- •Бүйректің жедел зақымдалуы
- •Мазмұны
- •Бүйректің жедел зақымдалуының (бжз) анықтамасы
- •2. Бүйректің жедел зақымдалуының себептері және жіктелуі
- •Пререналды себептері
- •Ақк азаюы
- •Жүрек лақтырысының төмендеуі
- •Жүйелі вазодилятация
- •Бүйрек ішілік вазомоторлы өзгеріс
- •Реналды бүйректің жедел зақымдалуы
- •Постреналды бжз
- •3. Бүйректің жедел зақымдалуының патогенезі
- •Пререналды бүйректің жедел зақымдалуы
- •Жедел тубулярлы некроздың патофизиологиясы
- •Постреналды бүйректің жедел зақымдалуының патогенезі
- •4. Бүйректің жедел зақымдалуының клиникалық көріністері мен диагностикасы
- •Анамнез:
- •Пререналды және реналды бжз-ның дифференциальды диагностикасы (s. Steddon e.A., 2006)
- •Зерттеудің визуалды әдістері
- •Бүйректің жедел зақымдалуының клиникасы
- •Бүйректің жедел зақымдалуының емі
- •Бүйректің жедел зақымдалуының сатыларына байланысты науқастарды емдеу әдісі (kdigo, 2012).
- •Пререналды бүйректің жедел зақымдалуы
- •Реналды бүйректің жедел зақымдалуы
- •Контраст-индуцирленген нефропатия
- •Mehran (jacc, 2004) бойынша контрастты нефропатияның қауіп көрсеткіші
- •Постреналды бүйректің жедел зақымдалуы
- •Бүйрек қызметін алмастыру терапиясы
- •Диализ емінің қағидалары
- •Ұзартылған бүйрек қызметін алмастыру терапиясы
- •Перитонеалды диализдің ұстанымдары
- •Перитонеалды катетердің орнату әдістерін салыстыру (John a. Kellum, Cl. Ronco, crrt, Oxford Press, 2010)
- •Перитонеалды диализ өткізу техникасы
- •Бжз кезіндегі диализ мөлшері
- •Бат әдістерін салыстыру (John a. Kellum, Cl. Ronco, crrt, Oxford Press, 2010)
- •Қорытынды
- •Шфж анықтаудың есептік әдістері:
- •Қанның негізгі биохимиялық көрсеткіштері, қалыпты
- •Қанның қышқылды-сілтілі көрсеткіштері
- •Натрийдің экскрецияланатын фракциясын анықтау әдісі (feNa):
- •Мочевинаның экскрецияланатын фракциясын анықтау әдісі (feUr):
Постреналды бжз
Постреналды бүйректің жедел зақымдалуы несеп жолының: екі жақты несепағардың, несепқуықтың немесе уретра обструкциясы салдарынан болатын зәр шығарылуы бұзылғанда дамиды. Балаларда БЖЗ:
Туа пайда болған ақауларда (артқы уретра клапаны);
Несеп жолдары тастармен бітелгенде;
Ісік үдерістері салдарынан қысылған кезде дамиды.
Постреналды БЖЗ қауіп қатер тобына көбіне қуықасты безі гипертрофиясымен, ісігімен зардап шегетін егде жастағы ер адамдар жатады. Обструкцияның себептері тастар, қан ұйындылары, некрозданған емізікшелер, ісіктер, ретроперитонеальді фиброз, операция кезіндегі несепағардың зақымдануы, уретра стриктуралары болуы мүмкін.
№6 клиникалық мысал
72 жастағы ер адам, 2 күн бойы несеп шығармағанына шағымданады. Осы уақытқа дейін жиі-жиі түнде несеп шығаратынына (бір түнде 8 ретке дейін), сонымен қатар несеп шығару кезінде зәрдің бөлінуі ұзақ уақыт, үзілісті болуына, несеп шығару соңында несепқуықтың босамауы сезіміне шағымдары болған. Бұл шағымдары үш жыл бұрын пайда болып, біртіндеп үдей түскен. Жалпы жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тері тургоры қалыпты. Гемодинамикасы өзгеріссіз. АҚҚ 125/80 мм.с.б.б., симфизді пальпациялау барысында қасаға үстінде жұмсақ, басқанда ауырмайтын түзіліс анықталды. ЖҚА ерекшеліктерсіз, биохимиялық қан анализінде: креатинин 320 мкмоль/л, мочевина 14ммоль/л, зәрде лейкоциттер 12-16 к/а, эритроциттер 4-6 к/а.
Талқылау
Несеп шығару өзегінің бітелуі нәтижесінде дамыған постреналды БЖЗ, 3 (F) сатысы, 24 сағаттан артық ануриямен және сарысу креатининінің 3 еседен артық жоғарлауымен байланысты (KDIGO, 2012). Бұл жастағы науқастарда ең мүмкін болатын себебі – қуықасты безінің гиперплазиясы (қатерсіз және қатерлі). Қуық асты безінің гиперплазиясының этиологиясы – тестостерон өндірілуінің бұзылысы. Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы, ал кейде оның жасушаларының рактық өзгерісі дамуы мүмкін. 70 жастан кейін ер адамдарда кездесу жиілігі 90%. Несептің іркілуі зәршығару жүйесі инфекциясының дамуына ықпал жасауы мүмкін. Диагностикасы: осыған тән шағымдары мен анамнезі, несепқуықтың, қуықасты безінің пальпациясы, гиперкреатининемия, ЖЗА. Бүйрек, несепқуық және қуықасты безінің УДЗ-і, микционды цистография, қатерлі және қатерсіз түзілістер арасында ажырату диагностикасын жүргізу үшін – қуықасты безіне тән антиген деңгейін анықтау. Тез арада жүргізілетін ем: қуық катетеризациясы, зақымдалу сатысы мен себептеріне байланысты қуық асты безі көлемін оперативті (трансуретральді резекция, простатэктомия) немесе консервативті (альфа-адреноблокаторларды тағайындау) кішірейту.
Қазіргі кезде БЖЗ-ның: ауруханалық және ауруханадан тыс 2 түрін ажыратады.
Ауруханадан тыс БЖЗ пререналды (70%), постреналды (17%) себептерден дамиды, олардың ішінде жалпы өлім көрсеткіші 15% құрайды. Ауруханалық БЖЗ-да өлім көрсеткіші жоғары. 40%-да ЖТН болады, 15% дәрілік препараттар, 10% рентгенконтрастты препараттар, 5% ҚҚСЕП әсерінен дамиды. БЖЗ реанимация бөлімшесінде көбіне ЖТН нәтижесінде дамиды (76%), ал пререналды себебі аз (18%) (Р.Шрайер, 2009). ЖТН реанимация бөлімшесінде көп факторлы және полиорганды жетіспеушілік синдромының бір көрінісі болып табылады.
