Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӘРІС микроб каз.гр..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
321 Кб
Скачать
☆

Қоректі орталар келесі талаптарға сай болу керек.

Қоректі орталар лабораториялық жағдайда микробтарды өсіру үшін қажет.

  1. Олар нәрлі, яғни микроб тіршілігіне керекті барлық заттары болуы керек. Орталардың құрамына органогендер (азот, көміртегі, оттегі, водород); тұздар (натрий, калии т.б.); микроэлементтер (темір, мыс, хром, цинк және т.б.) және өсу факторлары (витаминдер, гормондар) кіреді.

  2. Микробтар тіршілігіне лайықты рН-7,2-7,4 (водородты ионның концентрациясы) аз сілітілі болуы керек.

  3. Микробсыз «стерильді» болуы тиіс, өйткені бөтен микробтар зерттейтің микробтардың өсуіне кедергі жасайды.

  4. Изотоникалық болуы керек (қоректік ортада осмотикалық қысым клетканың ішіндегі қысыммен бірдей болу керек), яғни хлорид натрийдің 0,9 % концентрациясын қосу арқылы жеткізіледі.

Қоректі орталардың классификациясы.

А. Қоректі орталар қандай азық түлектен, химиялық заттардан дайындалғанына қарай екі түрін айыру керек:

  1. натуралды (табиғи) өсімдіктерден, жануарлардан алынған заттардан дайындайды: ет, сүт, картоп, жұмыртқа және т.б.

  2. синтетикалық (жасанды) орталарды химиялық таза органикалық және органикалық емес қосылыстардан, белгілі бір дәл концентрацияда алынып және екірет дисциллирген суда ерітіліп жасалады.

Б. Консистенциясына байланысты қөректік орталар:

  1. сұйық

  2. жартылай сұйық

  3. тығыз болып келеді.

Сұйық ортадан қатты және жартылай сұйық орталардың консистенциясын алу үшін агар-агар немесе желатин қосады.

Агар-агар – балдырлардан алынған полисахарид. Ол микробқа қоректі зат болмайды, тек қана тығыздықты беру үшін қосылады. Агар 80-100ºC ериді, 40-45ºC қатады.

Желатин – жануар тегі ақуыз. 25-30ºC-да желатинды орталар балқиды, сондықтан да культураны желатинда бөлме температурасында өсіреді. Кейбір микроорганизмдер желатинді қоректік орта ретінде қолданады: олардың ферменттерінің әсерінен желатин ериді.

В. Құрамына қарай орталар:

  1. Қарапайым

  2. Күрделі деп бөлінеді

Қарапайым орталарға ет-пептонды агар (ЕПА), ет-пептонды сорпа (ЕПС), пептонды су жатады. Қарапайым орталарды негізгі деп те айтады, оларды көптеген патогенді батериялардың культурасын алғанда қолданады және күрделі орталардың негізін құрайды.

Күрделі орталар дайындау үшін қарапайым орталарға көмірсулар, қан, қанның сары суын және микробтардың көбеюіне қажетті басқа заттарды қосады.

Г. Ортаны қолдану мақсатына қарай:

  1. Байыту орталар – бұл белгілі бір бактерияның өсуіне жоғары мүмкіндіктер жасап, басқа бактериялардың өсуін басатын орталар. Мысалы: натрийдің селенитің қосылған орта Salmonella тұқымдастығына жататын бактериялардың өсуін күшейтіп, ішек таяқшасының өсуін басып отырады.

  2. Элективті деп белгілі бір түрге жататын микроорганизм ғана жақсы өсетін ортаны атайды. Мысалы: рН 8,0 пептоды суда тек холера вибрионы ғана белсенді көбейеді, ал басқа микробтар өспейді. Стрептококктарды өсіру үшін қоректі ортаға қант, пневмо - менингококктар өсу үшін қанның сары суын қосады, ал көкжөтелдің қоздырғышына қан керек.

  3. Дифференциалды-диагностикалық қоректі орта дегеніміз - бір микробтың түрін екінші микробтың түрінен ферменттердің белсенділігі арқылы ажырату.

Орталарды дайындау кезеңдері: қайнату→оптимальді рН орналастыру→түссіздендіру→фильтрация→құйю→стерилизация→бақылау.