Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Уран химиясы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

6.5.2 Күшті қышқылды катиониттермен сорбциялау

Бұл кластың иониттерінің өкілдеріне - кеңестік КУ-2 катиониті жатады. Бұл - күшті қышкылды полимерлік типті ионит, ол стирол мен дивинилбензолдың сополимерін сульфидтік хлорлау арқылы алынады.

Уран (VI) сорбциясының осы катионитінен өте - мықты изотермасы (6.6а-сурет), иондардық шайырғе үлкен ұқсастығын дәлелдейді. Сонымен қатар, КУ-2-ң қолданылуы сорбция және десорбция үрдістерінің жоғары жылдамдығымен ерекшелінеді (кейбір мәліметтер бойынша, сорбциялық тепе-теңдік 6-10 минут ішінде орнайды). КУ-2 катионитінің алмасулық сыйымдылығының орта рН-нын мәніне тәуелділігі қызығушылық туғызады.

Бұл тәуелділік 6.6б-суретте көрсетілген, яғни бұнда тек қана КУ-2 қолданылған тәжірибелер ғана емес, сонымен қатар кеңес одағында шығарылатын басқа да катиониттермен жүргізілген тәжірибелер нәтижелері келтірілген.

Бұнда бір көніл аударарлық жағдай, катиондар сыйымдылығының ерітінді рН-ның көтерілуіне байланысты өсуі және жоғары рН аймағында сульфат бойынша толық алмасулық сыйымдылык мәндерінін, артып кетуі. Бұл құбылыс, жалпы формуласы уранил иондарының сорбциясымен шартталған:

UО2[OUО2]n2+

Мұндағы, n - ортаның рН-ы 0-ден 1,2-ге дейін өсу шамасы бойынша өзгеріп отырады.

КУ-2 катионитінің жағымды қасиеттерінің бірі - уранның шайыр фазасынан аммоний нитраты ерітіндісінің көмегімен толық және жақсы десорбциялануы. Уран технологиясында КУ-2 катионитін оның төменгі сұрыптығына байланысты сирек қолданады. Расында да, баска орталарға қарағанда уранның сұрыптық сорбциясы жоғары күкірт қышқылдық орталардың өзінде де уранның және қоспалардың таралу коэффициенттері мынадай (0,5н H2SО4 үшін): UO22+ -29,2; ТҺ - 263; Mg -124; Fe(III) -255; Al -540; Cu(II) -128; Се (III)- 103.

а) б)

6.6-сурет. Уранның күштінегізді катиониттермен сорбциясы:

a - КУ-мен жүргізілетін сорбцияның әртүрлі рН-тағы изотермасы;

б - әртүрлі катиониттермен жүргізілетін сорбциянын, ортаның рН-на

тәуелділігі: 1-МСФ -3 катиониті; 2 - КУ-2; 3 - СДВ-3; 4 - КУ-1; 5-СВС-1.

Уранның басқа катиондардан бөлінуін элюирлеу үрдісінде уранның сульфат иондармен комплекс түзу кабілеті арқасында (мысалы, СЖЭ-ге тән) кол жеткізуге болады. Сонымен катар, комплекс түзгіштерді қолдана отырып, біркатар элемент - қоспаларды, олардын, сорбциясын болдырмау мақсатында берік комплекстерге байланыстыруға болады. Мысалы, ЭДТА-ны Fe, Mo, V, Си және РЬ комплекстеріне байланыстырады. Бұл уран сорбциясының сұрыптығын көрсетеді.

Қорыта келе, 1-ші класты күштінегізді иониттер де, ал кейбір жағдайларда күшті кышкылды иониттер де - активті және сенімді сорбенттер. Бүл иониттер онша сұрыпты емес, өйткені олар уранмен катар SO42+, Fe, P, Аs, V, СЖЭ, Аl, ТҺ және т.б. сорбциялайды. Осының әсерінен көптеген қиындықтар туады. 1-класты иониттердің кемшіліктері - олардың сыйымдылығы ерітіндіде тұздардың болуына байланысты күрт төмендейді.

Күшті қышқылдардың немесе негіздердің қасиетін көрсететін 2-ші класты иониттер, 1-класты иониттермен салыстырғанда үлкен сұрыпты және «фондық» қоспаларға онша сезімтал емес. Сондықтан