Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӘРІС микроб каз.гр..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
321 Кб
Скачать
☆

2. Риккетсиялар.

Риккетсиялар полиморфты (ұсақ таяқша, кокк, жіп тәрізді болуы мүмкін), грам теріс бактериялардың ерекше тобы, олар клетка ішілік (цитоплазмада және жасушаның ядросында) паразиттар болып табылады.

Адам реккетсиоздары бес топқа бөлінеді:

  • Бөртпе сүзек тобы

  • Кенелік дақтық қызба тобы

  • Цуцугамуши тобы

  • Ку-қызба тобы

  • Пароксизмалды риккетсиоздар тобы

Кездесетін реккитсиоздар: эпидемиологиялық бөртпе сүзегі, Брилл ауруы, эндемиялық бөртпе сүзегі, Ку-қызбасы.

Эпидемиялық бөртпе сүзегінің қоздырғыштары.

Бөртпе сүзегі – Rickettsia provazekii тудырған жұқпалы ауру, клиникасы қызба, арнайы бөртпелерімен, ОЖЖ мен қан тамырлары зақымдануымен өтетін антропоонозды ауру.

Таксономиясы. Бөртпе сүзегінің қоздырғышы осы инфекцияны ашу жолында қайтыс болған Америка ғалымы Н. Риккетс және Чех ғалымы С. Провацек құрметіне аталған.

Морфологиясы, дақылды өсіру. Грам теріс таяқшалар, Романовский-Гимзе әдісі бойынша қызыл түске боялады. Бөртпе сүзегінің қоздырғышы жасуша цитоплазмасында көбейетін жасушаішілік паразит. Токсикалық және гемолитикалық қасиетке ие. Оны тауық эмбрионының сары уыз қапшығында, жасуша дақылында және сезімтал жануарларға өсіреді (тышқан, теңіз шошқасы, орқояны).

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі – ауру адам. Тасымалдаушы науқастың қанның сорған киім биттері. Риккетсия бит ішегінің эпителийінде көбейеді және де ішек қуысына бөлінеді, сілекей бездерінде биттердің сорғыш мүшесінде риккетсиялар болмағандықтан, шаққан кезде жұқтырылмайды. Адамның зақымдануы бит шаққан жерде олардың экскрементерін теріге жағып риккетсиялардың кіруіне жағдай жасалынады. Бөртпе сүзегінің пайда болуы мен таралуы биттермен (педикулез) байланысты.

Патогенезі. Риккетсия Провацека қанға түсіп, қан тамырларының қабырғасында орналасқан эндотелий жасушасына енеді, көбееді және эндотоксин бөледі. Токсин әсерінен эндотелий жасушалары бұзылып, риккетсиялар қайта қанға түседі. Ұсақ қан тамырлардың, капиллярлардың зақымдануына байланысты мида, бүйректе, миокардта және де басқа мүшелерде микроайналым бұзылуы және менингоэнцефалит, миокардит, гломерулонефрит дамиды. Науқас жызылған соң риккетсиялар адам ағзасында ұзақ уақыт сақталуы мүмкін, бұл бөртпе сүзегінің рецидивтік түріне әкелуі мүмкін.

Клиникалық белгілері. Инкубациялық кезең – орташа 12-14 тәулік. Аурудың ағымы әртүрлі. Ауру дене қызуының көтерілуімен, бастың қатты ауруымен, ұйықысыздықпен, адамның қозуымен басталады; 4-5 күннен кейін тері капиллярының кеңеюімен және оның зақымдану нәтижесінде ерекше бөртпелер пайда болады. Ауыр жағдайда жүрек және ми зақымдану асқыну дамуы мүмкін.

Микробиологиялық диагностикасы. Науқас ағзасынан реккетсияны бөліп алу қиындықтар тудырады. Негізгі диагностика әдісі - серологиялық. Науқастардың алынған әртүрлі материалдардан риккетсиялық антиген немесе антиденелерді анықтау үшін қолданылады.

Емдеуі. Риккетсиоздарды емдеу үшін ең қолайлысы - тетрациклин, левомицетин, ривампицин табылады.

Сақтандыруы. Биттердің алдын алу және жою шараларын жүргізу қажет. Арнайы сақтандыру тек қана қосымша маңызы бар.