- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •«Менеджмент» пәнінің
- •Құрылымы
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Оқытушы туралы жалпы мәліметтер
- •1.2 Курс міндеттері:
- •Пәнді оқу үшін қажетті пәндер тізімі
- •2. Оқу уақытын бөлу
- •Практикалық сабақ тақырыптық жоспары
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу
- •6) Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Студенттер білімін бақылаудың рейтингтік жүйесі
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Пән атауы «Менеджмент»
- •Дәрістің тақырыптық жоспары
- •Практикалық тапсырмасын орындау және тапсыру кестесі
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
- •Глоссарий
- •Дәріс кешені
- •Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері
- •2. Менеджер және оның іс- әрекетінің бағыты
- •3. Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері
- •Басқарушылық ойдың эволюциясы
- •1. Ұйымдар түсінігі, олардың негізгі түрлері мен жалпы сипаты.
- •2. Мақсат түсінігі мен оның классифкациясы
- •3. Менеджер қызметінің жүйесі. Басқарушы үлгілері
- •Ұйымның ішкі ортасы
- •Сурет 1. Ішкі өзгерістердің байланысы
- •2. Ұйымның сыртқы ортасы
- •Ұйымдастыру қызметінің қалыптасуы
- •Мақсаттар мен жоспарларды орындау үшін ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру қажет. Төмендегі негізгі ұғымдар олардың орындалуымен тікелей байланысты:
- •Оның түрлері және өкілеттілігі
- •Орталықтандыру және орталықтандырмау
- •Бас басқарушы
- •4. Корпоративті ұйым немесе корпорация
- •1 Ақпарат түсінігі және сипаттамасы
- •2 . Менеджменттің ақпаратпен қамтамасыз ету деңгейі және ақпарат типтері
- •3. Ақпараттың ішкі жүйесі
- •4 . Ақпараттық қызмет технологиясы
- •1.Коммуникациялық үрдіс және оның кезеңдері
- •Сурет 1. Ақпарат алмасудың қарапайым моделі.
- •2. Коммуникация түрлері
- •3 Кәсіпорынның коммуникациясындағы кедергілер
- •4 Коммуникацияны жетілдіру
- •1. Басқару шешімдері түсінігі.
- •2. Басқару шешімдерінің жіктелуі
- •3. Басқару шешімдерін қабылдау технологиясы
- •Сурет . Басқарушылық шешімдерді қабылдау процесінің құрамы мен этаптарының кезекшілігі
- •1. Басқару әдістерінің мәні
- •2. Экономикалық басқару әдістері
- •3. Басқарудың ұйымдастыру – жіктеу әдістері.
- •Басқарудың ұйымдастыру-ұйғарымдық әдістерінің классификациясы
- •Ұйымдастыру функциясының мазмұны
- •2. Өкілеттік және олардың түрлері
- •3. Орталықтандыру және орталықсыздандыру
- •1. Фирма ішіндегі жоспарлаудың мазмұны мен міндеттері
- •2. Жоспарлау принциптерітер
- •3.Стратегиялық жоспарлау
- •4.Ағымдық жоспарлау
- •1. Мотивация мәні
- •2. Мотивацияның мазмұндылық теориясы.
- •3. Мотивацияның процессуалдық теориясы.
- •1 Бақылаудың мәні мен міндеттері
- •2. Басқарушылық бақылаудың түрлері
- •3 Бақылаудың кезеңдері
- •14 Тақырып.Адам қызметін басқару және топты басқару
- •1 Персоналды басқарудың мәні
- •2 Персоналды басқарудың негізгі түсініктері
- •Құралдар
- •3 Персоналды басқарудың даму этаптары
- •4. Персоналды басқарудың өзектілігі
- •5 Персоналды басқаруды дамытудың қазіргі бағыттары
- •Кәсіпорын қызметінің мақсаттары мен нәтижелері
- •Негізгі бағдары
- •15 Тақырып. Лидерлік: басқару стилі мен менеджер имиджі
- •Лидерлік, билік және ықпал етудің мәні
- •Билік және ықпал ету формалары
- •Басшылық стилінің түсінігі және оны қалыптастыру факторлары
- •2.Стиль түрлері және олардың сипаттамалары
- •Автократиялық басқарушы, мұнда екі теория бар:
- •Тақырып. Менеджменттің мәні мен қағидалары
- •Тақырып. Менеджмент эволюциясы
- •3 Тақырып. Ұйым туралы түсінік және оның түрлері
- •Тақырып. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
- •Тақырып. Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы
- •Тақырып. Менеджментті информациямен қамтамасыз ету
- •Тақырып Менеджменді коммуникация және оның түрлері
- •Тақырып. Менеджменттегі басқару шешімдері
- •Тақырып.Менеджменттің негізгі әдістері
- •Тақырып. Ұйымдастыру менеджмент функциясы ретінде
- •Тақырып. Менеджменттегі жоспарлау
- •Тақырып. Менеджменттегі мотивация
- •Тақырып. Менеджмент жүйесіндегі бақылау
- •Тақырып. Адам қызметін басқару және топты басқару
- •Тақырып. Лидерлік: басқару стилі мен менеджер имиджі
- •Сөж тапсырмалары және оны орындауға әдістемелік нұсқау
- •Бақылау-өлшеуіш құралдар: аралық бақылауға арналған тест сұрақтары
- •Бақылау-өлшеуіш құралдар: пән бойынша емтиханға арналған дайындық сұрақтары
- •«Экономика және менеджмент» кафедрасы бойынша мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер, лабораториялар тізімі
1. Басқару әдістерінің мәні
Басқару әдістері – бұл белгілі нәтижеге жету үшін басқару субъектісінің объектіге әсерінің тәсілдерінің жүйесі. Басқару әдістерінің теоретикалық негізі терең және мұқият өңдеуді қажет етеді. Өйткені басқару құралының аса белсенді қазіргі оны дұрыс қолданбауында теріс зардаптарын алып келуі әбден мүмкін. Бұл басқару механизмінің деформациясы немесе дұрыс құралмауында терең қарастырылады.
