Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӘРІС микроб каз.гр..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
321 Кб
Скачать
☆
  1. Адамның иммунды тапшылық вирусы.

Жүре пайда болған иммунды тапшылық синдромы (ЖИТС) көбінесе иммунды жүйенің зақымдануымен сипатталатын АИВ адамның иммунды тамшылық вирусымен тудырылатын ауыр сырқат. Ауру клиникалық көрінісінің полиморфтылығымен, ұзық ағымымен, жоғары өлім жітімлілігімен сипатталады. Табиғи жағдайда жұғу жолы жыныстық қатынас арқылы, сонымен қатар медициналық манипуляциялар кезінде қан арқылы тарайды және эпидемиялық жылдам таралуға қаблетті.

АИВ 1983 жылы бір уақытта және бір біріне тәуелсіз Америка ғылымы Р.Галло және Франция зерттеушісі Л.Монтонье ашты.

Таксономиясы. Retrovirodae тұқымдастығына, Lentivirus туыстығына жатады.

Морфологиясы және дақылдық қасиеті. АИВ РНҚ-құрамды вирус, пішіні сфералық; оның жүрекшесін негізгі Р24 ақуызы және т.б. ақуыздар құрайды. Түрі конус тәрізді. Ал, сыртты екі қабатты липидтті қабықшадан тұрады және онда гликопротеидті антигендер орналасқан. Жасанды жағдайда вирустың өсуі өте қиын. Ол тек лимфоцитті дақылдарда ғана көбейеді, мөлшері төмен.

Патогенді факторлары. Т-хелпер лимфоцоиттерінде қалыпты жағдайда СД4 рецепторлары бар. Олар вирустың gp 120 белоктік қасиетіне ие. Осыған байланысты АИВ-ға лимфотроптылық тән. Бұл вирустардың лимфоциттерге бекуіне, жасушаға еніп, онда көбіне қолайлы жағдай жасайды. АИВ-ның лимфоциттерде көбеюінің нәтижесінде соңғылары бұзылып өледі немесе өзінің функционалдық белсенділігін төмендетеді. Иммунды және басқада жасушалардың зақымдалуы, иммунды жүйенің қорғаныс қызметін төмендетеді. Нәтижесінде иммунды дефицитті жағдай және табиғатты инфекциялық, инфекциялық емес екіншілік аурулар дамиды.

Резистенттілігі. Вирус қоршаған ортада, сонымен қатар физикалық, химиялық факторларға тұрақсыз. Бөлме температурасында 4 тәуілікке дейін спирт, эфир, гипохлоридпен өнделгеннен кейін 4-5 минуттан кейін жойылады. Қыздырғанда тез өледі, 80 градусқа дейін қыздырғанда 6-7 минутта.

Эпидемиологиясы. АИВ инфекциясы алғаш 1980-1981 жж. АҚШ-да гомосексуалисттердің арасында, олан кейні жиі қан құюды талап ететін гемофилиямен ауыратын науқастарда, кейін нашақорлар мен жезөкшелердің арасында тіркелген. Инфекция көзі тек ауру адам және АИВ тасымалдаушысы. Таралу жолы: жыныстық қатынас, АИВ-мен ауыратын науқастардың материалдарын парэнтеральді еккенде (қан, сарысу, плазма, қан препараттар сондай-ақ зарарсыздырылмаған құралдар, аспаптарды қолдану: шприц, ине, қан құюға қажетті құралдар), сондай-ақ жатыр ішінде ұрыққа немесе емізгенде балаға АИВ инфекциясы берілуі мүмкін. Тұрмыстық қатынас пен қан сорғыш жәндіктер арқылы вирус таралмайды. АИВ эпидемиясы жылдам таралуда, науқастардың саны 8-10 ай сайын екі еселеніп отыр. Көптеген мемлекеттерде АИВ-инфекциясына қарсы заңдар қабылданған.

Вирус жыныстық қатынас немесе жоғарыда айтылған медициналық манипуляциялар кезінде қанға еніп, онда көбееді, сосын жасушадан шығып, бүкіл ағзаға таралады. Оны қаннан, лимфа, слекей, көз жас, ұрықтан, қынап бөліндісі, тері және т.б. жасушалар мен сұйықтықтардан табуға болады.

Патогенезі. Иммундық компонеттік жасушалардың зақымдануы иммундық жүйе қызметінің бұзылуына әкеледі.

Клиникалық белгілері. АИВ инфекциясы бірнеше кезеңдермен сипатталады.

  1. Қызбалық кезеңі: жұқтырғаннан кейін қызба, интоксикация, лимфа бездерінің ұлғаюы, іш өту және т.б болуы мүмкін.

  2. Симптомсыз кезең: бірінші кезеңдегі белгілердің барлығы жойылады, науқастың сырт пішіні сау адамға ұқсайды, бірақ онда АИВ-ға қарсы антиденелер пайда болады. Бұл кезең бірнеше жылға созылуы мүмкін.

  3. Екіншілікті ауру кезең, АИВ инфекциясының асқынулары. Екіншілік аурулардың төрт тобы ажыратылады:

    • орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен өтетін (абсцесс, менингит, энцефалит);

    • өкпенің зақымдануымен өтетін (бактерия және қарапайымдылар тудыратын пневмония);

    • ас қорыту жолының зақымдануымен өтетін (диарея, салмақтың төменденуі);

    • ісіктін пайда болуы (Капоши саркомасы).

  4. Терминалды кезең: кахексия (дене салмағының күрт төмендеуі), адинамия, деменция (ақыл-есінің төменденуі) және барлық иммунологиялық көрсеткіштердің төменденуіндегі құбылыстар дамиды.

ЖИТС-на тек терминалды кезең жатады, ал қалған кезеңдердің барлығы АИВ инфекциясы болып саналады. ЖИТС кезіндегі өлім-жітімдік 100 пайыз.

Иммунитет. Иммунитет гуморалды және жасушалық сипатта болады. Антиденелердің маңызы толығымен анықталмаған.

Микробиологиялық диагностикасы. Ағзаның тіндері мен сұйықтықтарындағы вирустың антигендерін, сондай-ақ қан плазмасындағы АИВ-ға қарсы антиденелерді анықтауға вирусологиялық, серологиялық диагностика жүргізеді. Вирусты Т-лимфоцит жасушасының дақылынан бөліп алады.

Емдеу. Емдеу тиімді емес. Кейбір кейбір нәтижелер жасушаларда вирустың репликациясын тежеитін, өмірін аздап ұзартатын азидотимидинді қолдануға мүмкіндік береді, дегенмен науқас міндетті түрде қайтыс болады.