Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӘРІС микроб каз.гр..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
321 Кб
Скачать
☆

Сіреспе қоздырғышы.

Сіреспе (tetanus) – Clostridium tetani туғызатын ауыр жарақатты инфекеция, сондай-ақ, жүйке жүйесінің жақымдануымен, тоникалық және клоникалық тырысу-құрысу ұстамаларымен сипатталады. Сіреспе қоздырғышын 1884ж. Э.Китазато ашқан.

Морфологиясы, дақылды өсіру. Сіреспелік таяқша – қатаң облигатты анаэроб, грам теріс, перитрих, терминалды орналасқан донгелек спора түзеді, сұйық қоректік орталарда күшті экзотоксин түзеді. Тығыз қоректік орталарда мөлдір немесе сәл ұзындау беткейлік колониялар құрайды; көмірсуларды ыдыратады, әлсіз протеолитикалық қасиеттерге ие.

Патогенді факторлары. Негізгі патогенді факторы экзотоксин болып табылады. Сіреспелік токсин гемолитикалық және спазмалық әсер ететін тетанолизин мен тетаноспазминнен тұрады. Сіреспелік токсинге адам, тышқан, теңіз шошқасы, үй қояны сезімтал.

Резистенттілігі. Барлық жерде тараған. Адам мен жануар ішегінің қалыпты мекендеушісі болып отырып, ол топыраққа түседі, онда спора түрінде ондаған жылдар бойы сақталады. Сіреспелік таяқша дезинфектанттарға тұрақты. Қайнатқан кезде споралар 50-60 минуттан кейін жойылады.

Эпидемиологиясы. Сіреспе жоғары өлім-жітімдікті тудыра отырып барлық жерде тараған. Зақымдану қоздырғыштың жарақат кезінде (соғыс кезінде, өндірістік және тұрмыстық) тері мен шырышты қабаттарының ақаулары, күю, операциялық жарақат арқылы ағзаға енуінен пайда болады. Кіндіктің зақымдануы кезінде нәрестелерде сіреспе туу мүмкін. Сіреспемен ауырғандар сау адамдарға қауіпті емес.

Патогенезі. Басты патогендік факторы сіреспелік токсин, ол қоздырғыштардың көбею жерінен (жарақатта) қантамырлар мен лимфа тамырлар арқылы, жүке бағаналар арқылы таралып, жүйке жүйесінің зақымдануына әкеледі. Жүйке ұштарының синапстарымен секрет түзуші медиаторлар зақымдалады, жүйке талшықтар арқылы импульстардың өткізуі бұзылады. Сіреспе кезінде тек жүйке жүйесі ғана зақымдалып қоймай, сондай-ақ патологиялық үрдіс ағзаның барлық жүйесінде таралады.

Клиникалық көрінісі. Жасырын кезеңі – 6-14 күн. Аурулардың шайнау бұлшық етінің спазмы, жұтудың қиындауы, шүйде бөлігі мен арқа бұлшық етінің тырысуы (дене доға тәріздес жағдайда болады – опистотонус), барлық дене бұлшық етінің қарысуы, әртүрлі тітіргендіргіштерге сезімталдықтың жоғарлауы байқалады. Ауру дене қызуының жоғарлауымен ақыл-есінің сақтау жағдайында өтеді.

Иммунитеті. Ауырғанан кейін иммунитет пайда болмайды. Сіреспеге қарсы вакцина енгізілген анаға нәрестеге ұзақ емес пассивті токсинге қарсы иммунитет беріледі.

Микробиологиялық диагностикасы. Микробилогиялық зерттеуі тек клиникалық диагнозды дәлелдейді. Бактериологиялық зерттеуге жарадан және ошақты қабынудан, сондай-ақ қаннан материал алады, бөлінген дақылдан сіреспе токсинін бөле отырып тышқандарға сынама жүргізіледі, оларды өзіне тән клиникалық көрінісі дамиды.

Емдеуі. Сіреспеге қарсы антитоксикалық сарысуды немесе адамның сіреспеге қарсы иммуноглобулині қолданылады.

Сақтандыруы. Үлкен жарақат кезінде дәрігерге міндетті түрде көріну қажет. Жарақатты хирургиялық жолмен өңдейді. Сіреспеден тұрақты қорғаудың әдісі арнайы сақтандыру болып табылады, ол жоспарлы сақтандыруы (анатоксин) мен жедел иммунизациядан тұрады. Жедел белсенді иммунизация егілген балалар мен ересектерде, жарақаттарда, күдіргенде, үсігенде, жануарлар тістегенде, ауруханадан тыс түсік (аборт) кезінде 0,5 мл сіреспелік анатоксинді егеді; жасанды белсенді иммунитет құру үшін жоспарлы түрде АКДС және АДС қолданылады.