Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БЖЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Пререналды және реналды бжз-ның дифференциальды диагностикасы (s. Steddon e.A., 2006)

Көрсеткіштер

БЖЗ

Преренальді

Ренальді

Зәрдің салыстырмалы тығыздығы

> 1020

< 1010

Зәрдің осмолярлығы (мосм/кг)

> 500

< 350

Зәрдің осмолярлығының қанның осмолярлығына қатынасы

> 1,5

< 1,1

Зәрдегі натрийдың концентрациясы (ммоль\л)

< 20

> 40

Na экскрецияланатын фракциясы(FENa)1

< 1

> 2

Мочевинаның экскрецияланатын фракциясы (FEUr)2

< 35

> 50

Плазмадағы мочевина/креатинин қатынасы

> 10

< 15

Зәрдегі мочевина деңгейінің плазмадағы мочевинаға қатынасы

> 8

< 3

Зәрдегі креатининнің плазмадағы креатининге қатынасы

> 40

< 20

Бүйрек жетіспеушілігінің индексі3

< 1

> 1

1* (Na+ зәрдегі/ Na+ плазмадағы) / (креатинин зәрдегі/креатинин плазмадағы) х 100 (5-қосымшаны қара)

2*(мочевина зәрдегі/ мочевина плазмадағы) / (креатинин зәрдегі/креатинин плазмадағы) х 100 (6-қосымшаны қара)

3* (Na+ зәрдегі/ креатинин зәрдегі) / (креатинин плазмадағы) х 100

Зерттеудің визуалды әдістері

Ультрадыбысты зерттеу – бүйрек өлшемдерін, зәр жолдарының бітелуін анықтайтын ең ақпаратты әдістердің бірі.

БЖЗ дамыған науқасқа ары қарай зақым тигізбеу үшін басқа инструменталды әдістерді сақтықпен таңдау қажет. Құрамында йоды бар контрасты заттарды қолданумен өткізілетін экскреторлы урография, контрасттаумен жүргізілетін КТ БЖЗ-ның себебі болуы мүмкін. БЖЗ бар науқаста ионды, сонымен қатар ионды емес контрастты заттар да зақымдалуды өршітуі мүмкін. Қауіп-қатер факторларына науқастың жасы, қант диабетінің болуы, дегидратация және т.б жатады.

Магнитті-резонансты томография бүйрек қан ағымын, анатомиялық құрылымдарын визуалды зерттеудің қосымша әдісі болып табылады.

Іш қуысы мен жамбас астауы мүшелерінің компьютерлік томографиясы несепағарлардың, несепқуықтың немесе уретраның жамбастық бөлімінің бітелу себебі уролитиаз емес, онкологиялық патологияға байланысты болғанда қолданамыз. Бір жақты немесе екі жақты несепағарлардың бітелуін нақтылау үшін, сонымен қатар бүйректік циркуляцияның сақталғанын анықтау үшін 99mTc-DTPA нефросцинтиграфия әдісін қолданады. 99mTc-DTPA сканирлеу пиелонефрит және бүйректің паренхимасының тыртықтануына күмән болғанда көрсетілген. Несеп жолдарының өткізгіштігін нақтылау үшін цистоскопия және ретроградты пиелография қолданылуы мүмкін. БЖЗ-ның тамырлық себебін анықтау үшін бүйрек тамырларының УДДГ, сирек жағдайда – бүйрек тамырларының мультиспиральді МРТ қолданамыз.

Кеуде қуысының рентгенологиялық зерттеуі гиперволемия көріністерін көрсетеді (өкпе ісінуі, өкпеқаптық сұйықтық, жүректің ұлғаюы). Іш қуысын жалпы түсіргенде нефрокальциноз, уролитиаз, ұлғайған өзгерістер мен сүйектік өзгерістерді байқаймыз.

Эхокардиография және ЭКГ жүректің патологиясын, жүрекқаптық сұйықтықты көрсетуі мүмкін.

Электроэнцефалография және мидың визуализациясы неврологиялық симптомдар болса қолданылады.

Нефробиопсия БЖЗ-ның себебі анықталмаған жағдайда, бастысы - БЖЗ-ның дамуымен жүретін нефритикалық синдромда және жүйелі ауруларда, интерстициалды нефритте, сонымен қатар трансплантацияланған бүйректің жедел зақымдалуында қолданылатын диагностикалық таңдау әдісі болып қалуда.

БЖЗ анықтауда: мына екі жағдай - жедел бітелу және қайтымды пререналды зақымдалу шұғыл түрде жоққа шығарылуы керек. Өз уақытында оларды жоюға бағытталан шаралар бұдан да ауыр асқыну - жедел тубулярлы некроздың дамуын азайтады.