Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӘРІС микроб каз.гр..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
321 Кб
Скачать
☆

Дезинфекцияның екі түрін ажыратады:

  1. профилактикалық

  2. ошақтық - қорытынды және күнделіктіге бөлінеді.

Күнделікті дезинфекция – ауру аяқталғанға дейін, бірақ науқас бар кезде оның бөліп жатқан қоздырғыштарын дер кезінде өңдеп отыру мақсатында, күн сайын (науқастардың бөлінділерін, ыдыстарын залалсыздандыру) жасалады.

Қорытынды дезинфекцияны инфекция қоздырғышының көзін алып кеткенде (ауруханаға жатқызғанда, ауысқанда, өлгенде, жазылып шығып кеткенде), сол ошақта (әдетте бір рет) жасалады. Оның мақсаты жасалып отырған күнделікті дезинфекциядан кейін ошақта тасымалдаушы факторлары ретінде қалған қоздырғыштарды жою.

Ауруханаішілік және әсіресе хирургиялық жұқпалардың алдын алуда асептика және антисептика қолданылады.

Стерилизация және дезинфекция әдістерін бақылау.

Күнделікті практикада стерилизденген объектіге микробиологиялық бақылау жүргізілмейді. Ол жанама бақылау – стерилизатор жұмысын бақылау арқылы бірнеше тәсілмен атқарылады.

  • Біріншіден, микробтарды жоюға аранлған стерилиздеутәртібін құжаттауды қызметкер қаьал түрде бақылау керек.

  • Екіншіден, тиісті температураның ұсталуы, стерилизденуші объектінің терңіне және беткейіне салынған химиялық индикаторлардың (индикаторлық қағаз немесе ұнтақ, дәнекерленген ампуладағы бензой қышқылы, мечовина сұйықтықтары) бояуын өзгертуі бойынша бақылайды.

  • Үшүншіден, аппарутараны тиісті қызмет көрсету мекемесі уақытында техникалық бақылау жүргізуі керек.

  • Төртіншіден, жылына 3 рет биологиялық бақылау, яғни стерильдеуші аспапқа термотөзімді бацилладан дайындалған биосынама жасау арқылы тексереді.

Микробиологиялық бақылау үшін, стерильдеуші заттан шайынды немесе бір бөлшегін алып аэробты, анаэробты бактерияларды, саңырауқұлақтарды анықтау үшін тиісті орталарға себеді.

Стерильділік сақтау үшін, заттарды полимерлі үлбір, қағаз, фольгамен орап қояды, бикстер және арнайы қораптарда сақтайды.

Дезинфекциялаудың сапасын бақылау. Ошақтардағы күнделікті дезинфекциялаудың бақылануы міндетті түрде үш сүзегі, бактериялық дезинтерия, туберкулез, күл, сальмонеллез кезінде атқарылады. Басқа инфекциялар кезінде бақылау эпидемиололгиялық көрсеткіштер бойынша жасалады.

Егер алынған оң нәтижелі шайындылардың саны 3%-тен төмен болса, дезинфекциялық препараттың қалдық мөлшерін тексергенде теріс жедел сынамалардың саны 3%-тен аспаса, ал дезинфекциялық ерітінділердің қанағаттанарлықсыз нәтижелерінің саны 5%-тен жоғары болмаса, дезинфекцияның сапасы қанағаттанарлық деп саналады.

Қорытынды дезинфекцияның сапасын бақылау, ұйымдасқан ұжымдарда дезинфекция аяқталғаннан кейін 1-3 сағатқа дейінгі уақыттың ішінде жасау керек. Ол үшін ошақтан 10-нан кем емес шайынды, дезинфекциялық заттардың және ерітінділердің 2 дезинфекциялық сынамасын, дезинфекциялық заттардың қалдық мөлшерлеріне 10 экспресс сынама алу керек. Дезинфекциялық камераларды бактериологиялық бақылау кварталына 1 реттен аз емес жүргізіліп отырады. Микрофлора 0,5%-дан көп емес шайынды алып сепкенде, экспресс сынамаларда қалдық дезинфекциялық заттардың болуы 0,5%-дан көп болмаса, қорытынды дезинфекция қанағаттарнарлық деп саналады.

