Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Менеджмент каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2.Стиль түрлері және олардың сипаттамалары

Дуглас Мак Грегор басқару тәсілдерін атап көрсетті:

  1. Автократиялық басқарушы, мұнда екі теория бар:

А) Х теориясы

  • Адамдар әуелден-ақ жұмыс істегілері келмейді және ыңғайы келгенде жұмыстан қашқақтайды;

  • Адамдардың бәрі бірдей адалдықты мұрат тұтпағандықтан, олар жауапкершіліктен құтылуға тырысады;

  • Адамдарды еңбек етуге баулу үшін, еріксіз көндіру мен жаза қолдану аса қажет болған.

Ә) «У теориясы» бойынша:

  • Еңбек – табиғи процесс. Егер жағдай қолайлы болса, онда адам жауапкершілікті өз міндеттеріне алып қана қоймай, оған олар ұмтылады;

  • Егер адам ұйымның мақсатын терең біліп түсінген болса, олар өзін-өзі басқару мен өзін-өзі байқауға тырысады;

  • Мәселені шығармашылық жолмен шешу қабілеті жиі кездеседі.

Демократиялық әдіспен басқарушы аса жоғары деңгейдегі қажеттілікке сүйенетін ықпал ету жолдарын көздейді.

Ол қажеттіліктер:

  • Керек жараққа қажеттілік;

  • Автономиялар;

  • Ойын өзінше жеткізу қажеттігі. Бұл жағдайда бағынушылар шешім қабылдауға белсене қатысады және тапсырманы орындау барысында кең бостандыққа ие.

Либералдық әдіспен басқарушы бағынышты қызметкерлерге өз мақсаттарын анықтап алуларына мүмкіндік туғызады және олардың жеке жұмыстарын бақылауларына толықтай бостандық береді.

Басшылар екі топқа бөлінеді:

  1. Жұмысқа көңіл бөлетін басшылар;

  2. Адамға көңіл бөлетін басшылар.

Жұмысқа көңіл бөлетін басшылар ең алдымен жобалау мақсатының қамын көбірек ойлап, сыйлық арқылы еңбек өнімділігін көтеру жүйесін ойластырады.

Басшы мен ұжым арасындағы қарым-қатынастар:

  • Бағынышты адамнан күтетін нәрсенің түсініктемесі;

  • Бағынышты адамды қолдап, олардың өздерін еркін ұстайтынына көздерін жеткізу;

  • Бағынышты қызметкердің күш-жігерін көздеген мақсаттарға жетуге бағыттау;

  • Басшының қол астында тұрған және ол қанағаттандыра алатын қажеттіліктерді бағалауға жағдай жасау;

  • Мақсатқа жеткеннен кейін бағынышты қызметкердің қажетін қанағаттандыру.

Ғалымдар басқару тәсілдері екі түрде болатынын дәлелдеді:

  1. Қолдау тәсілі, яғни адамдарға бағытталған немесе адамгершілік қатынастар.

  2. Инструментальді тәсілі, бұл жұмысқа немесе міндетке бағытталған.

Бұлар мына факторларға байланысты:

  • Бағынышты қызметкерлердің жеке өзіндік қасиеттері;

  • Ортаның әсер етуі.

Басқарушының стилі, типі және әдістері

Жетекшінің жұмыс стилі - басқару процесінде жетекшімен қолданылатын және оның іс-әрекеттеріне адамдардың қатынас ерекшеліктерін анықтайтын қайталанатын әдіс пен басқарушылық әсер ету тәсілдерінің жиынтығы.

Басқа жағынан, бұл әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық қатынастардың адамдармен жетекшілік ету процесіндегі жеке түрдегі іске асыру формасы

Жетекшіліктің стилінде жетекшінің ішкі мәдениеті, білімі, тәжірибесі көрініс табады. Жетекшілік стилі ұжымның психологиялық климатына елеулі әсер етеді. Стиль жетекшінің жеке тұлғасымен тығыз байланыста, тіпті оны кей кезде басқарушылық қызметтің «жазуы» деп те атайды.

Жетекшілік стилінің бірнеше класификациясы бар. Бірінші және кебіне белгілі классификация - бұл авторитарлы, либералды, демократиялық стильдер.

Авторитарлы (директивалы) стиль жетекшінің ролін асыра пайдаланумен байланысты. Жетекшіліктің бұл стилінде қоластындағылардың бастамасы мен өз болуын шектейтін асыра талап қоюшылық сипаттас. Жетекшілік түсінік беру әдістері, пайымдаумен емес, күштеу әдістерімен іске асырылады.

