Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӘРІС микроб каз.гр..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
321 Кб
Скачать
☆

Эндемиялық бөртпе сүзегінің қоздырғышы.

Эндемиялық немесе атшалмандық бөртпе сүзегі – атшалмандарда кездесетін жедел қызбалы зоонозды ауру. Инфекция қоздырғышы – Rikettsia typhi, биологиялық және антигендік қасиеті бойынша Риккетсия Правацекаға ұқсас, қоздырғыштың тасымалдаушысы – бүргелер болып табылады. Бұл ауру бірер жарым атшалмандар ауруы кездесетін жерде қоныстанған адамдарда тіркеледі. Атшалман бөртпе сүзегінің анықтауы спецификалық антигенді серологиялық әдіспен ғана қояды және эпидемиялық бөртпе сүзегінен оны ажыратады.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Н.А.Утевский «Микробиология с техникой микробиологических исследований».

  2. Ф.К. Черкес «Руководство к практическим занятиям по микробиологическим исследованиям».

  3. Қаз.ММА-ғы ҚР медициналық жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік секциясы, Ү.Т. Арықпаева, К.Х. Алмаганбетов, Н.М. Бисенова, Ә.Ө. Байдуйсенова, Н.Б. Рахметова, Г.Д. Асемова.

  4. Н.А. Бакулина «Микробиология» 339-356 беттер.

ДӘРІС № 10

Тақырып: «Вирусты инфекциялардың қоздырғыштары».

1. Жедел респираторлы (латын respiratio-тыныс алу деген сөзінен) вирусты инфекция (ЖРВИ) тобына тыныс жолдарының әр түрлі бөлімдерінің зақымдалуымен сипатталатын және аэрогенді механизммен таралатын аурулар жатады.

ЖРВИ-сын 200-ден астам вирусы тудырады: грипп вирусы, парагрип, респираторлы-синтициалды, риновирус, короновирус, реовирус, аденовирус. Бұл вирустар бір-бірінен биологиялық қасиеттеріне байланысты ерекшеленетін әртүрлі тұқымдас пен топқа жатады. Сондықтан зертханалық анықтау кезінде әрқайсысын жеке қарастыру қажет. Адам патологиясында грипп вирусының алатын орны ерекше.

Тұмау вирусы.

Тұмау – жоғары тыныс жолдарының шырышты қабатының зақымдалуымен, қызбамен, жалпы интоксикация симптомдарымен, жүрек-тамыр және жүйке жүйесінің бұзылуымен сипатталатын жедел респираторлы ауру. Грипп қоздырғышы өзгергіштігіне және жоғарғы жұғу қасиетіне байланысты эпидемиялық және пандемиялық таралуға бейім. 1933 жылы У.Смит, Н.Эндрюс және Н.Лейлдоу тұмаумен ауыратын науқастарда вирусты бөлді, кейінрек оны А тобына жатқызды. 1940 жылы тұмау вирусының В түрі, 1947 жылы С түрі ашылды.

Таксономиясы, жіктелуі. РНҚ бар вирустар Orthomyxoviridae тұқымдасына жатады (грекше Orthos – дұрыс, myxа – шырыш). Тұқымдасқа 2 туыстық кіреді: Influenzavirus А және В түрін біріктіреді, грипп вирусының С тобына кіретін Influenzavirus С.

Морфологиясы және химиялық құрамы. Вирион сфера тәрізді, сирек таяқша және жіп тәрізді: сыртқы липопротиенді қабаттан және жүрекшеден тұрады. Жүрекше 1 жіпшелі сызықты бөлшектенген РНҚ-нан, ақуызды капсидтен тұрады. Нуклокапсид спиральды типте болады. Суперкапсидті қабатының беткейінде табиғаты гликопротинді тікен тәрізді болады. Оның біреуі гемаглютинин, екіншісі нейраминидаза.

Дақылды өсіру. Дақылды өсіру үшін тауық эмбрионы, жасуша дақылы, кейде зертханалық жануарлар алынады.

Резистенттілігі. Грипп вирустары бөлме температурасы кезінде жұқпалылығын бірнеше сағат ішінде сақтай алады. Грипп қоздырғышы УК-сәулелердің, көптеген дезинфекциялық заттардың (формалин, этил спирті, фенол, хлорамин) әсеріне сезімтал; сұйық ортада 50-600С температура кезінде бірнеше минут ішінде бейтараптанады. Мұздатқан жағдайда және глициринде ұзақ сақталады.

Эпидемиологиясы. Барлық жедел респираторлы вирусты инфекциялардың ішінде аса ауқымды және ауыр ауру болып саналады. Грипке адамдардың сезімталдығы жоғары. Тұрғындардың барлық жас бойынша, топтары, негізінен қыс уақытында ауырады.

Пандемия мен ірі эпидемиялардың пайда болуы әдетте А тұмау вирусының жаңа түр астылығының шығуына байланысты. Тұрғындар арасында А (Н1N1) және В тұмау вирустары айналып жүруіне қарамастан, соңғы жылдары грипп эпидемиялары А (Н3N2) грипп вирусымен байланысты. Грипп инфекциясының көзі клиникалық көрінісі немесе көрініссіз түрдегі ауру адам болып табылады. Таралу жолы ауа-тамшылы (сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде).

Патогенезі және клиникалық белгілері. Тұмау вирустары жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабатының эпителиалды жасушаларына еніп дамиды, одан қанға енеді де, ағзаға тарайды. Зақымдалған жасушалардың ыдырау өнімдері және кейбір вирусты ақуыздар ағзаның әртүрлді мүшелері мен жүйелеріне токсикалық әсер етеді.

Жасырын кезеңі – бірнеше сағаттан 1-2 тәуілікке дейін. Грипке тән қасиеттер: жедел басталуы, дене қызуы, жалпы интоксикациясы, бас ауырсыну, көз алмасындағы ауру сезімі, тыныс жолдарының әртүрлі ауырлық дәрежеде зақымдалуы. Грипп кезіндегі қызба жағдайы 5-6 күн арасында ғана асқынусыз созылады. Аурудың ауырлығы мен нәтижесі тұмау вирусының өзімен немесе шартты-патогенді бактериялармен тудырылатын (гриппозды пневмония, өкпелердің жедел домбығуы) асқынулары жиі байланысты болады. Грипп вирустары асқынулардың дамуына ағзаның қантүзу және иммунды жүйесінде тежеуші әсер ықпал етеді.

Микробиологиялық диагностикасы. Вирус және вирусты антигенді анықтауға арналған материал – мұрын қуысының шырышты қабатының жығынды-таңбалары, мұрынжұтқыншақ бөліністері, өлім жағдайы кезінде өкпе тіні немесе мидың бөлшектері болып табылады. Жедел-диагностика ИФР вирусты антигенді анықтауға негізделген.

Арнайы сақтандыруы және емдеуі. Спецификалық сақтандыру үшін тауық эмбрионында өсіретін А (H1N1), (H3N2) және В грипп вирустарынан алынған тірі вакциналарды қолданылады. Өкінішке орай, грипп вирустарының жоғары өзгергіштігі нәтижесінде вакцинацияның әсерінің төменділігі байқалады.

Емдеуі. Гриптың жедел сақтандыруы мақсатында химиятерапиялық вирустарға қарсы препараттар (реамантадин, виразол, арбидол және т.б.), интерферон және иммунды модулятор препарттары (дибазол, левамизол, және т.б.) қолданылады.