- •Негізгі лабораторияның «лас занасында» сақтайтың ережелер:
- •4. Светооптикалық микроскопия.
- •Қоректі орталар келесі талаптарға сай болу керек.
- •Қоректі орталардың классификациясы.
- •3. Микроағзалардың пигменттері, ферменттері, токсиндері.
- •Топырақ микрофлорасы.
- •Су микрофларасы.
- •Ауа микрофлорасы.
- •2. Адам организімінің микрофларасы.
- •Дезинфекцияның екі түрін ажыратады:
- •Биотехнологияның объекттерімен процесстері.
- •Антибиотиктер шығу негізіне байланысты бес топқа бөлінеді:
- •Антибиотиктер әсерету спектрі бойынша төрт топқа жiктеледi. Сонымен қатар әр топ екі шағын топқа бөлінеді.
- •Микробтарға әсер ету механизіміне байланысты антибиотиктер, төрт топқа бөлінеді:
- •Инфекциялық процесстің даму динамикасы.
- •Инфекцияның тарау, жұғу жолдары.
- •Инфекциялық процесстің түрлері.
- •Организмнің спецификалық емес факторлары мен механизмі.
- •Антиген, антиденеге (иммуноголобулиндер) түсініктеме беру.
- •Вакциналар және қанның сары сулары. Қолдану принциптері.
- •1. Патогенді кокктар.
- •Стафилококктар
- •Стафилококктың жіктелуі
- •Культуралды қасиеттері
- •Ферментативті қасиеті.
- •Химиялық және физикалық факторларға төзімділігі
- •2. Грам теріс кокктар. Менингококктар
- •Менингококктар түдыратың аурулар.
- •Морфологиясы.
- •Ферментативті қасиеті.
- •Химиялық және физикалық факторларға төзімділігі
- •Зерттеуге алынатың материал.
- •Негізгі зерттеу әдістері.
- •Энтеробактериялардың жалпы мінездемесі.
- •Ішек таяқшасы.
- •Дизентерия қоздырғышы.
- •Салмонеллез қоздырғыштары
- •Тырысқақ қоздырғышы.
- •Ішек иерсиниозының қоздырғышы
- •3. Кампилобактериоз қоздырғыштары.
- •Хеликабактериоз қоздырғышы.
- •1. Дифтерия қоздырғышы.
- •Көкжөтел қоздырғышы.
- •Туберкулез қоздырғышы.
- •Қазіргі кезде қолданылатын эпидемиялық паротиттің диагностикасы. Лабораторлы диагностика.
- •Сіреспе қоздырғышы.
- •Ботулизм қоздырғышы.
- •Сібір түйнеме қоздырғышы.
- •Бруцеллез ( сарып ) қоздырғыштары
- •Эпидемиялық қайталама сүзек.
- •Эндемиялық қайталама сүзек.
- •Лептоспироз қоздырғышы.
- •2. Риккетсиялар.
- •Эпидемиялық бөртпе сүзегінің қоздырғыштары.
- •Эндемиялық бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •Тұмау вирусы.
- •Қызылша вирусы.
- •2. Құтыру вирусы.
- •3. Полиомиелит вирустары.
- •Гепатит вирустары.
- •Адамның иммунды тапшылық вирусы.
- •6. Онкогенді вирустар.
- •Баяу вирусты инфекциялардың қоздырғыштары.
Топырақ микрофлорасы.
Топырақта топырақ түзу және топырақтың өзін-өзі тазарту процестеріне қатысатын, табиғатта азот, көміртегі және т.б. элеметтер айналымына қатысып әр түрлі микроорганизмдер тіршілік етеді. Топырақта бактериялар, саңырауқұлақтар, мүктер (саңырауқұлақтар пен цианобактерия симбиозы) және қарапайымдар мекендейді. Топырақтың 1 грамында бактерия саны -10 млрд жасушаға жетеді. Топырақ беткейінде УК-сәулелері, құрғақшылық т.б. факторлардың әсерінен микроорганизмдер салыстырмалы түрде азайып отырады.
