Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
социология экзамен жауаптар.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
932 Кб
Скачать
☆

48)Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері

Герберт Спенсер (1820-1903 ж.ж.) - ағылшын философы, әлеуметтанушысы, психологы және инженер, әлеуметтанудың негізін қалаушынардың бірі, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі. 1820 жылы Англияның Дерби деген шағын каласында мектеп мұғалімінің отбасында дүниеге келді. Денсаулығының әлсіздігінен 13 жаска дейін мектепке бармаған. Спенсер өз өмірінің көп бөлігін тұрлі академиялык және ресми қызметтерден бас тарткан тәуелсіз ғалым және публицист ретінде өткізеді. Еңбектер жазуға дейін ол теміржолда инженербақылаушы болып (1837 - 1846), "Экономист" журналының екінші редакторы (1848 жылдан бастап) болып қызмет аткарды, саяси өмірге араласуға тырысты. Спенсердің басты еңбегі — "Синтетикалық философия" жүйесінің он томы, ол теориялық жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарды ортақ эволюциялық идеямен біріктіре отырып, мыналарды қамтьщы: "Негізгі бастамалар" (1862, болмыстың алғашқы принциптері туралы кітап), "Биологияның негіздемелері" (1864 - 1867), "Психология негіздемелері" (1879 - 1893), "Әлеуметтану негіздемелері (3 томдык, 1876 — 1896). Баска да аса маңызды әлеуметтану еңбектері — "Әлеуметтік статика" (1850) және "Әлеуметтану зерттеу пәні ретінде" (1873). Спенсер өзінің теориясывда эволюциялық сатылардьщ сызықтық емес тұжырымдамасын бейнелейді.

Г.Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемелекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Г.Спенсер қоғам мен организм арасында кейбір ерекшеліктер туралы,ой-пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам (индивид) қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал, организмнің бөліктер мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керісінше, тұтастық өзінің бөліктерінің, игілігі үшін өмір сүреді. Г.Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты.

Г.Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкеледі. Олар: 1) қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндіру көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу (мемлекеттік өкімет) болды.

Г.Спенсер қоғамның әлеуметтік ұрылымын талдай келе, әлеуметтік институттардың 6 тұрпатын атап көрсеткен. Оларға туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік тұрпаттар жатады. Өзінің еңбектерінде (Социология как предмет изучения. СПБ, 1986; Основные начала, СПБ,1897, Основание социологии, СПБ, 1906г.) әлеуметтік институттардың эволюциясын зерттеген.

Г.Спенсер әлеуметтаншулардың ішінен бірінші болып, осы ғылымға жаңа ұғым, терминдерді қосты. Олар: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік бақылау, құрылым және функция, т.б. Бірақ, ол бұларды өзінше түсінді. О.Конт пен Г.Спенсердің кезінде әлеуметтану ғылымында өзінше ерекше ой-пікір айтып әлеуметтанудың айырықша тұжырымдамасын жасаған Карл Маркс (1818-1883 ж.ж.) болды.

49)Карл Маркстың әлеуметтік көзқарастары

Маркс Карл Генрих (1818, Германия, Трир қаласы — 1883 Англия, Лондон) —19-шы ғасыр немістің экономист ғалымы, саяси экономисі, революционері, философ, саясаттанушы, әлеуметтанушы, тарихшы, ғылыми коммунизм теориясының іргетасын қалаушы.

Дегенмен, К.Маркстің әлеуметтану теорисында көптеген бағалы ой-пікірлер, тұжырымдар бар. Оны мыналардан байқауға болады:

1. К.Маркс мінсіздендірілген, абстракталы қоғам жағдайына тән даму теорисына қарсы шығып, өзінің нағыз, шынайы фактілерге негізделген қоғамның объективтік –материалистік теориясын жасады, қоғамның дамуын “формация”, яғни, ерекше бір құбылыс ретінде қарастырды;

2. К.Маркс қоғамның даму заңдарын түсіндіргенде, әр уақытта экономиканы (яғни, өндірістік тәсілді, оның ішінде өндіргіш күштерді, оларға сәйкес өндірістік қатынастарды) ең басты, қозғаушы, шешуші күш деп санады;

3. Қоғамның дамуын (детерменизм) бір формацияның, оған тән өндірісітік тәсілдің екінші бір формациямен ауысуымен байланыстырды;

4. К.Маркстың әдістемесінде қоғам дамуының екі басты үлгісі бар: а) органикалық, б) механикалық.Біріншісі, әлеуметтік эволюциялық процесті түсіндіру үшін қолданылады. Басқаша айтқанда, бірінші үлгі қоғамды тарихи процесс ретінде қарастырады. Екінші үлгі, формацияның негізгі екі компоненті – базис пен қондырманы талдағанда, олардың арасындағы қатынастарды механизм ретінде түсіндіреді.

5. К.Маркс әлеуметтік құрылым (яғни, қоғамды таптарға, топтарға, жікке бөлу) теориясын жасаған авторладың бірі болды. Жікке, топқа бөлудің негізгі, басты белгісі өндірістік құрал-жабдықтарына меншік формасына байланысты екенін көрсетті. Сөйтіп К.Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымын экономикалық таптардың қатынастары арқылы анықталады деп көрсетті. Осыған орай К.Маркс жеке тұлғаны зерттеудің қажеттілігін айтып, оны қоғамдық қатынастардың жиынтығы деп түсіндірді.

Маркстік әлеуметтанудың кемшіліктері де болды. Батыс әлеуметтанушыларын қоғам дамуының бірден-бір қозғаушы, негізгі күші тек экономикалық қатынастарда деген Маркстік теорияны сынға алды. Бұл жерде К.Маркс қоғамның рухани- мәдени факторларының мәні мен мазмұнын төмендетті деп айыптады. Экономикалық факторлардың рөлін жоғары, асыра-бағалап қараудың нәтижесінде жіктеу теориясының бір жақты, бір өлшемді екенін аңғартты. Мұнда ол тек қана өндірістік құрал-сайманды меншік қатынасы арқылы анықтап, жіктердің пайда болуына себеп болатын басқа әлеуметтік саяси факторларға, мысалы, өкімет, билік, мәртебелік, бедел, абырой, артықшылық, т.б. есепке алмады. К.Маркс тарихтағы таптар арасындағы әлеуметтік ымыраға келу, ынтымақтастық мәселелеріне де көңіл бөлмеді. Ал, бұл кейінгілер қазіргі әлеуметтану ғылымында ең бір көкейтесті мәселелердің бірі болып саналады. Маркстік әлеуметтану теориясының тағы бір кемшілігі, оның басқа ілімдерден оқшаулануында болды. Осылардың бәріне қарамастан Маркстік әлеуметтану теориясы көп елдерге тарап, дамыды (әсіресе КСРО-да).