Өкінішке қарай, қазіргі заманғы жас басшылардың кепшілігі осылай ойлайды және өткен стильді таңдайды. Бұл стиль үлкен білікті қызметкерлер ұжымында төмен нәтиже береді.

Либералдық стиль басшының өзіне бағыныштылардың жұмысына араласпауымен сипатталады, орындаушылардың тапсырманы орындамағаны үшін жауапкершілікті талап етпейді, жұмысын бетімен жіберген, өзіне жауапкершілік аркалайды. Кейде бұл стиль бос белбеулік деп аталады. Демократиялық стиль ұжымдағы серіктестік қатынастармен, бағыныштыларды ұжымның негізгі қызмет бағыттары бойынша шешімдерді талқылауға және дайындауға тартумен, құқықтар мен міндеттерді өзара бөлісумен, қабылданған шешімдерді орындаған кездегі бағыныштылардың дербестігі мен бастамашылдығын дамытумен, өзара бақылауды кеңейтумен сипатталады.

Басшының стилімен жұмысты жетілдіруге болады. Жақсы басшы - жақсы психолог. Огайо және Мичигана университеттерінде (АҚШ) жүргізілген зерттеулер басшылық стилін анықтаудың матрицалық әдісін жасауға әкелді. 1996 ж. Р.Блейк пен Дж.С.Моутон жасаған басшылық стильдерінің матрицасы басқаруға екі қатынастың әр түрлі комбинацияларының өзара үйлесуін береді: адамдарға қамқорлықпен және өндіріс үрдісіне күш сала отырып басшылық жасау. Матрица дегеніміз - әр қайсысын 9 бөлікке бөлген 2 шкаланың қиылысуы болып табылады. Тігінен ұжымды басқарудағы адамдарға қамқорлық дәрежесі, ал көлденеңінен өндірістік үрдіске басшылық жасау дәрежесі қойылады. Барлығы 81 үстын (9x9), яғни басқару стилінің 81 нұсқасы алынады.

Компанияны басқару кезінде мінез-құлық нұсқауларының әрқайсысын аталған матрицадан алынған кез келгенімен салыстыруға болады. Р.Блейк пен Дж. С. Моутон матрицаның 5 шеткі және неғұрлым тән ұстынын сипаттады.

1. Авторитарлық басшылық.

Бұл ұстын басшысы өндіріс туралы қамқорлық болып табылатын және ешқандай әлеуметтік қызметті мүлдем жүзеге асырмайтын менеджерлерге тән. Олар қызметті жанама нәтиже деп таниды.Олардың есептеуінше, басқару шешімдерінің сапасы ол қабылдаған бағыныштылардың қатысу дәрежесіне тәуелді емес, Осындай менеджерлерге тән оң бөлігіне жоғары жауапкершілік деңгейі, еңбекқорлық, ұйымдастырушылық қабілеті, жеке-дара мүмкіншіліктер тән. Бірақ мұндай басшылар мен бағынушылар арасында үнемі қашықтық сақталады, тікелей байланыс пен өзара түсіністік жиі қалыс қалады, топтык тәртіптің қанағаттанарлық деңгейі ғана сақталады.

2. Әлеуметтік басшылық (либералдық стиль). Бұл ұстын өз бағыныштыларына айрықша назар аударатын басшыларға тән. Мұндай менеджерлер табыс негізін ұжымдағы сенім, өзара түсіністік ұстау деп санайды.

3. Өндірістік-әлеуметтік басқару (ымырашылдық стиль). Бұл ұстын адамдар туралы қамқорлықтықты өндіріс туралы қамқорлықпен үйлестіре білетін басшыға тән. Мұндай менеджердің есептеуінше, барлық жағдайда ымыра-жақсы шешім, ол нәтижелі басқаруға негіз. Шешім қабылдау үрдісіне бақылау жасау.

Жетекшінің екі түрі болады:

1. Инструменттік жетекші— адамдар тобында міндет пайда болғанда топ мүшелері осы жүмысты атқара алатын жетекшіні көрсетеді.

2. Эмоционалдық жетекші— бұл маңдай алды жақсы адам.

Өндіріс үрдісіндегі бақылауды жүзеге асыруға жұмысшылардың өтемақысы болып табылады. Мұндай белгілердің басшылардың сән белгісі тұрақтылақ, бастаған ісіне құлшыныс, ойлаудың стандарттық еместігі, алға басушылық көзқарастар. Бірақ, өікінішке қарай, көзқарастардың алға басушылығы басқару стилінің өзіне тікелей аз таралады.