Ауруханаішілік және әсіресе хирургиялық жұқпалардың алдын алуда асептика және антисептика қолданылады.

Асептика – емдік, диагностикалық процедуралар және операция кезінде науқас ағзаларына, жараға жұқпа қоздырғышын түсірмеуге бағытталған шаралар кешені.

Жарамен жанасатын барлық заттар, қолғаптар, операциялық киім, таңу материалы, инструменттерді стерильдеу және стерильдігін сақтау, хирург қолын дезинфекциялау, операциялық алан, аппаратура, арнайы киім, бетпердені өндеу асептикаға жатады. Операциялық бөлменің орналастыру жоспарын жасау да (этаж, бокстау, вентиляция, ауаны кондиционерлеу) асептика шараларының біріне жатады.

Асептика тәсілдері микробиологиялық өндірістерде, тағам өнеркәсібінің мекемелерінде қолданылады.

Антисептика – қабыну процесін жою немесе алдын алу үшін, организмде немесе патологиялық ошақта, жарада микробты жоюға бағытталған шаралар жиынтығы. Антисептиканың алғашқы элементтерін 1847 ж.И. Земмельвейс ұсынған.

Антисептика тәсілдері:

  1. механикалық – бөгде денелерді, инфецирленген некрозды тіндерді жою.

  2. физикалық – жараны дренаждау, тампон еңгізі, гигроскопиялық таңы салу.

  3. химиялық – антисептиктерді қолдану.

  4. биологиялық – антибиотиктер, бактериофагтар қолдану, тіршілікке қаблетсіз жасушаларды лизистеу үшін протеолитикалық ферменттер қолдану. Әдетте осы тәсілдерді кешенді түрде қолданылады.

5. Санитарлық микробиология - адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін қоршаған ортадағы микроорганизмдерді зерттейтін медициналық микробиологияның бөлімі. Ол қоршаған орта объектілерінде патогенді, шартты-патогенді және санитарлық-корсеткіш микроорганизмдерді анықтайды, қоршаған орта объектілерін залалсыздандыру тиімділігін бақылау тәсілдерін және гигиеналық нормаларың микробиологиялық көрсеткіштерін жасайды.

Патогенді микроорганизмдерді анықтау эпидемиологиялық жағдайды бағалауға және жұкпалы аурудың алдын алу және тиісті күресу шараларын қолдануға мүмкіндік береді.

Шартты-патогенді микроргаиизмдер - әлсіріген организмде іріңді-қабыну процесін қоздырады. Сонымен қатар, олар тағам өнімдеріне түсіп, жылдам көбейіп, токсиндер бөліп, адамдарда микробтық этиологиялы тағамнан уланулар қоздыруға себепкер болады.

Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдерді - қоршаған орта объектілерінде патогенді микроорганизмдердің болу мүмкіндігін жанамалап анықгауға негізделіп қолданады. Олардың анықталуы адамдар мен жануарлар бөлінділерімен нысанның ластанғандығын дәлелдейді. Мысалы, ішек инфекциясы қоздырғыштарының бөліну жолы ішек таяқшасы тобыңдағы бактериялармен - ІТТБ (бұл топқа, ішек таяқшасынан басқа, қасиеттері ұқсас клостридия, энтеробактерия, клебсиелла туыстастығының бактериялары кіреді), энтерококтармен, перфрингенс клостридиясымен бірдей. Ауа - тамшылы инфекция қоздырғыштарының бөліну жолы жоғарғы тыныс жолының шырышты қабығында түрақты мекендейтін баюгериялармен (коктармен) қоршаған ортаға (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде) болінетіндігімен бірдей. Сондықган жабық болмелердің ауасының санитарлық-кәрсеткіш бактериясы ретінде гемолитикалық стрептококтар мен алтынды стафилококктар қолданылады.