Басқару әдістерінің классификациясында бірнеше шарттары бар. Алайда адамдар мен ұжымдарға олардың олардың мүдделеріне қатысты (қарастыратын) қатынас құралдарды қолданудың мағынасы бар. Сондықтан да қатынастар құрамы бойынша: экономикалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік-психологиялық. Берілген сыныптамада (классификация) негізі жеке жұмысшылардың (қызметкерлердің) еңбекке, тұтыну мен мүдделерін қарастыру. Нақты осылар адамдардың мінезін анықтайды.
Экономикалық әдістер табиғат, қоғамның объективті әлемінің даму заңдылығы мен әлеуметтік – экономикалық заңдарға негізделеді. Осы әдістердің қолданылуы тұлғаның, ұжымның және қоғамның экономикалық мүдде жүйесіне сүйенеді.
Ұйымдастыру-ұйғару әдістері – адамдардың барлық деңгейдегі шаруашылық және басқаруындағы құқықтары мен жауапкершілігіне негізделеді. Бұл әдістер басшының билікті қолдануын, бағыныштыларының жауапкершілігін және ұйымдастыру қатынастарының жүйесін құруды қажет етеді.
Әлеуметтік-психологиялық әдістер – қоғамдық көзқарастың құрылуында және дамуында, қоғамдық және дамуында, қоғамдық және индивидуалды мағынасы бар бағалылықта – жақсылық пен зұлымдық тұлғаға қатынас негізінде құрылған. Басқару тәсілін таңдауға болады. Тәжірибе бойынша, ең жоғарғы ықпал, әрбір әдіс басқасын толықтыруы мен күштеу негізінде қолданылғанда пайда болады. Нақты бір адамға қатынас құралын таңдаған жағдайда, оның жеке тұлғалық қасиеттерін, еңбекке деген толынысын, оған материалдық немесе рухани құндылықтың артық екенін ескереді. Басқарудың әдісін таңдауда бизнес мақсатынан, жекеменшік пен шаруашылықтан, кәсіпорын көлемінен, материалдық және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ететіндігін, кадрлардың даярлылығының деңгейінен, нарық құрылымымен, мемлекеттің агробизнеске қатынасының саясатынан байланысты. Басшы барлық басқару әдістерін толық меңгеруі тиіс, жоғары экономикалық мәдениетті игеруі, құқықтық қатынас саласынан тәжіриеблі және психолог, тәрбиелеуші болуы керек.
2. Экономикалық басқару әдістері
Басқарудың экономикалық әдістері - бұл экономикалық ынталар мен жетістіктер жиынтығы, өндіріске тікелей емес, жанама әсер етеді, қоғамға керекті бағытта кәсіпорын жұмыскерлердің қызметін ұйымдастыру.
Экономикалық әдістер жүйесі өзіне 2 үлкен топты қамтиды: орталықтандырған тікелей есеп айырысу және шаруашылық есеп айрысу.
Басқарудың экономикалық әдістер жүйесі барлық шаруашылық жетіктерге сүйенеді: жоспарлау, экономикалық талдау, экономикалық ынта және т.б.
Басқарудың экономикалық әдістері - өндіріске тікелей емес, ол жанама әсер ететін, кәсіпорынның қызметі мен қызметкерлерінің қоғамға керекті бағытта ұйымдастыратын экономикалық рычагтың жүйесі экономикалық қызығушылық мемлекеттің, ұжымның және тұлғаның қызығушылығына мүмкін болатын қоғамда жүйені құрады. Осы қызығушылықтар арасында далектикалық қарама – қайшылықтар бар. Бұл қарама – қайшылықтар жасанды емес, бастапқыдан, объективті болады.