Микроорганизмдердің көпшілі 10 см қалындықтағы топырақтың жоғарғы қабатында кездеседі. Тереңдеген сайын микроорганизмер мөлшері азайып, 3-4 метр тереңдікте олар мүлдем кездеспейді.
Су микрофларасы.
Су микрофлорасы топырақтың микробтық құрамы сияқты, себебі микроогизмдер топырақ бөлшектерімен суға түседі. Суда сол жердің физикалы-химиялық, жарық жағдайына, көміртегінің қос тотығы мен оттегінің еру дәрежесіне, органикалық және минералды заттар болуына бейімделген тиісі биоценоздар құрылады.
Ауыз су қоймасының суында әр түрлі бактериялар: таяқша тәрізді, кокк тәрізді және ирекше тәрізділер табылады. Су микрофлорасы микрооргаизмдермен өнделетін, органикалық қалдықтардың өзін-өзі тазарту процесінде белсенді рөл атқарады. Су көптеген жұқпалы аурулар қоздырғышының берілу факторы болып табылады, олар іш сүзек, дизентерия, тырысқақ, энтеровирстар. Микроорганизмдер топырақтың жоғарғы қабатында болатындықтан, артезиан скважинасының суында микроорганизмдер болмайды.
Ауа микрофлорасы.
Ауа микрофлорасы топырақ және су микрофларасымен өзара байланысты.
Адамдар мен жануарлардың сілекей тамшыларымен және тыныс жолдарынан микроорганизмдер ауаға түседі. Мұнда шар тәрізді және таяқша бактериялар, клостридиялар, актиномиценттер, саңырауқұлақтар мен вирустар табылады. Күн сәулесі және басқа факторлар ауа микрофлорасының жойылуына әкеледі. Үлкен қалаларда ауада микроорганизмдер мөлшері көп, ал ауылды жерлерде аз кездеседі. Әсіресе орман, тау, теңіз үстінің ауасында микроорагизмдер өте аз. Микроорганизмдердің көпшілігі жабық бөлмелер ауасында болады. Ондағы микроб тығыздығы бөлменің уақытымен тазаланып жиналуына, жарықтану деңгейіне, бөлмедегі адамдар санына, желдету жиілігіне және т.б. байланысты болады.
2. Адам организімінің микрофларасы.
Адам организімінде қалыпты микрофлора бірлестігі ретінде микроорганизмдердің шамамен 500 түрі мекендейді. Олар бір-бірімен және адам организімімен тепе-тең жағдайда болады. Бұл микроорганизмдердің көпшілігі адамға зияны тимейтін комменсал болып табылады.
Қалыпты жағдайда өкпеде, жатырда және басқа да ішкі органдарда микроорганизмдер болмайды. Әр түрлі биотоптардың: тері, ауыздың шырыш қабығы, жоғарғы тыныс жолы, асқорыту және несеп-жыныс жүйесінің қалыпты микрофлорасын ажыратады. Адам организмнде тұрақты және транзитті микрофлора болады.
Тұрақты (резистентті, индигенді, автохтонды) микрофлора - организмде тұрақты болатын микроорганизмдер. Транзиторлы (тұрақсыз немесе аллохтонды) микрофлора – организмде ұзақ тіршілік етуге қаблетсіз.
Тері микрофлорасы. Теріде, оның терең қабаттарында (шаш қалтасында, май және тер бездерінде) аэробтарға қарағанда анаэробтар 2-10 есе көп болады.
Қалыпты жағдайда 1см2 теріде 80000 микроорганизм болады. Микроорганизмдердің көбеюі тері ластанғанда болады; организм әлсірегенде, өсіп-өнетін микробтар адам денесінің иісін қалыптастырады.
Коньюнктива микрофлорасы. Көз коньюнктивасында аздаған коренеформалы бактериялар мен стафилококктар бар. Коньюнктивада микроб санының аз болуы көз жасындағы лизоцим және т.б. бактерицидті факторлардың әсерінен болады.
