Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӘРІС микроб каз.гр..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
321 Кб
Скачать
☆

Қазіргі кезде қолданылатын эпидемиялық паротиттің диагностикасы. Лабораторлы диагностика.

  1. Вирусологиялық әдіс-науқастардан вирусты бөліп алу ческий метод - выделение вируса от больных

  2. Экспресс әдіс –иммунофлюорисценция—жеңіл, тез, ыңғайлы, люминисцентты микроскопия көмегімен..

  3. Бактерилогиялық әдіс..

  4. Серологиялық әдіс.—РГГА, РПГА, РСК.

  5. Микоплазмалық инфекцияда қосымша қоздырғыштың қанында, қақырықта микробиологиялық бөліп алуы.

  6. ПЦР диагностика

Емі

Науқасты күту тәуелі және тәуелсіз кірісулерге байланысты жүргізіледі.

Тәуелді кірісулер: Дәрігер тағайындауларын орындау(дәрі қабылдау, парентеральды процедуралар, бактериологиялық және клиникалық зерттеуоерге материалды алу). Тәуелсіз кірісулер:

-дене қызуын және АҚ өлшеу, нәжіс пен зәрді қарау. – науқасқа қатал төсек режимін сақтау;

-диетаны,сұйықтықты қабылдауды сақтау .

- науқастың жалпы жағдайын қадағалау.

- науқас төсегінде өтпелі дезинфекцияны жүргізу.

Емдеу принциптері:

Базис-терапия

  1. Симптоматикалық терапия

  2. Этиотропты терапия

  3. Патогенетикалық терапия

Алдын- алуы:

  1. Тұмау, күл, қызылша, көкжөтел, қызамық, эпид.паротиттегі активті күнтізбелі профилактикалық егулер жүргізу..

  2. Менингококкты инфекция , желшешек кезінде арнайы вакциналар өндіріліп жатыр.

Анаэробты инфекция - анаэробтар тудыратын жұқпалы ауру, жалпы интоксикациямен, тіндік некрозбен, олардың ыдырауымен сипатталады. Әдетте анаэробты инфекцияны жарақат деп түсінеді, бірақ анаэробтар кез-келген мүшелер мен тіндерді зақымдай алады.

Анаэробты инфекция облигатты анаэробтармен туатын 2 топқа бөлінеді: спора түзетін бактериялар (клостридиялар) және спора түзбейтін бактериялар (клостридиялы емес анаэробтар). Clostridium туысының бактериямен тудырылатың жарақатты инфекциясы (C.perfrigenns, C. novyi, C. ramosum) газды гангрена деп аталады.

Морфологиясы мен дақылды өсіру. Газды гангренаның қоздырғыштары – грам оң таяқша бактериялар, сопақша спора түзетін. Газды гангрена клостридиялары зақымдалған тіндерде капсула түзеді. Анаэробты жағдайда сұйық және тығыз қоректік орталарда өседі.

Патогенді факторлары. ОЖЖ-не әсер еттіп экзотоксин түзеді; эритроцитті ыдырататын гемолизин ферменттерін бөледі – коллогеназа, гиалуронидаза, дезоксирибонуклеаза.

Резистенттілігі. Оттегі, қышқылға, күн сәулесіне, қышқылдың жоғары температурасына, дезинфекциялық ерітінділерге сезімтал болып келеді. Споралары жоғары температураға, қышқылдарға, және басқа физикалық, химиялық факторларға тұрақты.

Эпидемиологиясы. Газды гангрена қоздырғыштары кең таралуына байланысты өте жиі кездеседі, әсіресе жаппай жарақаттармен жараға уақытында хирургиялық өндеу жүргізбегенде.

Патогенезі және клиникалық белгілері. Газды гангрена қоздырғыш жарақатқа түсу нәтижесінде, әсіресе жарақатта некрозды тіннің болуы мен ағзаның тұрақтылығы төмендегенде дамиды. Токсиндермен ферменттер ағзада сау тіндердің жарақаттануына және ауыр жалпы интоксикацияға әкеледі. Жасырын кезеңі 1-3 күн, клиникалық көрінісі әрқилы және ісікке, жарақатта газдың түзілуіне, іріңнің пайда болуына, интоксикацияға әкеледі. Аурудың ағымын микрофлораның өкілдерінің (стафилококк, протей, ішек таяқшасы, бактериодтар) болуы қиындатады.

Иммунитеті. Аурудан кейін иммунитет пайда болмайды.

Микробиологиялық диагностикасы. Зерттеу материалдары: зақымдалған тіндердің бөлшектері, жараның бөліндісі, қан; оларды микроскопиялық зерттейді және бактериологиялық әдісті де қолданады.

Емдеуі. Хирургиялық: барлық жойылған тіндерді алып тастау. Операциядан кейін кең спектрлі әсерлі антибиотиктерді, гангренаға қарсы антитоксикалық сарысуды тағайындайды.

Сақтандыруы. Жарақаттарды дұрыс хирургиялық өндеу, операция кезінде асептика және антисептикалық шараларды қатаң сақтау.