- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •«Менеджмент» пәнінің
- •Құрылымы
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Оқытушы туралы жалпы мәліметтер
- •1.2 Курс міндеттері:
- •Пәнді оқу үшін қажетті пәндер тізімі
- •2. Оқу уақытын бөлу
- •Практикалық сабақ тақырыптық жоспары
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу
- •6) Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Студенттер білімін бақылаудың рейтингтік жүйесі
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Пән атауы «Менеджмент»
- •Дәрістің тақырыптық жоспары
- •Практикалық тапсырмасын орындау және тапсыру кестесі
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
- •Глоссарий
- •Дәріс кешені
- •Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері
- •2. Менеджер және оның іс- әрекетінің бағыты
- •3. Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері
- •Басқарушылық ойдың эволюциясы
- •1. Ұйымдар түсінігі, олардың негізгі түрлері мен жалпы сипаты.
- •2. Мақсат түсінігі мен оның классифкациясы
- •3. Менеджер қызметінің жүйесі. Басқарушы үлгілері
- •Ұйымның ішкі ортасы
- •Сурет 1. Ішкі өзгерістердің байланысы
- •2. Ұйымның сыртқы ортасы
- •Ұйымдастыру қызметінің қалыптасуы
- •Мақсаттар мен жоспарларды орындау үшін ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру қажет. Төмендегі негізгі ұғымдар олардың орындалуымен тікелей байланысты:
- •Оның түрлері және өкілеттілігі
- •Орталықтандыру және орталықтандырмау
- •Бас басқарушы
- •4. Корпоративті ұйым немесе корпорация
- •1 Ақпарат түсінігі және сипаттамасы
- •2 . Менеджменттің ақпаратпен қамтамасыз ету деңгейі және ақпарат типтері
- •3. Ақпараттың ішкі жүйесі
- •4 . Ақпараттық қызмет технологиясы
- •1.Коммуникациялық үрдіс және оның кезеңдері
- •Сурет 1. Ақпарат алмасудың қарапайым моделі.
- •2. Коммуникация түрлері
- •3 Кәсіпорынның коммуникациясындағы кедергілер
- •4 Коммуникацияны жетілдіру
- •1. Басқару шешімдері түсінігі.
- •2. Басқару шешімдерінің жіктелуі
- •3. Басқару шешімдерін қабылдау технологиясы
- •Сурет . Басқарушылық шешімдерді қабылдау процесінің құрамы мен этаптарының кезекшілігі
- •1. Басқару әдістерінің мәні
- •2. Экономикалық басқару әдістері
- •3. Басқарудың ұйымдастыру – жіктеу әдістері.
- •Басқарудың ұйымдастыру-ұйғарымдық әдістерінің классификациясы
- •Ұйымдастыру функциясының мазмұны
- •2. Өкілеттік және олардың түрлері
- •3. Орталықтандыру және орталықсыздандыру
- •1. Фирма ішіндегі жоспарлаудың мазмұны мен міндеттері
- •2. Жоспарлау принциптерітер
- •3.Стратегиялық жоспарлау
- •4.Ағымдық жоспарлау
- •1. Мотивация мәні
- •2. Мотивацияның мазмұндылық теориясы.
- •3. Мотивацияның процессуалдық теориясы.
- •1 Бақылаудың мәні мен міндеттері
- •2. Басқарушылық бақылаудың түрлері
- •3 Бақылаудың кезеңдері
- •14 Тақырып.Адам қызметін басқару және топты басқару
- •1 Персоналды басқарудың мәні
- •2 Персоналды басқарудың негізгі түсініктері
- •Құралдар
- •3 Персоналды басқарудың даму этаптары
- •4. Персоналды басқарудың өзектілігі
- •5 Персоналды басқаруды дамытудың қазіргі бағыттары
- •Кәсіпорын қызметінің мақсаттары мен нәтижелері
- •Негізгі бағдары
- •15 Тақырып. Лидерлік: басқару стилі мен менеджер имиджі
- •Лидерлік, билік және ықпал етудің мәні
- •Билік және ықпал ету формалары
- •Басшылық стилінің түсінігі және оны қалыптастыру факторлары
- •2.Стиль түрлері және олардың сипаттамалары
- •Автократиялық басқарушы, мұнда екі теория бар:
- •Тақырып. Менеджменттің мәні мен қағидалары
- •Тақырып. Менеджмент эволюциясы
- •3 Тақырып. Ұйым туралы түсінік және оның түрлері
- •Тақырып. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
- •Тақырып. Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы
- •Тақырып. Менеджментті информациямен қамтамасыз ету
- •Тақырып Менеджменді коммуникация және оның түрлері
- •Тақырып. Менеджменттегі басқару шешімдері
- •Тақырып.Менеджменттің негізгі әдістері
- •Тақырып. Ұйымдастыру менеджмент функциясы ретінде
- •Тақырып. Менеджменттегі жоспарлау
- •Тақырып. Менеджменттегі мотивация
- •Тақырып. Менеджмент жүйесіндегі бақылау
- •Тақырып. Адам қызметін басқару және топты басқару
- •Тақырып. Лидерлік: басқару стилі мен менеджер имиджі
- •Сөж тапсырмалары және оны орындауға әдістемелік нұсқау
- •Бақылау-өлшеуіш құралдар: аралық бақылауға арналған тест сұрақтары
- •Бақылау-өлшеуіш құралдар: пән бойынша емтиханға арналған дайындық сұрақтары
- •«Экономика және менеджмент» кафедрасы бойынша мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер, лабораториялар тізімі
14 Тақырып.Адам қызметін басқару және топты басқару
1 Персоналды басқарудың мәні
2 Персоналды басқарудың негізгі түсініктері
3 Персоналды басқарудың даму этаптары
4 Персоналды басқарудың өзектілігі
5 Персоналды басқаруды дамытудың қазіргі бағыттары
1 Персоналды басқарудың мәні
Кәсіпорын – тек кибернетикалық ғана емес, ұйымдастырушылық, техникалық, ақпараттық, экономикалық және әлеуметтік жүйе, оның маңызды элементі шығармашылық белсенді адам болып табылады.
Адамның жеке потенциалы мен оның іскерлік қабілеті ұйымның дамуының бастапқы қағидалары мен көздері болып табылады. Осыған сәйкес персоналды басқару ол басшының негізгі атқаратын функциялары, яғни қызметкерлердің жұмысы үшін жауап береді.
Алайда, басшы өзінің тәжірибесі мен жеке пікіріне, интуициясына жиі сүйенеді, бірақ өз ойы барлық кезде дұрыс бола бермейді. Себебі, басшы, инженер немесе экономист өнім шығаратын технологияның құрылымына, оның бағасына, жабдықтарына, жинақтаушы бұйымдарына, бақылаушы операцияларына назар аударады. Сондай-ақ, қызметкерлер көбінесе басшы назарынан тыс қалып жатады, басшы олардың проблемалары, қарым-қатынастары, сезімдеріне көңіл бөлмейді, басшы үшін олар тек бағынушылар болады. Егер экономист немесе инженер басшы қызметін атқарса, ол технологиялық үрдіс, жабдықтау мен өткізуді емес, адамдарды басқарады, яғни олардың қабілетіне, тәртібіне, проблемаларына көңіл аударуы қажет.
Персоналды басқарудың мәні осы проблемаларды шешудің дұрыс жолдарын табуда.
Персоналды басқару белгілі шеңбермен шектелген, бірақ ХХ ғасырдың аяғында теория мен тәжірибе жеткілікті түрде жалпы критерийлерді өңдеді, олардың біреуі жеделділік болып табылады, яғни басшы күнделікті қызметте қызметкерді қалай және қандай әдістермен басқару керек екенін білдіреді. Сонымен қатар, кадрлық қызмет пен оның қызметкерлері жұмысының үлкен маңызы бар.
Персоналды жедел басқару стилі кәсіпорында қалыптасқан іскерлік және адамдық қарым-қатынастың сипатына тәуелді. Олар кәсіпорынның ерекшеліктеріне, еңбек шартымен шығарылатын өнім және қызмет түріне тәуелді түрде ажыратылады. Персоналды басқару технологияның басқару бірлігінде, өндірістік және еңбек процестерінде жүзеге асырылады және өндірісті кәсіпорынмен, ал кәсіпорынды менеджментпен байланыстыруға мүмкіндік береді. Алайда, ол менеджменттің бір бөлігі ғана екенін ескеру қажет.
2 Персоналды басқарудың негізгі түсініктері
Персоналды басқару немесе персонал менеджменті түсінігіне қызмет түрлерінің жүйесі, ең алдымен басқарушылық, жеке менеджерлер және барлық басқару аппараты кіреді. Кәсіпорын абстрактілі еңбек күшін іздейді, алайда нақты адамдармен жұмыс істейді. Бұл персонал менеджментінің функциясының екі бағытын ашады:
адамдарға жетекшілік ету;
сандық көрсеткіштермен есептік-аналитикалық жұмыс (персонал қажеттілігімен есеп-айырысу, оның құнын анықтау және жағдайды талдау, штаттық кесте құру, персонал міндеттерін өңдеу).