4. Қарапайым басшылық немесе «жұмыстағы демалыс» (ұйымшылдықты бұзу, берекені кетіру: барлығын уыстан шығарып алу). Бұл ұстын өзінің бағыныштыларына да, өндірістік үрдіске де салқын, салғырт қарайтын басшыға тән. Оның есептеуіншe, басқарушы үнемі сырттай сарапшының жәрдеміне жүгіреді. Ол, бәрінен бұрын, «өз портфелі кең креслосының сақтаушысы» ғана.

5. Әміршіл басшылық немесе «бете-бет» басшылық «демократтық, мұратшылдық стиль). Бұл ұстын адамдар мен өндіріске ұқыптылықпен қарайтын басшыға тән. Ол әлеуметтік саясат саласында да, өндірісте де күштеуге тырысады.

Басшылық стильдерінің матрицасы басшылық стильдерін реттеуге неғұрлым танымал қатынас болып табылады. Ол басшыга тез ұстынын бағалауға ерекше мүмкіндік береді.

Менеджменттің әр циклі өзіндік білім мен қабілетті, мінезін талап ететін белгіленген басқарушылық мәнін талап етеді. Осындай нақты рөлдерге арналған барлық мәліметтерге басшылар әр түрлі архетипті құрайды. Бірінші архетип - жетекші, екіншісі — әкім, үшіншісі - жоспаршы, төртіншісі - кәсіпкер.

Жетекші - шешімдерді жүзеге асыру үрдісіне өз мәнін қарастырады. Мұнда адамдармен қарым-қатынас жасау қабілеті, әр адамның қарымын тану қабілеті және оны толық пайдалануға қызығушылығын бағалау ерекше.

Басшының мінез-құлық үлгісі

Кез келген басқарушы басшылық стилін таңдай отырып, өзінің мінез-құлқын жасайды. Осымен байланысты американдық менеджмент теорияшылы, басқарудың мінез-құлық астарлары саласындағы маман Дуглас Мак Грегордың жұмыстары пайдалы. Оның «Мак Грегор дихоматиясы» ретінде белгілі басқарушылық теориясы бағыныштылардың әр түрлі мінез-құлық үлгілеріне, олардың қажеттіктеріне негізделген «X» және «У» рәміздерімен шартты белгіленген басшының мінез-құлқының 2 үлгісін өзіне алады.

«X» бірінші теориясы әлеуметтік басқару мәселелеріне дәстүрлі көзқарасқа сәйкес, екінші «У» жаңа түрдегі басқару негізі ретінде қарастырылатын басқару үрдісіндегі жеке және үйымдастырушылық кірігу алғышарттарын зерттеді.

«X» теориясының басты ережелері авторитарлық стильдің алғышарты болып табылады:

1. Іштей еңбек мазасыздығын бастан кешкен кәдімгі адамға және ол одан кез-келген жолмен қашады;

2. Адамдарда әділетгік жоқ, олар жауапкершіліктен қашады;

3. Амбициясы аз кәдімгі адамға;

4. Адамдарды еңбек етуге мәжбүрлеуге.

«У» теориясы демократиялық басқару стиліне алғышарт болып табылады.

1. Еңбекте, ойында немесе демалыста дене және жеке дара мүмкіншіліктер күш шығару. Егер қолайлы жағдай болса, адам­дар жауапкершіліктен қашпайды, оған тырысады.

2. Сыртқы бақылау немесе жазалау қауіпті ұйымдастырушылық мақсатқа жетудің дара құралы емес.

3. Егер адамдар ұйымдастырушылық мақсатқа тартылса, олар тапсырмаларды орындау кезінде өзін-өзі басқару мен өзін-өзі бақылауды пайдаланады.

4. Сыйақы беру міндетке жету үшін қажет

5. Кәдімгі адам тиісті жағдайда өзіне жауапкершілік аркалап қала қоймай, оны өзі іздейді.

6. Мәселелерді негізінен, шығармашылықпен шешу қабілетті адамдар арасында көп кездеседі.

7. Қажет болған жағдайда орташа адамның жеке дара мүмкіншіліктер карымы ішінара пайдаланылады.

«X» теориясының осін құрайтын орталық ұстаным, яғни басқаруға дәстүрлі жақындау басқару мен бақылауда билікті тікелей қолданудан тұрады, ал адам - билік әсерінің тұтқыр нысаны ғана.

Керісінше, «У» теориясының шеткі бұрыштық тасы кірігу, яғни жағдай жасау кәсіпорынның коммерциялық табысына әсер етуді қолдау арқылы өзінің жеке мақсаттарына жету болып табылады.

