- •Негізгі лабораторияның «лас занасында» сақтайтың ережелер:
- •4. Светооптикалық микроскопия.
- •Қоректі орталар келесі талаптарға сай болу керек.
- •Қоректі орталардың классификациясы.
- •3. Микроағзалардың пигменттері, ферменттері, токсиндері.
- •Топырақ микрофлорасы.
- •Су микрофларасы.
- •Ауа микрофлорасы.
- •2. Адам организімінің микрофларасы.
- •Дезинфекцияның екі түрін ажыратады:
- •Биотехнологияның объекттерімен процесстері.
- •Антибиотиктер шығу негізіне байланысты бес топқа бөлінеді:
- •Антибиотиктер әсерету спектрі бойынша төрт топқа жiктеледi. Сонымен қатар әр топ екі шағын топқа бөлінеді.
- •Микробтарға әсер ету механизіміне байланысты антибиотиктер, төрт топқа бөлінеді:
- •Инфекциялық процесстің даму динамикасы.
- •Инфекцияның тарау, жұғу жолдары.
- •Инфекциялық процесстің түрлері.
- •Организмнің спецификалық емес факторлары мен механизмі.
- •Антиген, антиденеге (иммуноголобулиндер) түсініктеме беру.
- •Вакциналар және қанның сары сулары. Қолдану принциптері.
- •1. Патогенді кокктар.
- •Стафилококктар
- •Стафилококктың жіктелуі
- •Культуралды қасиеттері
- •Ферментативті қасиеті.
- •Химиялық және физикалық факторларға төзімділігі
- •2. Грам теріс кокктар. Менингококктар
- •Менингококктар түдыратың аурулар.
- •Морфологиясы.
- •Ферментативті қасиеті.
- •Химиялық және физикалық факторларға төзімділігі
- •Зерттеуге алынатың материал.
- •Негізгі зерттеу әдістері.
- •Энтеробактериялардың жалпы мінездемесі.
- •Ішек таяқшасы.
- •Дизентерия қоздырғышы.
- •Салмонеллез қоздырғыштары
- •Тырысқақ қоздырғышы.
- •Ішек иерсиниозының қоздырғышы
- •3. Кампилобактериоз қоздырғыштары.
- •Хеликабактериоз қоздырғышы.
- •1. Дифтерия қоздырғышы.
- •Көкжөтел қоздырғышы.
- •Туберкулез қоздырғышы.
- •Қазіргі кезде қолданылатын эпидемиялық паротиттің диагностикасы. Лабораторлы диагностика.
- •Сіреспе қоздырғышы.
- •Ботулизм қоздырғышы.
- •Сібір түйнеме қоздырғышы.
- •Бруцеллез ( сарып ) қоздырғыштары
- •Эпидемиялық қайталама сүзек.
- •Эндемиялық қайталама сүзек.
- •Лептоспироз қоздырғышы.
- •2. Риккетсиялар.
- •Эпидемиялық бөртпе сүзегінің қоздырғыштары.
- •Эндемиялық бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •Тұмау вирусы.
- •Қызылша вирусы.
- •2. Құтыру вирусы.
- •3. Полиомиелит вирустары.
- •Гепатит вирустары.
- •Адамның иммунды тапшылық вирусы.
- •6. Онкогенді вирустар.
- •Баяу вирусты инфекциялардың қоздырғыштары.
Қызылша вирусы.
Қызылша вирусы (латын тілінен – Morbilli) жедел түрде дамитын жоғарғы деңгейде жұқпалы ауру, қызба, катаральды көріністерімен бөртпелер шығуымен сипатталады. Қызылша вирусы 1954 жылы ашылды.
Таксономиясы. Құрамында РНҚ бар вирус Paramyxoviridae тұқымдасына, Morbillivirus туыстығына жатады.
Морфологиясы. Морфологиясы бойынша басқа парамиксовирустарға ұқсас, құрамында бірнеше антигені бар: ішкі жүрекше, сыртқы қабатында беткейлік антигендері бар. Антигендік варианттары жоқ, гемаглютинациялық белсенділікке ие.
Дақылды өсіру. Ұнтақталған тауық эмбрионының жасуша дақылында өседі.
Резистенттілігі. Қоршаған ортада вирус тікелей күн сәулесі, ультра күлгін сәулелер әсерінен жылдам жойылады. Сондықтан, қызылша кезінде дезинфекциялық шаралар қолданылады.
Эпидемиологиясы. Табиғи жағдайда тек қана адамдар ауырады. Сезімталдығы 100%. Ауру эпидемия түрінде көбінесе балалар ұжымында тіркеледі. Ересек адамдарда ауырады. Эпидемия түрінде ауру жиі қыстың аяғында және көктемде тіркеледі. Науқас адам инкубациялық кезеңнің соңғы күндері және бөртпелер шыққан бірінші күндері жұқпалы. Қоздырғыштың таралу механизмі – аэрогенді.
Патогенезі және клиникалық белгілері. Вирус жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабығы арқылы енеді, осы жерде көбееді, сонан кейін вирус қанға өтіп қан тамырларын зақымдайды. Жасырын кезеңі 8-21 тәуілікке дейін созылады. Продромалдық кезеңі жедел респираторлы ауруларға ұқсас болып өтеді. Содан кейін тері мен кілегей қабықта жоғарыдан төменге қарай таралатын бөртпелер пайда болады. Ауру 7-9 күнге дейін созылады. Қызылшаның асқынулары – пневмония, өте сирек – жедел энцефалит.
