Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БЖЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Постреналды бүйректің жедел зақымдалуы

Постреналды БЖЗ емінде әдетте міндетті түрде урологтың қатысуы талап етіледі. Терапияның негізгі міндеті - бүйректің қайтымсыз зақымдалуының алдын алу үшін зәр бөлінуін тез арада қалыптастыру. Мысалы, қуық асты безінің гипертрофиясы салдарынан болған обструкцияда Фолей катетерін енгізген тиімді. α-адреноблокаторлармен терапия немесе қуық асты безін хирургиялық жолмен алып тастау мүмкін. Егер несеп жүйесінің обструкциясы уретрада немесе қуық мойнында болса әдетте трансуретралды катетер қояды. Егер несеп шығару жолдарының жоғары деңгейлі обструкциясы болса тері арқылы нефростома қою талап етіледі. Әдетте бұл шаралар диурездің толық қалпына келуін, өзекішілік қысымның төмендеуін және шумақтық фильтрацияның қалпына келуін қамтамасыз етеді.

Несепағардың обструкциясы болса цитоскопия кезінде себеп болған жағдайды жоюға болады және де несепағарлық катетер көмегімен немесе стентпен тастың, іріңнің, басқа да бітеп тұрған қою нәрселердің төмен жүруіне жағдай жасауға тырысады. Егер бұл мүмкіндіктер нәтижесіз болса, хирургиялық араласуды қажет етеді.

  1. Бүйрек қызметін алмастыру терапиясы

Егер БАТ керек жағдай туса, БЖЗ бар науқастарға бүйрек қызметі қалпына келгенше 2 ден 6 аптаға дейін диализ жүргізіледі.

Бүйрек қызметін алмастыру терапиясын қажет ететін БЖЗ науқастарды емдегенде келесі сұрақтарға жауап беру қажет:

  • Қашан БАТ бастаған тиімді?

  • Қадай әдіс тиімді?

  • Қандай БАТ түрін қолданған тиімді?

  • Қандай еріген заттардың клиренс деңгейін бақылаған дұрыс?

Бүйректің жедел зақымдалуында диализ тағайындауға тура арнайы көрсеткіш жоқ, оны нефролог әр жағдайға байланысты жеке анықтайды. Диализді қай уакытта бастау керектігі туралы нақты көзқарас жоқ, бірақ көптеген клиницистер уремиядан дамитын жағдайларды болдырмау үшін, мүмкіндігінше ерте тағайындауға тырысады. ҚЕБ-де жатқан науқастар категориясына өз уақытындағы диализ тірі қалуды жақсартуы мүмкін. Өмірге қауіпті су және электролит тепе-теңдігі, сонымен қатар қышқыл-негіз тепе-тендігі бұзылған жағдайда тез арада БАТ бастау қажет.

БЖЗ-да БАТ сеансын жүргізуге абсолютті көрсеткіштер:

  • Жүрекқаптық сұйықтықтың жиналуы немесе энцефалопатия сияқты уремиялық интоксикацияның клиникалық көріністері;

  • емге көнбейтін метаболикалық ацидоз (рН<7,1, негіздер дефициты -20 және одан жоғары ммоль/л, НСОЗ- <10 ммоль/л);

  • гиперкалиемия > 6,5 ммоль/л немесе ЭКГ айқын өзгерістері (брадиаритмия, ритм диссоциациясы, ауыр дәрежеде электр өткізгіштігінің баяулауы);

  • медикаментозды емге (диуретиктерге) көнбейтін гипергидратация.

БАТ сеансын өткізуге салыстырмалы көрсеткіш - кейін қайтпайтын қандағы мочевина мен креатининнің күрт және үдемелі жоғарылауы, яғни уремиялық интоксикацияның клиникалық көріністерінің нақты даму қаупі.

БАТ арқылы ”бүйректік қолдау” әдісін жүргізуге көрсеткіштер болып табылады: толыққанды қоректендіру, жүрек жетіспеушілігі кезіндегі сұйықтықты шығару, көп мүше жетіспеушілігі бар науқаста гидробалансты қалыпты қолдау.

ҚЕБ-гі науқастар үшін қантамырлық ену жолы өте маңызды болып табылады, сонымен қатар экстракорпоралды емнің де бағаланбайтын аспектісі (8-сурет). Ену жолы дұрыс болмаған кезде қанның рециркуляциясына және/немесе еріген зат клиренсі коэффициентінің төмендеуімен көрінетін адекватты емес қан ағысына әкелуі мүмкін. Катетердің жұмыс істеуіне әсер ететін факторларға жататындар: катетер пішіні және қою орны. Ұзақ уақыт бекітуге арналған катетерлер (перманентті,туннелді) ұзындығы 15 см-ден 24 см-ге дейін болады. Қысқа 15 см катетер оң жақ ішкі мойындырық венасына қоюға арналған, ал 20 см немесе одан ұзын катетерлер сол жақ мойындырық және/немесе сан венасына қоюға арналған. ҚЕБ-де диализдік катетерлерді мойындырық немесе сан венасына қою керек, негізінен оң жақ мойындырық венасы бірінші кезекте болады. Сан венасына қойылатын катетер қанның рециркуляция дәрежесін төмендету үшін ұзындығы 19 см-ден кем болмауы керек. Үшінші кезекте сол жақ ішкі мойындырық венасы қолданылады (9-сурет). Мүмкіндігінше катетерді бүғана асты венасына ҚОЙМАҒАН ДҰРЫС, себебі осы венаның стенозы мен тромбоздану қаупі жоғары. Орталық веналық катетерді ультрадыбыс көмегімен қою ұсынылады. Катетерді, ішкі мойындырық немесе бұғанасты венасына қойған кезде қолданар алдында бірінші кезекте кеуде торы мүшелерінің рентгенографиясы ұсынылады.

(таңдау орнату орнына тәуелді: қысқасы – мойындырық көктамырына, ұзыны – сан көктамырына)

8-сурет. БАТ үшін қантамырлық ену жолы

9-сурет. Гемодиализге арналған катетерлер түрлері

Катетер күтімі катетер дисфункциясына немесе инфекциялануына жол бермейді. Катетер дисфункциясы кеңістіктің тромбозы немесе катетер бойымен фибринді жіпшенің түзілуімен байланысты. Катетер дисфункциясын алдын алу мақсатында гепариндік тосқауылды қолдану дәлелденбеген. Осыған байланысты көптеген емханаларда тромб түзілуінің алдын алу үшін 4% цитратты немесе гепаринді қолдануда. Катетер дисфункциясы белгілері кезінде катетер желісінің орнын ауыстыруға болады қызыл (қан алу), көк (қанды қайтару). Егер катетер ұзындығы жеткілікті болса, қанның рециркуляция дәрежесі шыдамды болады. Сан катетері қойылған науқаста 1 аптадан кейін және мойындырық катетері қойылған науқаста 3 аптадан кейін қан өткізгіш инфекцияның даму қаупі жоғарлайтынын білу керек. Мүмкіндігінше катетерді қолдану осы уақыт мерзімімен қысқартылуы керек. Катетер енген жерде инфекция анықталған жағдайда, катетерді тез арада алып тастау керек. БЖЗ кезінде туннелды емес диализдік катетерлерде катетер-ассоцирленген инфекцияны алдын алу үшін антибактериалды тосқауылды қолдану керек емес.