Бүгінгі таңда өндірісті ұйымдастыру саласындағы американдық зерттеуші, «Z теориясы» кітабының авторы У. Оучи болып табылатын теория таралған. У. Оучидің айтуынша, жүмысшылардың көпшілігі еңбекқор, жауапты, оларды қолдау керек. Ол өнім сапасы, еңбек өнімділігі және еңбек әрекетінің сапасы арасындағы белгіленген байланыс бар екендігін анықтады. Сондықтан кез-келген компаниядағы басқару ісін жақсы қою үшін «адамдарға тексіз анық бағдарлау» қажет. IBM, «Efstman Kodak», «Procter and Gamble», «Hewiett Packard» тәрізді әйгілі американдық компаниялар басқару мәселелеріне жақындау негізіне төмендегідей ережелерді қосқан 2 теориясын орнықтырды:

1. Жұмыстан босату саясатынан бас тарту.

2. Жұмысқа қатысты шешім қабылдауға басшылықты да, қызметкерлерді де қатыстыру.

3. Компанияның әр түрлі қызмет салалары бойынша қызметкерлердің ротациясын қарастыратын қызмет мансабы

бағдарламасы.

4. Барлық қызметкерлердің әл-ауқатын қамтамасыз етуге

анық көңіл аудару және мақсаткерлік.

Мемлекеттік басқарудың негізі болып адамның рөлі, орны және қоғамның басқарудың объектісі ретінде болуы есептеледі.

Демократиялық басқарудың негізі – адам үшін күнделікті қызметі, жұмысы кәдімгі жағдай болып, оның өзін-өзі ұстауға қабілетті болуы және жауапкершілікті мойындауы болып табылады. Сондықтан, сыртқы қадағалау мақсатқа жетудің бірден-бір жолы болып есептелмейді. Басқарудың мұндай стильі өкілеттікті дегалиттеуді қарастырады. Демократиялық басқару мынадай сызба бойынша жүзеге асырылады: адам – қоғам – мемлекет. Ұлттың прерогативасы мемлекеттен кең және азаматтық, қоғамның өзін-өзі басқарудың институтын енгізеді. Демократиялық басқару қандай да мемлекеттік құрылымда болуы мүмкін. Мысалы, Англияның монархиялық жүйесі демократиялық институттардың болуына кедергі жасамайды. Ал Жапонияда монархия демократия мен коллективизм үйлестірілген. Демократия заңдарды қабылдаумен, Конституция жазылуымен бекітілмейді. Мемлекетпен демократиялығын молшылық деңгейімен, биліктің басынушылықпен күресуінен, шенеуніктер коррупциясы мен қылмысты көруге болады.

Авторитарлық басқару негізі – адам еңбек еткісі келмей, жауапкершіліктен қашып, атаққұмар,

басқаға өзін басқаруға мүмкіндік береді. Сондықтан, еңбек нәтижелілігін көтеру үшін оны зорлап бақылау қажет. Авторитарлық басқаруда жауапкершілік пен бақылау биліктің жоғарғы деңгейіне шоғырландырылған, көшбасшы жеке билікті имеденеді. Ал қызметкерлер оның жарлықтарын орындаумен айналысады.

Басқарудың демократиялық стилі анархизмге, ал авторитарлық – тоталиторизмге негізделген.

Анархиялық басқаруда әртүрлі жағдайларға, заң мен факторларға ешкім араласпайды. Ал тоталитаризм кезінде қоғамның барлық салаларын мемлекет толық қадағалайды.

Халық керекті және орынды мемлекеттік құрылымды таңдайды. Ол адамдарға молшылық әкеліп, экономиканың нәтижелілігін және әділетті бөлуді қамтамасыз еткенге дейін белгілі мерзімге таңдалады. Мемлекеттік жүйеге ең алдымен, халық кедейшілігі, әлеуметтік және т.б. Құлдыраулар қауіп төндіреді.

Орталық биліктің мемлекет құрамына кіретін әкімшілік, ұлттық бірліктермен қарым-қатынас сипатына қарай мемлекеттік басқару жүйесі координациялық және субординациялық болуы мүмкін.

Координациялық басқару федерация және конфедерация түрінде жүзеге асырылады. Федерацияда мемлекеттік биліктің бірыңғай органы бар, ал конфедерацияда жоқ. Федерация мүшелерінің өздерінің конституциялары, заң шығарушылық, орындаушылық және сот органдары болуы мүмкін. Сонымен қатар мемлекеттік биліктің бірыңғай федеративті органдары құрылады. Жалпы азаматтық, ақша бірлігі орнатылады.

