның экстракциялық аффинажы
- •8.5 Англиядағы уран аффинажы
- •8.6 Франциядағы уран аффинажы
- •8.7 Уран аффинажы үшін басқа экстрагенттерді қолдану мүмкіндігі
- •8. Бақылау сұрақтары
- •9. Уран металлургиясы
- •9.1 Металдық уран және оның қасиеттері
- •9.2 Металдық уран алудың әдістері
- •9.3 Уран металлтермиясының термодинамикалық негіздері
- •9.4 Металдық уранды, оның өзінің тотықтарынан өндіру
- •9.5 Металдық уранды уран тетрафторидінен өндіру
- •9.5.1 Уран тетрафторидін кальциймен тотыксыздандыру
- •9.5.2 Үздіксіз металтермиялық тотықсыздандыру
- •9.5.3 Уран тетрафторидін магниймен тотықсыздандыру
- •9.6 Рафинадтық балқыту
- •9.6.1 Тотыксыздандырғыштық және рафинадтық балқыту үрдістерін бір аппаратта біріктіріп жүргізу (дингот-үрдісі)
- •9.7 Жылу бөлгіш элементтерді (жбэл-ді) дайындау
- •9.8 Металлургиялық өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу
- •9 Бақылау сұрақтары
- •10 Қоршаған ортаны қорғау
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
- •5В070900 мамандығыының студенттері үшін
6.8 Карбонаттық ерітінділер мен қоймалжыннан уранды бөліп алу үшін ион алмасу шайырларын қолдану
Амберлит IRA-400, Дауэкс-1. АВ-17, AM, АМП және ВП-1 АХп типті күшті негізді аниониттерді карбонаттык ерітінділерден, сондай-ақ қоймалжыннан уранды сорбциялау үшін табысты қолдануға болады.
Сорбциялау үрдісі карбонаттық ерітіндіден - [UO2(CO3)3]4анионы шайырының ион алмасулық сінірілуіне негізделген.
Сорбциялауға әсер ететін негізгі факторлар: уранның концентрациясы; элюирлегіш әсерін тигізуші аниондар (SO42-,NO3-,Cl-) концентрациясы; натрий бикарбонатының концентрациясына байланысты ортаның рН-ы және мұндағы рН-ң оптималды мәні 10÷10,5-ке тең.
Үрдістің табысты өтуі үшін, СO32- сондай-ақ НСО3- сорбцияларының бәсекелестігін болдырмау үшін Na2CO3 концентрациясынын төмен болғаны жөн. Әдетте осындай талап етілетін концентрацияның шегі болып 25-50 г/л алынады, ол шайырдың уран бойынша сорбциялық сыйымдылығын аныктайды. Соданың бұндай концентрациясында шайырлар уранға байланысты белгілі-бір сұрыптылыққа ие болады және іс жүзінде ванадий, фосфор және алюминиді сіңірмейді. Уран регенерациясын NaCl-мен жүргізеді немесе NaNO3-пен жүргізсе одан да жақсы болады.
Өнеркәсіптік масштабта карбонаттық қоймалжыннан уранды сорбциялау, американдық «Атлас» фирмасының аса ірі зауытында, сондай-ақ Моабедегі бірлескен нобай (қышқылдық және карбонаттық) бойынша жұмыс істейтін зауытта колданылады. Моабедегі зауытта құрамындағы U3O8 орташа мөлшері 0,28% балшықты кен екі параллельді тізбекте карбонаттық әдіс бойынша шаймаланады және онда 30,2м3 сыйымдылықты жеті автоклавтар бар. Шаймалау ұзақтығы 3,5 атм қысымда және ауаның 28 м3/мин шығынында 6,5 сағатқа созылады. Натрий карбонатының шығыны кеннің 27 кг/т-на тең. Құмдар бөлініп алынады және классификаторда кері ағынмен жуылады. Сорбциялау бөлімінде екі тізбек орнатылған, оның әркайсысында 14 контейнерлік аппараттар бар. Әрбір аппаратта кубтік түрдегі 4 контейнер орналастырылған және оларға уран бойынша 63 кг/м3, 4,3 м3 Дауэкс-21К аниониті сиятын сыйымдылықтар қойылған. Қоймалжыңнан уранның бөлініп алынуы 99%-ды құрайды.
