Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӨЖЖТТ учпос.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

1.3 Қр агроөнеркәсіптік кешеніне бейнеконференция ұйымдастыру үшін Mesh жерсеріктік желісін пайдаланудың түсіндірмесі

Mesh желілері бейнеконференция үшін ең қолайлысы болып келеді. Уақыттық кідіріс минималды (0,25 секундтан) және таратудың бағытына тәуелді емес. Жылдамдығы 3 Мбит/сек дейін жетеді – бұл бейнені сығудың заманауи технологияларында (MPEG – 4 AVC; H.264; Wimdows Media) хабар тарататын теледидарламаның сапасына сәйкес келеді. Арна кепілденген минималды жылдамдықпен немесе кепілденген тұрақты жылдамдықпен ұсынылуы мүмкін. Мұндай кезде клиентке физикалық арна емес (SCPC – тегі секілді), конференция аяқталған соң автоматты түрде желінің басқа қолданушысына берілетін виртуалды арна бөлінеді. Абоненттік станция салыстырмалы түрде үлкен емес антеннамен және бағасы «екібағытты жерсеріктік Интернет» станциясының құнынан сәл қымбаттырақ жалғыз терминалмен жабдықталған. Жиіліктік иемдену қажет етілмейді, РЭҚ тіркеуі туралы куәліктің болуы жеткілікті. Осылардың барлығы кез келген географиялық нүктеде орналасқан көп мөлшердегі алшақтатылған қатысушылармен бейнеконференция ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Олардың құрамында жылжымалы немесе тасымалды VSAT бар «мобильді» қатысушылар да болуы мүмкін. Орталық кеңсе және бейнеконференция сервері де сол сияқты кез келген жерде орналасуы мүмкін, сондай-ақ ірі қалаларда емес те болуы мүмкін. Орталық кеңседегі өзінің жерсеріктік станциясы жүйені толық автономды және басқа байланыс операторларынан тәуелсіз етеді. Mesh желілерін бейнеконференция үшін пайдалану үлгісі төмендегі 13 – суретте көрсетілген.

13 – сурет. Mesh желілерін бейнеконференция үшін пайдалану

Қашықтықтағы нысандарды бейнебақылау

Бейнебақылау – қатыстық түрде жоғары жылдамдықты (128…512 кбит/с) және сервистің кепілдік сапасын талап ететін қосымша. Сол мезетте барлық бақыланатын нысандарды нақты уақытта тәулік бойы бақылау, әдетте қажет емес. Камералардың суреттерін белгілі бір оқиғаларда (қозғалыс датчигінің, сыртқы датчиктердің іске қосылуы ), кесте бойынша (мысалы, әр нысаннан 5 минуттан) немесе кезекшінің сұрауы бойынша (егер ода күмән туындаса) ғана байланыс каналы бойынша берудің мәні бар. Басқа уақыттарда камералардың суреттерін, нысанда жергілікті орналасқан, сандық бейнебақылаудың қатқыл дискіне жазуға болады. Бұл ретте, мәліметтер ешқайда берілмейді және байланыс каналын жүктемейді. Бірақ кезекші кез келген уақытта жазбаның сол немесе басқа үзінділерін сұрай алады.

Бейнебақылаудың мұндай ұйымдастыруына жерсеріктік Mesh желісі сәйкес келеді. Бір клиенттің нысанында жұмыс жасайтын, Mesh станциясының тобына, басқа ешқайсысымен емес, осы ғана станциямен ғана қолданыла алатын жол бөлінеді. Осы тобтың ішінде станциялар жолды динамикалық түрде өзінің шұғыл қажеттіліктеріне қарай бөле алады. Орталық бекетте орнатылған станция, алыстағы нысанда орналасқан, бір станцияның ғана «суретін» бір мезетте қабылдайды. Мысалы, 5 минут бір нысаннан, 5 минут екінші нысаннан және т.б. Әлде, оларды мультиплексті режимде (4,9,16 және с.с. суреттерді бір экранда) кескіндеу үшін, рұқсаттылығы төмендетілген «суреттерді» бір мезетте бірнеше алыстағы нысаннан қабылдайды. Датчик іске қосылғанда экранға автоматты түрде «қатерлі» нысаннан максималды рұқсаттылықпен сурет шығарылады. Қажет болғанда кезекші жергілікті бейнерегистраторлардың «қауіп журналын» қарап шыға алады; қажетті уақыт аралығына нысаннан жазбаны тауып, шақырып, қарап шыға, жазып ала алады; сол немесе басқа камерадан өз мониторына «жанды» суретті күшпен шығара алады. Кез келген жағдайда уақыттың кез келген сәттінде жерсерік арқылы, максималды рұқсаттылықты бір камераның суретін беруге сәйкес келетін ағын берілетін болады. Осылайша, клиент бірнеше алыстағы нысанды бақылайтын, ал байланысқа бір ғана нысанды бақылап отырған тәрізді төлейтін болады.

