Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Менеджмент каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3 Бақылаудың кезеңдері

Бақылау процесі бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірінші кезеңде бақылауға жататын ұйымның қызмет ету және даму көрсеткіштері мен олардан шығатын ақпаратты анықтау жүреді. Бұл көрсеткіштер тәжірибеде ұйымның мақсаттары мен жоспарлардағы міндеттеріне сәйкес әр түрлі стандарттар мен нормативтер түрін қабылдайды. Әңгіме бір өнім бірлігіне немесе жұмыс көлеміне материалдық ресурстарды шығындау нормасы, ақша шығындарының нормасы, тиімділік көрсеткіштері, бағдарламалық нормативтер туралы болуы мүмкін.

Нормативтерге келесідей талаптар қойылады: ғылыми негізділік, икемділік, яғни жаңа шарттарға сәйкес өзгеру қабілеттілігі, сенімділік, жақсы жағдайда орындалуы, нақты процестердің көрінуі. Осы талаптарды сақтау нормативтік бөлімдер мен жеке тұлғалардың қызметін бағалау критерийлері бола алады.

Әрине, бақылауға болатынның бәрін сандық көрсеткіштерде көрсету мүмкін емес (мысалы, ұжымдағы моральды-психологиялық климат). Бұл бақылау процесін күрделендіреді, бірақ көп жағдайда адамдардың жауап қайтаруына бағытталып жүзеге асыруға болады.

Екінші этапта ұйымды басқару жүйесінің моделі құрылады, мұнда ресурстар, ақпарат ағымдары, аралық және соңғы нәтижелердің құрылу нүктелері, сонымен бірге бақылаушының іс әрекеттерін, “бақылау нүктелерін” жүзеге асыру үшін сәйкес келетін кезеңдер айқындалады.

Үшінші кезең нақты қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпаратты алып, оны сәйкес нормативтермен салыстыру, сол арқылы стандарттардың ауытқуы бар ма, олар шектен асып кеткен жоқ па және түзетуші іс-әрекеттерді жасау қажет пе деген сұрақтарға жауап алуға болады.

Өлшемдер – бақылаудың ең қиын және ең қымбат элементі. Өлшемдер үлесіне шығындардың негізгі бөлігі кетеді, олардың көлемі бақылаумен айналысу қажет пе, қажет емес пе екендігін анықтайды, өйткені бақылаудың негізгі міндеті шығындарды өсіру емес, керісінше, оларды қысқартудың жолын іздеу.

Бақылауға қажетті ақпарат жаңашыл, нақты болуы қажет, берілген жағдайда қандай іс-әрекеттер жасау қажеттігін, қандай жеделділікпен қимылдау қажеттігін көрсетуі қажет. Бұл ақпараттың көздері мақсатты бақылаулар болып табылады, сонымен бірге оларға бухгалтерлік есеп, қоғамдық пікір, қорытынды есеп берулер, арнайы аналитикалық көрсеткіштер және т.б. жатады.

Жағдайды бағалауда “су асты тастары” кездесуі мүмкін, ол адам психологиясымен байланысты, өйткені қандай да болмасын ақпарат оны жеке қарастыру арқылы өтеді, сондықтан субъективті түрде болады. Сөйтіп, ешкім күмәнданғысы келмейтін ақпарат нақтылығы жөнінде дауласпауға болатын ақпаратпен салыстырғанда нақты болып шығады. Сол себептен барлығынан да күмәндану керек, ең алдымен, бұл аксиома болып көрінетін нақтылыққа қатысты. Субъективизм мен қателіктер аз болуы үшін ірі ұйымдарда жоспарлау, бақылаушылық, ақпаратты жинау және бағалау жөніндегі арнайы бөлімдер құрылады.

Төртінші кезең ұйым қызметін жөндеу, мақсаттарды нақтылау, жоспарларды қайта қарастыру, міндеттерді қайта бөлу, өндіріс пен басқару технологиясын жетілдіруден тұрады. Бірақ өзгерістерге өте сақ қарау керек. Егер жұмыс жақсы жүріп, алға қойылған талаптарға қол жетіп жатса, ұйым қызметіне өзгерістер енгізбеген дұрыс, себебі көп жағдайда, ерекше жағдайларды ескермегенде, ұсақ-түйек ауытқулар жұмыс барысын бұзып, соңғы нәтижелерге елеулі әсер етпейді. Сонымен қатар, олармен күресу арзан емес және мүмкіндігінше олардан қашып, үрей тудырмайтын нормалардан ауытқу дәрежесін бірден анықтаған жөн. Жөндеу жүйесін тек нақты қауіптілікте іске қосу керек.

Тәжірибеде жөндеуші іс-әрекеттердің екі нұсқасын қолданады. Біріншісінде, ауытқуларды туғызатын себептерді және оларды жою немесе бейтараптау арқылы қысқарту жүзеге асырылады. Екіншісі, қате болуы ықтимал стандарттарды өзгерту, себебі көбіне олар нақты жағдайдан көп ерекшеленетін болжаулар негізінде бекітіледі.

Әдебиеттер: 2, 4, 7, 10, 11, 17