Конфедерация құрған мемлекеттер толық тәуелсіздікті сақтап, өзінің мемлекеттік билік пен басқару органдарының иеленеді. Белгілі мақсаттағы әрекеттерді сәйкестендіру үшін (жоғарғы саяси, әскери және т.б.) мемлекеттер бірлескен органдар құрады.

Субординациялық басқару қатал әкімшілік бағынуға бұйрықтарды орындауға мәжбүрлеуге негізделген. Субординациялық биліктің мысалы ретінде КСРО-ның мемлекеттік жүйесі бола алады, онда билік республикалардың облыстардың партиялық комитеттеріне бағынады және орталық комитеттің бұйрықтарымен жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы унитарлы мемлекет болып саналады.

Әдебиеттер: 3, 6, 9, 10, 13, 17

Семинар сабағының тақырыптық жоспары

№

Тақырып және оның сағаттардағы көлемі

Ауызша сұрау, есеп, мәселелі сұрақтарды шешу

Жазбаша сұрау, (тест, бақылау жұмысы, карточкамен жұмыс, баяндама, хабарлама, мәнжазба, үй жұмысы және т.б.)

Оқытудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану, оқу үрдісінде инновациялық технологияларды пайдалану

Оқу-монографиялық әдебиеттерді оқу

Менеджменттің мәні мен қағидалары

Ауызша сұрау, мәселелі сұрақтарды шешу

хабарлама

Слайдтар

Ұсынылатын әдебиетті оқу

Менеджмент эволюциясы

Ауызша сұрау, мәселелі сұрақтарды шешу

хабарлама

Слайдтар

Ұсынылатын әдебиетті оқу

Ұйым туралы түсінік және оның түрлері

Ауызша сұрау, мәселелі сұрақтарды шешу

хабарлама

Слайдтар

Ұсынылатын әдебиетті оқу

Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы

Ауызша сұрау, мәселелі сұрақтарды шешу

хабарлама

Слайдтар

Ұсынылатын әдебиетті оқу

Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы

Ауызша сұрау, мәселелі сұрақтарды шешу

хабарлама

Слайдтар

Ұсынылатын әдебиетті оқу

Менеджментті информациямен қамтамасыз ету

Ауызша сұрау, мәселелі сұрақтарды шешу

хабарлама

Слайдтар

Ұсынылатын әдебиетті оқу

Менеджменді коммуникация және оның түрлері

Ауызша сұрау, мәселелі сұрақтарды шешу

хабарлама

Слайдтар

Ұсынылатын әдебиетті оқу

Менеджменттегі басқару шешімдері

Ауызша сұрау, мәселелі сұрақтарды шешу

хабарлама

Слайдтар

Ұсынылатын әдебиетті оқу

Менеджменттің негізгі әдістері

Ауызша сұрау, мәселелі сұрақтарды шешу

хабарлама

Слайдтар

Ұсынылатын әдебиетті оқу

Ұйымдастыру менеджмент функциясы ретінде

Ауызша сұрау, мәселелі сұрақтарды шешу

хабарлама

Слайдтар

Ұсынылатын әдебиетті оқу

Менеджменттегі жоспарлау

Ауызша сұрау, мәселелі сұрақтарды шешу

хабарлама

Слайдтар

Ұсынылатын әдебиетті оқу

Менеджменттегі мотивация

Ауызша сұрау, мәселелі сұрақтарды шешу

хабарлама

Слайдтар

Ұсынылатын әдебиетті оқу

Менеджмент жүйесіндегі бақылау

Ауызша сұрау, мәселелі сұрақтарды шешу

хабарлама

Слайдтар

Ұсынылатын әдебиетті оқу

Адам қызметін басқару және топты басқару

Ауызша сұрау, мәселелі сұрақтарды шешу

хабарлама

Слайдтар

Ұсынылатын әдебиетті оқу

Лидерлік: басқару стилі мен менеджер имиджі

Ауызша сұрау, мәселелі сұрақтарды шешу

хабарлама

Слайдтар

Ұсынылатын әдебиетті оқу

Барлығы: 15 сағат

Студенттің оқытушының жетекшілігімен жұмысы аясындағы сабақ (СОӨЖ) жоспары және әдістемелік нұсқау

Студенттің оқытушының жетекшілігімен жұмысы аясындағы сабақты өткізу түрі: баяндама мен рефератты талқылау, тақырып бойынша пікір-алмасу, берілген тапсырмаларды орындау, қойылған сұрақтарға жауап беру.