Иммунитеті. Аурудан соң өмір бойына сақталатын иммунитет пайда болады. Анадан пассивті табиғи иммунитет 6 айға дейін сақталады.
Микробиологиялық диагностикасы. Зерттейтін материал – мұрын-жұтқыншақ бөліндісі, тері бөртпелері, қан, зәр, өлген жағдайда –ми бөлшегі.
Жедел диагностикасы ИФР арнайы антигендерді анықтауға негізделген. Серологиялық диагностикада – антиденелерді анықтау үшін қолданылады.
Арнайы сақтандыруы және емдеуі. Қызылшаға қарсы тірі вакцина жоспарлы түрде егіледі. Емі клиникалық белгілерге байланысты.
2. Құтыру вирусы.
Құтыру – адам мен жылы қанды жаңуарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруы, зақыдмалған жануарлармен қатынас (тістеу, микрожаралардың сілекейленуі) кезінде таралады, ОЖЖ зақымдануымен және өліммен аяқталуымен сипатталады.
Құтырудың вирустық этиологиясын 1903 жылы П. Ремленже дәлелдеді.
Таксономиясы. РНК-құрамды вирус, рабдовирус тұқымдасына жатады.
Морфологиясы. Вириондарының пішіні оқ тәрізді, гликопротеинді табиғатты тікенегі бар липопротеинді қабықшамен қоршалған жүрекшеден тұрады. рнҚ бір жіпшелі.
Дақылды өсіруі. Құтыру вирусын ақ тышқандар, теңіз шошқасы, орқояндар, егеуқұйрықтың милық тініне өсіреді. Жұқтырылған аурулардың аяқтарында сал дамиды, кейін олар өледі. Вируспен зақымдалған жаңуарлардың бас миында жасуша цитоплазмасында спецификалық қосындылар пайда болады, олар Бабеш-Негри денешіктері деп аталады. Қосынды сфералық немесе сопақша пішінді, қышқыл бояулармен жақсы боялады, құрамында антиген орналасады.
Резистенттілігі. Вирус қоршаған ортада тұрақсыз; күн сәулесі мен УК-сәулелердің, дезинфекциялық ерітінділер әсерінен жылдам жойылады, төмен температурада ұзақ сақталады.
Эпидемиологиясы. Зоонозды инфекция. Таралу механизімі ерекше тістеу арқылы, жабайы және етқоректі үй жануарлыры, соның ішінде ит, қасқыр, түлкі, мысықтар қамтамасыз етеді. Құтыру вирусы сілекей бездерінде жинақталып ауру кезінде және жасырын кезеңнің соңғы күндерінде бөлінеді. Қоздырғыштың таралу мехагнизімі – тікелей қатынасты, негізінен тістеген кезде, сирек зақымдалған терінің сілекейленуінде. Инфекция көзі ретінде ауру адамның рөлі өте төмен, дегенмен құтыру вирусы оның сілекейінде болады.
Патогенез және клиникалық белгілері. Құтыру вирусы көрнекті нейротроптық қасиетке ие. Еңген жерінде вирус еприфериялық жүйке талшықтары арқылы ОЖЖ-ге түседі, онда көбееді, осы талшықтар арқылы барлық жүйке жүйесін, бірқатар безді мүшелердің жүйке түйіндерін,әсіресе сілекей бездерді зақымдай отырып төментаралады. Жүйке түйінінде вирус көбейіп сілекей арқылы қоршаған ортаға түседі.
Құтырудың кезінде адамдағы жасырын кезеңі қоздырғыштың вирсленттілік қисиетіне, зақымдаудың ораналасуы мен сипатына байланысты 7 күннен 1 жылға дейін өзгеріп отырады.
Адам құтыруының клиникалық белгілері келесі кезеңдерден тұрады: алғашқы белгілері, қозу және сал болу. Ауру қорқу сезімінің пайда болуымен, алаңдау, ашулану, ұйқысыздық, жалпы сырқаттану, тістеген жерінде қабыну реакциясымен басталады. Аурудың екінші кезеңінде рефлекторлық қозу күрт жоғарылайды, гидрофобия (судан сескену), тыныс алуды қиындататын жұтқыншақтық және тыныс бұлшық еттерінің спазмалық жиырылуы пайда болады; сілекей бөлінуі күшейеді, аурулар қозу күйінде, кейде агрессиялық қасиеттері пайда болады. Бірнеше күннен кейін қол-аяқты, беттің, тыныс алу бұлшық еттерінің салы дамиды. Аурудың ұзықтығы 3-7 күн. Өлім-жітімдік 100%.
Иммунитет. Табиғи жүре пайда болған иммунитеті зерттелмеген, себебі ауру өліммен аяқталыд. Жасанды жүре пайда болған имунитет құтырған жануарлар тістеген адамға егулер жүргізгеннен кейн қалыптасады.
Микробиологиялық диагностика. Зерттеу әдістері вирусологиялық, биологиялық, серологиялық. Зерттелетін материал сілекей, жұлын және көз жас сұйығы.
Арнайы сақтандыру. Құтыруға қарсы вакцина