Су, топырақ, ауа және т.б. объектілердің ласмтануын жалпы микробтар саны мен санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерді анықтаумен жүргізіледі. Адамдар мен жануарлардың бөлінділерімен ластанғанын көрсететін микроорганизмдер (индикатор) ретінде суда – ішек таяқшасын, ІТТБ, энтерококктар, стафилококктарды; топырақта – ішек таяқшасын, ІТТБ, перфрингенс клостридиясы; тұрмыстық заттарда – ІТТБ, алтынды стафилококк, энтерококктарды анықтайды.

Тақырып: «Микробтардың генетикасы. Биотехнология. Гендік инженерия. Микробтарға қарсы препараттар. Инфекция және иммунитет туралы оқу. Иммунопрофилактика және жұқпалы аурулардың емі. Аллергиялық зерттеу әдістері».

1. 1859ж. Ч. Дарвин өзгергіштік және тұқым қуалаушылық ғылымының қалаушысы. Генетиканың негізгі зандарын ашқан және сипаттаған чех ғалымы Г. Мендел.

Генетиканың дамуында маңызды кезең, ол генетикалық информацияны тасмалдауды зерттеу, және түбінде белгіленген, информация ДНК→РНК→ақуыз бір бағытта ғана емес, және де РНК→ДНК→ақуыз деп басқа бағытта да өтеді.

Микроорганизмдерде, сонымен қатар басқа ағзаларда да, бір түрге тән, тұқым қуалау қасиеті бар. Микробты жасушаның ұрпағы негізінде тұқымдық қасиеттерін иеленеді, осының арқасынды микроорганизмнің әр түрін анықтауға және идентификациялауға болады. Бірақ белгілі, қоршаған орта факторлардың әсерінен, бір түрге жататың бактериялардың морфологиялық және физиологиялық қасиеттері өзгеруі мүмкін.

Ұрпақ көптеген жылдары сақтап жүрген ағзаның арнайы белгілерін тұқым қуалаушылық дейді. Бірақ келесі ұрпақтарда бір бірінен ажырататың кейбір қасиеттері болады, оны өзгергіштік дейді. Өзгергіштік және тұқым қуалаушылық бір-бірімен байланысып, қатарласып жүретін процесс, және де барлық тіршіліктің негізі.

Тұқымдық заңдылықтарды зерттеу және тұқымдық қаисеттерді ұрпақтан ұрпаққа беруді генетика ғылымы айналысады (грек. тілінен genesis деген – туу, тегі).

Микроорганизмдерде, клеканың екі негізгі қасиеттерімен байланысты фенотиптік өзгергіштік немесе тұқым қуалаушылық емес және генотиптік өзгергіштік немесе тұқым қуалаушылық, генопит және фенотип деп ажыратады.

Генотип дегеніміз клетканың гендерінің жалпы қосындысы. Генотип әр түрлі жағдайларда үнемі тұрақтылықты сақтап микроорганизмдердің түрін бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді.

Фенотип деген әр индивидумның морфологиялық және физиологиялық қасиеттердің жалпы жинағы. Фенотип арнайы бір жағдайларда генотиптің мінезін сыртқы белгілермен көрсетеді.

Клетканың генетикалық аппаратында болмайтың өзгерістер, бірақ микроорганизмнің өзгеруіне әкелетің өзгерістерді фенотиптік өзгергіштік, немесе «модификация» деп атайды. Модификация қоршаған орта факторларының әсерінен пайда болатын өзгерістер, әсіресе микробтар қоректік ортада көбейіп өскен кезде бақылауға болады. Бұл өзгерістер тұқым қуаламайды және әсереткен факторларды тоқтанқан кезде жоғалады.

Модификациялар микроорганизмдердің көптеген қасиеттеріне әсерін тигізу мүмкін:

  1. Морфологиялық модификациялар, қоректік ортаның құрамынан және сипатынан, температурасынан және өсіру уақытынан бактериялардың пішіні, жасушаның мөлшері, капсула және спора түзу қасиеті өзгеруі мүмкін.

