- •Бүйректің жедел зақымдалуы
- •Мазмұны
- •Бүйректің жедел зақымдалуының (бжз) анықтамасы
- •2. Бүйректің жедел зақымдалуының себептері және жіктелуі
- •Пререналды себептері
- •Ақк азаюы
- •Жүрек лақтырысының төмендеуі
- •Жүйелі вазодилятация
- •Бүйрек ішілік вазомоторлы өзгеріс
- •Реналды бүйректің жедел зақымдалуы
- •Постреналды бжз
- •3. Бүйректің жедел зақымдалуының патогенезі
- •Пререналды бүйректің жедел зақымдалуы
- •Жедел тубулярлы некроздың патофизиологиясы
- •Постреналды бүйректің жедел зақымдалуының патогенезі
- •4. Бүйректің жедел зақымдалуының клиникалық көріністері мен диагностикасы
- •Анамнез:
- •Пререналды және реналды бжз-ның дифференциальды диагностикасы (s. Steddon e.A., 2006)
- •Зерттеудің визуалды әдістері
- •Бүйректің жедел зақымдалуының клиникасы
- •Бүйректің жедел зақымдалуының емі
- •Бүйректің жедел зақымдалуының сатыларына байланысты науқастарды емдеу әдісі (kdigo, 2012).
- •Пререналды бүйректің жедел зақымдалуы
- •Реналды бүйректің жедел зақымдалуы
- •Контраст-индуцирленген нефропатия
- •Mehran (jacc, 2004) бойынша контрастты нефропатияның қауіп көрсеткіші
- •Постреналды бүйректің жедел зақымдалуы
- •Бүйрек қызметін алмастыру терапиясы
- •Диализ емінің қағидалары
- •Ұзартылған бүйрек қызметін алмастыру терапиясы
- •Перитонеалды диализдің ұстанымдары
- •Перитонеалды катетердің орнату әдістерін салыстыру (John a. Kellum, Cl. Ronco, crrt, Oxford Press, 2010)
- •Перитонеалды диализ өткізу техникасы
- •Бжз кезіндегі диализ мөлшері
- •Бат әдістерін салыстыру (John a. Kellum, Cl. Ronco, crrt, Oxford Press, 2010)
- •Қорытынды
- •Шфж анықтаудың есептік әдістері:
- •Қанның негізгі биохимиялық көрсеткіштері, қалыпты
- •Қанның қышқылды-сілтілі көрсеткіштері
- •Натрийдің экскрецияланатын фракциясын анықтау әдісі (feNa):
- •Мочевинаның экскрецияланатын фракциясын анықтау әдісі (feUr):
Перитонеалды диализдің ұстанымдары
Дамыған елдерде БЖЗ емінің негізінде аппаратты ұзартылған бүйрек қызметін алмастыру терапиясы қолданылады (ҰБАТ). Дамытушы елдерде ПД ересектерде, әсіресе балаларда, жиі БЖЗ-ын емдеуде жалғыз әдіс болып табылады. Ол ұзартылған интракорпоралды бүйрек қызметін алмастыру әдісі.
20
– сурет.
Перитонеальді
тасымал
(түсіндірме
мәтінде)
Перитонеалды диализ жүргізу ұстанымы-диффузия, конвекция және ультрафильтрацияға негізделген. Ұзартылған бүйрек қызметін алмастыру терапиясындағыдай, конвекция және ультрафильтрация басты механизм болып табылады (жоғары қара). Құрсақтың париеталды капиллярларының қабырғасы жартылай өткізгіш мембрана рөлін атқарады. (20 сурет). Ультрафильтрация құрсақ қуысына арнайы катетермен енгізілетін гипертониялық ерітінді (глюкоза) арқылы жүреді. БАТ-ның мына әдісінде азоттық қалдықтар диализатқа диффузия немесе молекула өлшеміне қарай емес, плазма суымен белсенді емес жолмен түседі (конвекция).
ПД арналған катетерлер және катетерді орнату әдістері
А Б В
21- сурет. А) ПД арналған катетерлер; Б) кіші жамбастағы катетердің орналасуы; В) диализдеуші ерітіндімен байланысы (түсіндірмесі мәтінде) (Ахмад С, 2011 ж).
Перитонеальді диализ жүргізуге арналған катетерлердің бірнеше түрлері бар (21-сурет). А) Жедел ПД ересектерде ең жиі тік немесе иілген Тенкофф катетері, ал балаларда дакрондық манжеті бар катетерлерді қолданған жөн. Манжетсіз катетерлердің кемшіліктері – ағып кету, инфицирлену және катетер диспозициясы болуының үлкен қаупі бар. Манжеті бар катетерлердің кемшіліктері–лапаротомдық немесе лапароскопиялық енгізу әдісі қажет. (балалардағы жүйелі анестезия, алдын ала дайындау және седация);
Б) Дұрыс орнатылған перитонеалды катетердің ішкі ұшы кіші жамбаста орналасу қажет;
В) Катетердің сыртқы ұшы екіқалталы жүйесі бар диализирлеуші ерітіндіге «люер-лок» замогымен жалғасады. (1-іш қуысына енгізу үшін глюкоза ерітіндісі, 2-құрсақ қуысындағы диализатты дренаждау үшін бос болады), бұл өз кезегінде перитонит даму қаупін төмендетеді.
22 - сурет. Дакрондық манжеті бар перитонеальді катетерді енгізу техникасы (Ахмад С. Клиникалық диализ. Нұсқау, 2011 ж.).
Перитонеалды катетерді енгізу техникасы (22-сурет): кіндіктен төмен бүйіріне қарай 1-2 см-ге тілік жасап, лапаратомды немесе лапароскопиялық әдіспен катетерді іш қуысына енгізу. Дакрондық манжет болса – біріншісін кисетпен париетальді ішке, екіншісін теріастылық шелмайда ағып кету, инфицирлену және катетер диспозициясын алдын алу үшін қалдырады.
Перитонеалды катетерді орнатудың 3 әдісі бар: 1) Сельдингердің тері асты әдісі – көбінесе ересектерде қолданады 2) хирургиялық лапаротомдық 3) хирургиялық лапароскопиялық – ең қауіпсіз, қолайлы әдіс (перитонит және катетер диспозициясының даму қаупі төмен, алайда кейбір катетерлердің түрлерін тек қана лапаратомдық әдіспен орнату керек) (9-кесте).
9-кесте
