Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӘРІС микроб каз.гр..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
321 Кб
Скачать
☆

6. Онкогенді вирустар.

Ең алғаш рет қатерлі аурулардың дамуына вирустардың этиологиялық ролін Раус 1910ж. анықтаған.

Морфологиясы.Oncovirinae туыстығына жатады және құрамы өте күрделі. Вирион жүрекшеден және тікен тәрізді суперкапсидттен тұрады. Жүрекшенің құрамына куб тәрізді капсид, фермент және геном, екі бірдей жіпше РНҚ тұрады. Вирустарды жануарлардың ағзасына енгізіп өсіреді.

Резистенттілігі - эфирлерге, УК сәулелерге сезімтал.

Патогенезі. Онкогенді вирустардың негізгі жалпы қасиеті, олар қалыпты жасушаларды қатерлі жасашаға өзгертеді. Жасушаға енген вирустар оны бұзбай, тек белсенді көбеетіндей өзгертеді, бұл ағзаға қатерлі болып табылады.

Баяу вирусты инфекциялардың қоздырғыштары.

Баяу вирусты инфекциялар келесі белгілерімен сипатталады:

  • Ұзақ жасырын кезеңмен (бірнеше айдан бірнеше жылға дейін);

  • Ағзаны және тіндерді ерекше зақымдауымен, көбінесе орталық жүйке жүйесі;

  • Баяу, бірақ міндетті түрде өршитін ауру;

  • Міндетті түрде өлу.

Адамның бірқатар вирусты инфекцияларының қоздырғыштары

Қоздырғыштар

Ауру

Қызылша вирусы

Қызамық вирусы

Кенелік энцефалит вирусы

Қарапайым герпес вирусы

АИВ

Жеделасты склерозды панэнцефалит

Өршитін туа пайда болған қызамық және өршитін қызамықты панэнцефалит

Кеңелік энцефалиттің прогедиенттік түрі

Жеделасты герпес энцефалиті

АИВ-ЖТС-инфекция

Баяу вирусты инфекциялардың қоздырғыштары кейде әдеттегі вирустар бола алады (қызылша, қызамық). Баяу дамитын инфекцияның патогенезінің негізінде вирустың персистенциясы (ағзада ұзақ болуы) және оның жасуша мен тінге зақымдаушы әсері жатыр.

Баяу вирусты инфекциялар тек әдеттегі вирустардың әсерінен ғана емес, сонымен қатар жұқпалы ақуыздық бөлшектер – приондардың әсері нәтижесінде де дамуы мүмкін.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Н.А.Утевский «Микробиология с техникой микробиологических исследований».

  2. Ф.К. Черкес «Руководство к практическим занятиям по микробиологическим исследованиям».

  3. Қаз.ММА-ғы ҚР медициналық жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік секциясы, Ү.Т. Арықпаева, К.Х. Алмаганбетов, Н.М. Бисенова, Ә.Ө. Байдуйсенова, Н.Б. Рахметова, Г.Д. Асемова.

  4. Н.А. Бакулина «Микробиология» 339-356 беттер.