  2. Культуральді модификациялар, көптеген бактериялар әр түрлі температурада және әр түрлі қоректік орталарда өскенде пигмент түзу қарқындылығы өзгереді. Қоректік орталарда өскен кезде бактериялардың колонияларының түрі де өзгереді. Кейбір колониялар тегіс, пішіні дөңгелек, шеттері түзу, жылтыр, бергелкі, көлемі үлкен емес – бұл S пішінді колония. Басқалары кедір-бұдырлы, күнгірт, жиі мөлдір емес, шеттері тегіс емес, құрғақ R пішінді колониялар. Тегіс колониялар кедір-бұдырлы колонияларға өзгеруі мүмкін және керісінше.

  3. Физиологиялық және биологиялық қасиетерінің модификацияся.

Генотиптік өзгергіштік – аталық жасушадан балалық жасушаға берілетің ұрпақтың информациясы жасушаның хромосомасында және генінде бекітілге. Хромосомалар – нуклеотпротеидтер (нуклеин қышқылы мен ақуыз), олар организмнің тұқым қуалаушылық қасиетін анықтайтын геннің тасмалдаушылары болып табылады.

Гендік рекомбинация (коньюгация, трансформация, трансдукция) мен мутацияның нәтижесінде генотиптік өзгергіштік болуы мүмкін.

Әр түрлі себептерден пайда болатын ДНК молекуласындағы өзгерістер және құрамына кіретің информацияның өзгеруіне әкелетін әсер мутация деп аталады.

Трасформация деген, ол бөлектенген ДНК көмегімен донордан реципиентке берілетін генотиптік материал.

Трансдукция бұл трансдуцирлеуші фаг ұрпақтық материалды бактерия-донордан бактерия-реципиентке тасмалдайды.

Коньюгация бір жасушадан екінші жасашаға гендік материал редуцирленген жыныстық процесске ұқсас, тікелей қатынас жолмен беріледі.

БИОТЕХНОЛОГИЯ – тірі организмдер мен жүйелерде болып жатқан биологиялық процесстерді зерттеу негізіндегі білім аймағы. Осы процесстерді және де биооъекттердің өздерін (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, өсімдік және жануар клеткалары) кешенді жағдайда адамға ең қажетті өнімдер немесе бұрын табиғатта кездеспеген процесстермен материалды алу үшін пайдаланады.

Биотехнология ең маңызды мәселелерді шешеді: адамның өміріне қажетті заттармен материалдарды және медикаментозды заттарды алу үшін жаңа тиімді, экономды технологияларды қолдану; жаңа күрделі материалдарды жасау; табиғатта кездеспеген процесстерді іске асыру; жаңа энергия көзін және әлемде экологиялық қауіпсіздік жолдарының шешімін іздеу. Биотехнологиялық процессте де рибонуклеинды қышқыл сияқты биологиялық макромолукулаларды (ДНК, РНК), ақуызды – жиі ферменттерді қолданады.

Биотехнология алдына қойылған мақсатына қарай медициналық, ауылшаруашылық, өндірістік және экологиялық болып бөлінеді.

Медициналық биотехнология келесі сұрақтарды шешеді:

  1. Биообъекттерді (микробты, өсімдік және жануар клеткалары) және олардың тіршілік әрекетінен шыққан заттарды қазіргі замаңға сай экономды және нәтижелі технологияның негізінде алдын алу, диагностикалық және емдік препараттарды жасау. Ен басты антибиотиктерді, вакциналарды, гормон, антиген, антидене, иммундымодуляторларды өндіру және жасау.

  2. Тәжірибеде жаңа аспаптармен приборларды, және де адамның тіндерімен жүйесіндегі ақауларын толтыратын материалдарды өндеу және пайдалану. Мысал ретінде, қүйікте терінің ақауларын толтыру үшін эпидермис клетканың культурасынан алынған жасанды тері; жасанды бүйрек, жүрек және басқа жүйелерді жасау.

  3. Адамның геном білімнің негізіндегі генодиагностика, генотерапия және генопрофилактиканы тұқым қуалаушылық және басқа аурулардың мәселелерін гендерді ауыстыру арқылы өндіру.

  4. Биосенсордың (декторларды қолданып нақты және сезімтал аспап арқылы физикалық, химиялық және биологиялық эффектердің бірлестік әрекетің тіркеу) көмегімен лабораторлы және клиникалық талдау жүргізу үшін жаңа әдістерді құру .