Әрбір қызметкер біріншіден өзінің еңбегінің нәтижесіне, екіншіден өндірістік ұжымның еңбегінің нәтижесінде, өзі мүше болып табылатын, үшіншіден жалпы қоғамдық өндірістің нәтижесіне қызығушылық білдіреді. Бірінші орында қоғамның қызығушылығы, содан кейін өндірістік ұжым мен әрбір тұлғаның қызығушылығы болу керек. Қоғамның бар болуының материалдық жағдайын туғызбастан, оның өмір сүруінің қамтамасыз етуінсіз, тұрақтылығын қамтамасыз етуінсіз тұлға мен ұжымның қалыпты болуы мүмкін емес. Ұжымның қызметінің жақсы шарттармен қамтамасыз етуінсіз әрбір қызметкердің тиімді дамуы мүмкін емес. Жеке тұлғаның, ұжымның және мемлкеттік қызығушылықты саралау әрқашан күрделі мәселе болды. Ол бірқатар тапсырмаларды шешуді қамтуы, мысалы; бөлу мен тұтыну қорлары арасында, жалақы мен қолдау қорлар арасында әр кезеңде аса рационалды қатынас орнату болып табылады. Басқарудың экономикалық әдістерін қолдану экономикалық заңдар мен қоғамдық дамудың категориялары барлық жүйелерін пайдалану үшін қажетті. Экономикалық әдістер жүйесі екі үлкен бөліктен (топтан) тұрады; тікелей орталықтанған есеп беру және шаруашылық есеп беру.
Тікелей есеп беру материалдық, еңбек және қаржылық ресурстардың орталықтанған жоспарлы бағытталған бөлу мен қайта бөлудің кеңейтілген өндірістің макропропорциясын қамтамасыз ету мақсатында негізделген. Бұл әдіс төтенше жағдайлардың зардаптарын (табиғи және техногенді) жоюда және басқа жағдайлар қатарында, субсидия түрінде, субвенция және дотация түрінде.
Шаруашылық есеп беру бағалық категориялардың пайдалануының реттеуші құрал ретінде, шығындардың өндірісте және өнімдерді жүзеге асыру негізінде болады.
Басқарудың экономикалық әдісінің жүйесі шаруашылықтың барлық шартына жүгінеді, олар; жоспарлау, экономикалық талдау, экономикалық ықпал ету және т.б.
Жоспарлау. Басқарудың ғылыми түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз етілуіне: басшылар мен мамандардың лауазымдық өкілеттілігін (бөлу), басқару кадрларын даярлау және олардың тәжірибесін жоғарылату, басқару технологиясын жүргізу, басқару еңбегін қамту.
Өндірістің жоспарлы басқарылуы мен басқару қызметкерлерінің бірлігін, ұжымның жоспарлы және динамикалық дамуын қамтамасыз етеді.
Қоғамдық өндірістің прогрессивті құрылысының басты маңызы, оның тұрақты және пропорционалды дамуы, ғылыми – техникалық және өндірістік потенциалды пайдалану болып табылады. Осы тапсырмаларды орындау жоспарлауды түрақты түрде жақсартуды талап етеді. Оның негізгі жолдары мыналар: нарықтық құрылымның кең есебі, жоспарлы көрсеткіштердің – жақсартылуы, олардың бағыттылығын соңғы нәтижеге жеткізу; болжаулар мен болашағы бар жоспарлардың қызметін нығайту; ұзақмерзімді, қазіргі және жедел жоспарлардың бірлігін қамтамасыз ету прогрессивті экономикалық нормативтерді енгізу; техникалық құралдарды қолдану; тиімді жұмыс үшін биржа, көрме және аукциондарды пайдалану, келісім – шарт қатынастарды дамыту.
Экономикалық талдау. Экономикалық реттеудің маңызды талабы, барлық бөлімшелерге тең экономикалық жағдайлар туғызу, тең еңбекке тең еңбек ақымен қамтамасыз ету. Алайда, еңбектің тиімділігін ескеру қажет және қолдау шарасын оның деңгейімен белгілеу керек.
Кең ұғымда экономикалық реттеу өндірістің дамуында мынадай экономикалық шарттарды қамтиды; баға, өзіндік құн, кредит, пайда және т.б. Осы шарттарды қолдану комплексті және жүйелі түрде болады.
Реттеу әдістерінің жүйелі және комплексті пайдаланудың соңғы мақсаты – объективті шарттарды қоғамдық даму заңдарының әлеуметтік – экономикалық тиімді жүзеге асыру үшін тұлға, ұжым және қоғам мүддесінде құру.
Мүдделердің бірлігі әлі өндірісте, бөлуде, айырбас пен қоғамдық өндірістік өнімді тұтынуда оптималды қолдануды білдірмейді. Экономикалық мүдделер – динамикалық, қозғалыс категориясы болғандықтан экономикалық жағдайлар оған реттеуші немесе тежеуші ықпал жасау мүмкін. Сондықтан да барлық жағдайда басқарудың механизмінің барлық жағдайын қарастырған жөн болады.
