Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӘРІС микроб каз.гр..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
321 Кб
Скачать
☆
  1. Гепатит вирустары.

Вирусты гепатиттер – энтералды А, Е және парентералды В, С, D, F, G екі түріне бөлінеді.

А гепатитты – қызбамен, бауырдың зақымдануымен, көтптеген жағдайда сарғаюмен сипатталатын жедел жұқпалы ауру және эпидемиялық таралуға бейімділігімен ерекшеленеді.

Ауру көне заманнан белгілі, тіпті б.э. дейінгі IV-V ғасырларда Гиппократ сипаттаған. А гепатит вирусы (АГВ) 1973 жылы С.Фейнстон ашты.

Таксономиясы. А гепатит вирусы Picornoviridae тұқымдасына, Hepatovirus туыстығына жатады.

Дақылды өсіру. АГВ жасуша дақылында өсіріледі, бірақ басқа энтеровирустарға қарағанда айырмашылығы; АГВ көбею кезеңі анағұрлым ұзақ, ал цитопатикалық әсері көректі емес.

Резистенттілігі. АГВ басқа энтеровирустаға қарағанда ыстыққа тұрақтылығымен ерекшеленеді: жұқпалық белсенділігін 600С 12 сағатқа дейін сақтайды, бірақ қайнатқанда 5 минуттың ішінде инактивацияланады. Вирустар қоршаған ортада сақталады (суда, науқастардың бөлінділерінде).

Эпидемиологиясы. А гепатит барлық жерде таралған, дегенмен сумен қамтамасыз ететін және канализациялардың нашар жүйелері бар, сонымен қатар тұрғындардың гигиеналық деңгейі төмен аймақтарда кездеседі. Көбінесе 4-15 жас аралығындағы балалар ауырады. Аурушылдықтың көтерілуі жас бен күз айларында байқалады.

Инфекцияның көзі клиникалық белгілері анық және жасырын түрлері бар науқастар болып табылады. Инфекцияның таралу механизмі фекаьды-оралды. Вирустар жасырын кезеңнің екінші жартысынан бастап және клиникалық белгілердің басталған кезінде нәжіс арқылы бөлінеді; осы кезеңде науқастар айналадағы адамдарға өте қауіпті. Сарғаюдың пайда болуымен вирустың қарқынды бөлінуі төмендейді. АГВ су, тағам өнімдері, тұрмыстық заттар, кір қол арқылы таралады; балалар ұжымында – ойыншық, ыдыс арқылы. Вирустар су және тағамдық эпидемиялық күрт көбеюді тудыруы мүмкін.

Патогенезі мен клиникалық белгілері. А гепатит вирусы гепатотропизмге ие. Зақымданғаннан кейін вирустар ішекке түсіп, одан тамыр арқылы бауырға еніп және гепатоциттердің цитоплазмасында көбееді. Бауыр цитопатикалық әсерден зақымданады.

Жасырын кезеңі 10-50 күнге дейін созылады, орташа 2-3 аптаны құрайды. А гепатитының үш клиникалық түрлері ажыратылады: сарғаю (1-10% жағдайда), сарғаюсыз, белгісіз. Продромалды кезеңі жедел респираторалық ауруларға ұқсас, 4-5 күннен кейін дене қызуы түсу барысында асқазан-ішек ауруларына тән белгілері дамиды. Балаларда көбінесе сарғаюсыз түрі кездеседі. Аурудың ағымы көбінесе қатерсіз, ауыр асқынулары жоқ. Созылмалы түрлері дамымайды.

Иммунитеті. Тұрақты иммуниет пайда болады. Аурудың басында қанда IgМ пайда болады, олар 4-6 ай бойы ағзаға сақталады және диагностикалық маңызға ие. Бір жасқа дейінгі балларда плацента арқылы анасынан алынған антиденелер анықталады.

Микробиологиялық диагностикасы. Зерттеу материалы – қан (сарысу), аурудың нәжісі. Ерте диагностика үшін иммунды ферментті тексеру көмегімен IgМ анықтау маңызы болып табылады.