6.9 Ионалмасу сорбциялық үрдістеріне арналған қондырғылар
Ион алмасу үрдістерінің үнемділігі жоғарыда айтылғандай, олардың аппараттық жабдықталуына байланысты. Б.Н. Ласкорин жасаған үздіксіз сүзгілі-сорбциялау әдісінің табысты қолданылуы, көбінесе оның аппаратуралық табысты жабдықталуында. Бұл бұрыннан қолданылып жүрген «сүзу», «контейнерлік» типті үздіксіз әрекеттегі сорбциялау құбырлары, сорбенттің псевдосұйытылған қабаты бар құбырлар, «Инфилко» типтес құбырлары бар технологиялармен салыстырғанда алдыға карай басқан қадам болды.
Алайда инженерлер гидрометаллургиялық қайта өндеу объектілерін есепке алып, жаңа жобалар ұсынды. Қазақстанда КРИМЗ типті табақшаларды тарататын пульсациялы құбырлар жасалынды, олар кейбір жағдайларда (коймалжындардың орташа қышқылдығы мен жылдам үрдістерін) шайырдың аз жүктелуі кезінде жоғары меншікті өнімділікті және аппараттардың төмен көлемділігін қамтамасыз етеді. Бұдан баска оларда оның пайдалануын нығайтатын дренажды торлар жоқ.
Концентрленген ерітіділердің қайта өнделуі және шайырлардың регенерациясы үшін және бірқатар өндірістерде тұтас шайыр кабатты пневмопульсациялы құбырларды қолданды. Бұл иониттің қысымды бағаны бар КНСПР типті құбырлар.
6.20-сурет. КНСПР типті құбыр.
Сорбенттің өлшенген қабаты және КРИМЗ таратқыш табақтары бар барабанды-шнекті транспорттық пневмосақиналы кұбырлар ПСК-Т өндіріске ұсынылды. КНСПР құбырларын тіпті шайыр мен коймалжынның тығыздықтары бірдей болса да қолдана береді. Алайда бұлардың кемшілігі ионит қабаты астында орналаскан, дренажды жүйенің колданылуының кажеттілігінде. ПСК-Т-тың қолданылуы қарапайым, иониттін аз жүктелуін талап етеді, бірақ бұлардын жақсы жұмыс істеуі үшін қоймалжын мен шайырдың тығыздықтары әр түрлі болуы керек, яғни сорбент ерітіндіде не батып, не қалқып жүруі керек. Әрине, ПСК-Т тек сұйық қоймалжындарды қайта өндеуге ғана арналған, оның өзінде де едәуір кемшіліктер болады.
Осыған сәйкес, уранның ион алмасу технологиясына арналған кондырғыларды дамыту тенденциясының иегізі - «пачук» типтес үздіксіз аппараттарды, сондай-ақ тұтас шайыр қабатты сорбенттер кұбырын және өлшенген ионит қабаты бар әр түрлі пульсациялы құбырларды жасау болып табылады.
Ион алмасу үрдістері уран технологиясы дамуының маңызды кезеңі болып табылады. Мұндай үрдістердің қолданылуы тұндыру технологиясына негізделген гидрометаллургиялық әдістерді ығыстырады.
Бұрын қолданылып жүрген тұндыру технологиясының әртүрлі варианттарынан ион алмасу әдісінің артықшылықтары: уранның концентрленуінің жоғары дәрежелілігі, мысалы 0,1-ден 15-20, тіпті 30-40 г/л-ге дейін жетуі; регенераттың тазалығы және оның бай және таза урандық химиялық концентраттар алу мүмкіндіктерін туғызатын уранға байланысты сұрыптылығы; қоймалжыннын қайта өндеу үшін колданылу мүмкіндігі.
Осындай үлгідегі, жоғары экономикалық әдіс жоғары сапалы өнім алуға мүмкіндік береді.