Ұялы байланыстың қашықтықтағы базалық станциясын қосу

Mesh желісінің станциясын 3 Мбит/с және одан артық жылдамдықпен «нүкте-нүкте» сұлбасы бойынша қолдануға болады. Бұл Mesh станцияларын ұялы байланыстың алыстағы базалық станцияларын базалық станцияның контроллерлеріне жалғау үшін қолдануды мүмкін етеді. Мұндай қосылыстың «классикалық SCPC» алдында артықшылығы айқын. Біріншіден, Mesh жер станциясының жабдығы, сондай энергетикалы SCPC станциясының жабдығынан төрт есе арзан тұрады. Екіншіден, Mesh станциясы үшін жиіліктік иемденулер алу қажет емес. Ақырында, «жұлдыз» сұлбасы бойынша бір контроллерге бір емес, бірнеше базалық станцияларды қосу қажет болса, SCPC үшін жұлдыз ортасында, байланыс бағытының саны бойынша, бірнеше модемдерді қолдануға тура келеді, ал Mesh жалғыз терминалды барлық бағыттарға қолдануға рұқсат береді. Бірақ мұндай жалғаулар кейбір мәселелерді де болжайды. Ұялы базалық байланыстың кірісінде үздіксіз Е1 сандық ағыны болуы қажет, дегенмен байланыстың жерсерікті каналында мәліметтер тұтас ағынмен емес, ал мезгіл-мезгіл сайын «жарқылмен» (мұндай режим «burstmode» немесе «VSAT mode» деп аталады) беріледі. Сондай-ақ, Е1 ағыны – өте тиімсіз көлік. Ол цифрланған сығылмаған дауыстың (64 кбит/с-тен), барлығы қолдана алмайтын, және тағы 128 кбит/с сигнал беруге (телефон номерінің көрсетілімі, тұтқаны көтеру/қою және т.б.) бөлінетін, 30 каналынан құралады. Заманауи оптикалық желілер үшін бұл қиын емес, бірақ мұндай трафикпен жерсерікті каналдарды жүктеу – жол берілмейтін астамдық.

Сондықтан, Mesh жерсерікті станция мен ұялы БС арасында, берілетін Е1 максимум бойынша сығатын, «ақылды» бағдарлауыш іске қосылады.

Дауыстың «жұмыс» каналдары дауыс кодегімен өңделеді, «бос» дауыс кодегі тасталады, сигнал беру каналынан артық мәліметтер жойылады. Осындай жолмен алынған ағын, айнымалы биттік жылдамдықпен, үзінділерге кесіледі, IP пакеттеріне қапталады және «burstmode» жерсерікті каналда беріледі. Қабылданатын мәліметтермен кері процедура жүргізіледі: «жарқылдардан» IP пакеттері қабылданады, олардан мәліметтер алынып шығарылады, дауыс қайта компрессияланады, артық биттар кері қойылады, тұрақты 2048 кбит/с биттік жылдамдықпен үздіксіз сандық ағын қалпына келтіріледі.

Пакеттік беріліс осындай жолмен «үнемделген» байланыстың жерсерікті каналының жолын желінің басқа станцияларына қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, қашықтықтан БС бірде бір абоненті сыртқы абонентпен сөйлеспеген кезде, яғни Е1 бірде-бір дауыс каналы бос емес болмағанда, станция жерсерік арқылы минимум IP-пакеттерді жібереді. Онда беріліс үшін кезекті уақыттың бос мезетін қолданудың қажеттіліктері сирек туындайды, және осы бос мезетті желінің басқа станциясы қолдана алады.

IP бойынша Е1 тиімді сығып және беруге мүмкіндік беретін, бағыттауыштар – бұл күрделі және қымбат құрылғы. Берілген Mesh клиенттік желісіне бөлінген жерсеріктегі жолақ шектелген, дауыс каналдарын жүктеу болжап болмайтын, ал IP протоколы, мұндай жағдайларда мәліметтерді дер кезінде жеткізуді сенімді қамтамасыз ететін, механизмдерге ие емес. Сондықтан, шешім сондай бір арзан және 100% сенімді емес болып шығады. Дегенмен, соңғы уақыттарда ол, әсіресе аймақтарда, ұялы телефон операторларымен жиі қолданылуда.