Сақтандыруы. Инактивацияланған дақылдық концентрацияланған вакцина қолданылады. Спецификалық сақтандыруы тұрғындардың санитарлық мәдениетін көтеру, сумен қамтамасыз етуді жақсартуға бағытталған.

В гепатит вирусы.

Вирусты гепатит – бауырдың зақымдануымен сипатталатын, вирус гепатит В (HBV) мен қоздырылатын жүйелі ауру. Вирусты гепатит В 1970ж. Қауіпті болып адамдарда Дейн бөлшегі ретінде бірінші рет сипатталады. Оны гепатитпен ауыратын науқастардың сарысуының электронды микроскоппен анықтаған. Вирусты гепатиттер Hepadnaviridae тұқымдасына, Orthohaepadnavirus туысына жатады.

Морфологиясы. Гепатит В-вириондарының пішіні сфералық. Вирус жүрекшесінің құрамы: өзара сақиналы қос спиральді ДНҚ геномы, РНҚ-ға тәуілді ДНҚ полимераза ферменті және жұқпалы антиген – HВeAg, HВcAg. Жүрекше табиғаты гликопротеинды беткейлі HВsAg (австралиялық антиген) тұратын қабықшамен қапталған. HВc және Hвe антигенді бір полипептидпен құралған.

Дақылды өсіру. В гепатит вирусының жасушалар дықыланда нашар көбейетіндігі оны зерттеуге кедергі келтіреді. Бұл вирусқа ғана жануар – шимпанза сазімтал.

Резистенттілігі. Вирус эфирге сезімтал, жоғары температураға тұрақты, әсіресе қан плазмасында болса қайнатқанда бірнеше минутқа шыдайды.

Эпидемиологиясы. В гепатит кең таралған ауыр сырқаттардың бірі, онымен 100 млн-даған адамдар ауырады. Негізгі таралу механизмі парентеральді. Ол хирургиялық операциялар, қан құйю, шырышты қабықтың бүтіндігі бұзылатын манипуляциялар кезінде жұғады. Вирусты гепатит В анадан балаға жұктілік кезінде, сонымен қатар жыныстық қатынаста да жұғуы мүмкін, мұның негізінде парентеральді таралу жолы жатыр.

Патогенезі және клиникалық белгілері. Вирус парентеральды жолмен қанға түсіп, бауыр жасушаларына – гепатоциттерде көбейеді. Жасырын кезеңі ұзақтығымен ерекшеленеді, 3-6 айға дейін созылады. Вирустардың бауыр жасушаларымен қарым-қатынас түріне, иммунды жауаптың күшіне байланысты, вирустар мөлшері аурудың әртүрлі формаларын дамытады: өлім-жітімдігі жоғары және созылмалы түрге өтетін ауыр гепатит; ұзаққа сазылған тасымалдаушы, алғашқы бауырдың қатерлі ісігі болуы мүмкін.

Микробиологиялық диагностикасы. Зерттеуге науқастың қаны алынып, одан вирус антигенін және оған қарсы Ig M және Ig G класының анти HBs, анти HBc, анти HBе антиденелерін анықтайды. Бұл үшін серологиялық реакциялар жүргізіледі.

Емдеуі. Иммуномодуляторлар, соның ішінде генетикалық гендік инженерия әдісімен алынған интерферон-реаферон.

Сақтандыруы. Спецификалық сақтандырут иньекция, қан құю, операция кезінде парентерльді жұғу жолынан сақтандыру, тасымалдаушыларды тауып, оларды донорлықтан шектеу, медициналық құралдардың бір реттік түрін қолдану.

Арнайы сақтандыруы. Генетикалық инженерия әдісімен HBs антигенінен алынған рекомбинантты вакцина өнделген және қолданылады. В гепатитқа егу көбінесе жұқтыруға қауіпті адамдарға жасайды, одан кейін иммунитет 7 жыл сақталады.