Жоғарғы тыныс жолының микрофлорасы. Жоғарғы тыныс жолына шаң бөлшектерімен бірге микробтар түсіп, оның көпшілігі мұрын және ауыз-жұтқыншақта өледі. Мұнда бактероидтар, коринеформалы бактериялар, гемофилді таяқшалар, пептококктар, пептострептококктар және т.б. өседі. Трахея, бронхтар және альвеолалар әдетте стерильді.
Ауыз. Ауыз құысында көптеген микроорганизмдер тіршілік етеді. 1 мл сілекейде 108 бактерия мекендейді. Бұған ауызда тамақ қалдығының қалуы, қолайлы температура (370С) және ортаның сілтілі реакциясы әсер етеді. Анаэробтар аэробтарға қарағанда 100 есе көп.
Асқазан. Асқазан микрофлорасы лактобациллалар, ашытқылар және грам теріс бактериялардан тұрады. Ішек микрофлорасына қарағанда, мұнда асқазан сөлінің рН-ы қышқылды боғандықтан, микроорганизмдер аз болады.
Ащы ішектің 1мл-де 105-108 микрорганизмдер болады. Олар –бифидобактериялар, лактобактериялар, клостридиялар, эубактериялар және анаэробты коктар.
Тоқ ішек. Микроорганизмдердің көпшілігі тоқ ішекте жиналады. 1 грамм нәжісте 1012 микроб жасушасы кездеседі. Барлық микробтар 95% анаэробты бактериялар құрайды.
Дисбактериоз. Эубиоз жағдайы – адам организімі мен қалыпты микрофлораның динамикалық тепе-тендігі – қоршаған ортаның әр түрлі факторлары, стрестік жағдай, бақылаусыз антимикробты препараттарды қолдану, сәулелермен емдеу және химиотерапия тиімсіз тамақтану, операциялардың әсерінен бұзылуы мүмкін. Микрофораның қалыпты функцияларын атқара алмайтын жағдайды дисбактериоз және дисбиоз деп атлады. Дисбактериоз кезінде қалыпты микрофлораның құрамына кіретін бактериялардың ұрақты сандық және сапалық өзгерістері болады.
Қалыпты микрофлораны қалыптастыру үшін: тірі бактериялардан – ішектің қалыпты микрофлора өкілдерінен – бифидобактериялардан, лактобактериялардан және ішек таяқшаларынан алынған пробиотиктер препараттарын тағайындайды.
3. Медицина, тұрмыста, тағам өндірісінде қолданылатын әртүрлі заттар мен материалдардағы микробтарды (бактерия, вирус, саңырауқұлақтар, қарапайымдар) жою үшін 2 әдіс қолданылады: стерилизация және дезинфекция.
Стерилизация – (лат. sterilis - ұрықсыз) - өңдeуге жататын нысандардағы патогендік микробтарды және олардық спорасын толық жою.
Стерилизацияның негізгі 4 тәсілі бар: жылулық, сәулелік, химиялық, булылық.
Жылулық –60 минут 180 градус температурада жүргізіледі.
Химиялық әдіс-пероксидпен 6%- 6 сағатта жүргізіледі.
Булық әдіс- 2 түрде жүргізіледі: 1,2 атм 120 град.-45 минут
2,2 атм. 132 град-25 минут
Автоклав - лабораторияда, ауруханаларда, аптектерде және түрлі консервілер жасайтын заводтарда микроорганизмдерді құртуда қолданылатын аппарат. Бұнда зарарсыздандырылатын затқа -)-100о-та су буымен бірша-ма жоғары қысым (1,5—2 ат) әсер етеді.
Дезинфекция (француз тілінде des – инфекциялық бастаманы жою, алу) – микробтармен ластанған затты, оны қолданғанда инфекция қоздырмайтын дәрежеге дейін микробтарды жоюға арналған өндеу процедурасы. Дезинфекция кезінде микробтардың көпшілігі (патогенділері) өледі, бірақ споралары мен кейібір резистентті вирустар тіршілікке қаблетті жағдайда қалуы мүмкін.
Дезинфекция - жұқпалы ауруларды қоздырғыш микроорганизмдерді жою үшін қолданылатын химиялық заттар. Бүл тәсілмен белмелерді, аспаптарды,киімдерді залалсыздандырады.