Персоналды басқару түсінігі әр түрлі нұсқауларда, аспектілерде және бірнеше деңгейлерде қолданылады. Ол жүйе ретінде кәсіпорын деңгейінде реттелетін қарым-қатынас жүйесін өңдеуді қосады. Өндіріс процесі деңгейінде нақты қызметкерлерді басқару туралы сөз қозғалады. Өнімдер деңгейінде белгілі бір кадрларды орналастыру барысында қызметкерлерді жұмыс күші ретінде басқару оның нәтижесін бағалауға әкеледі.
Персонал менеджментінің үш деңгейі немесе өлшемдері бар: оперативтік, тактикалық және стратегиялық. Олар әр түрлі тапсырмалар масштабы мен оларды орындау уақытымен қамтылған.
Оперативтік деңгей персоналдың нақты белсенді аймағын және персонал менеджментіне қатысты салаға әсерін қамтиды. Бұл жерде қызметкерлер туралы мәліметтерді талдаудан бастап, олардың құнымен есеп-айырысуға, сондай-ақ персоналды басқару аппаратына дейін персоналды басқарудың барлық функциялары көрсетілген.
Тактикалық деңгей персоналмен жұмыс жасауды персонал менеджментінің жалпы процестеріне қатыстылығын көрсетеді.
Стратегиялық деңгей персоналдың өндірістік менеджментінің екі маңызды бағдарын көрсетеді: қарым-қатынас және аппарат. Ол бәсекелестік күреске дайындықты күшейтуге, стратегияны қолдауға жұмыс күшінің сыртқы ортасының сегменттерін болжауды қамтамасыз етумен байланысты.
Персонал менеджментінің негізгі түсініктері мен олардың мазмұны 1.1- кестеде көрсетілген.
Кесте 1.1 Персоналды басқару түсінігіне анықтама
Түсінігі |
Мазмұны |
Кадрлық саясат |
Персоналмен жұмыс істеу саласындағы қағидалар, мақсаттар және стратегиялар. |
Персонал |
Ұйым қызметкерлері: басшы, мамандар, жұмысшылар, қызмет көрсетуші персонал. |
Персоналды қабылдау |
Қажетті қызметкерлерді іздестіру, оларды үміткерлер арасынан іріктеп алу және жаңа қызметкерлердің жұмысқа кірісуіне дайындық. |
Персоналдың жоспары |
Персоналмен жұмыс істеудің негізгі саласында жүзеге асыруға қажетті іс-шараларды алдын-ала ойластыру және бекіту. |
Персоналды тағайындау |
Бір жағынан жұмыс орындарын құру, жұмыс шартын дайындау, жұмыс уақыты мен еңбекті ұйымдастыру. Екінші жағынан – қызметкерлердің жұмыс орындарына және жүргізіліп отырған кадрлық саясатқа сәйкес қажетті позицияларға орналасуы.. |
Персоналды жұмыстан босату |
Штаттарды қысқарту және қызметкерлерді жұмыстан шығару бойынша іс-шаралар. |
Кадрлық әкімшілік |
Персоналға қатысты орталықтанған әкімшілік әрекеттер мен іс-шаралар, мысалы, еңбек кітапшасын толтыру. |
|
|
Персоналды бағалау |
Бөлім жұмысының аралық және соңғы нәтижесіне және қызметкердің салымын анықтаудағы тікелей және жанама әдістерін қолдану. |
Персонал жұмысының сапасын бағалау |
Қызметкерлердің өз қызметіне сәйкестік деңгейін бекіту. |
Кадрлық әкімшілік |
Персоналға қатысты шаралар мен орталық әкімшілік әсері, мысалы, еңбек кітапшасындағы жазбаларды рәсімдеу. |
Персоналды басқару |
Басқарудың белгілі бір құралдарын пайдаланатын бөлімше басшыларының персоналды орталықтанбаған басқаруы, мысалы қызметкермен әңгімелесу, диалог. |
Персоналды бақылау |
Өндірістің ішкі жүйесін бақылауға, персоналмен жұмысты реттеуге және жоспарлауға қатысу. |
1.1 кестеде көрсетілген түсініктемелер персонал менеджментінің негізгі жүйесін, құралын және оның мазмұнын түсінуге мүмкіндік береді. Оларға персоналды басқарудың жеке функцияларын орындауда қолданылатын әдістер мен тәсілдер жатады. Бұл басшының адаммен жұмыс істеу техникасын, жеке жұмыс құралдарын ажыратады, мысалы, әңгімелесу, топтық жұмыс құралдары, семинар, конференциялар өткізу.
Персоналды
жоспарлау (қалай?)
Кадрлық саясат
(не?)
Персоналды дамыту
(қашан?)
Кадрлық шаруашылық
(немен?)
