Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
социология экзамен жауаптар.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
932 Кб
Скачать
☆

9 П.Сорокиннің әлеуметтік көзқарасы

Батыс Еуропа мен АҚШ әлеуметтанушылары нақты әлеуметтік зерттеулер жүргізіп, қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтардың, таптардың және стратталардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге байланысты ұсыныстарын негіздеді. Бұл кездегі әлеуметтік стратификация теориясының көрнекті өкілдерінің бірі – П.А. Соркин болды. Ол қоғамдағы адамдардың иерархиялық жоғары және төменгі топтарға жіктелуіне әсер ететін факторлар ретінде құқық пен артықшылықтардың, жауаркершілік пен міндеттердің, байлық пен жоқшылықтың, билік пен ықпалдың тең бөлінбеуінен болады деп түсіндіреді. Автор сонымен қатар бұл аталған өлшемдер өмірде бір-бірімен сабақтас екендігін ескертеді. Қолдарында үлкен байлығы бар жоғары экономикалық топтардың өкілдері сонымен қатар жоғары саяси және кәсіби топтарға да жатады дейді. Яғни, байлығы бар адамның билікке, жоғары кәсіби топтарға енуіне мүмкіндігі мол немесе керісінше билігі бар адамның жоғары кәсіби даындығы да бар, байлығы да бар деген сөз. П.А. Сорокин қоғамда экономикалық, саяси және кәсіби стратификацияның барлығын айтып, олардың әрқайсысына терең талдау жасайды.

10 20 ғасырдың екінші жартысындағы әлеуметтік теорияларӘлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары. Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі стратталардың болғанын білеміз. Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар:

касталар;

сословиелер;

таптар.

Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе

Ашық - Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады

жабық жүйе- Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстур бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған. Бұл қоғамда касталардың 4 тобы болған:

брахмандар (діни иелері, абыздар), олар халықтың 3%-ын құрайтын;

кшатрийлер (әскери адамдар);

вайшьтер (саудагерлер), бұл екі топ халықтың 7%-ын құрайтын;

шудралар (шаруалар мен қолөнершілер) – 70%-ға жуық;

хариджандар – қоғамдағы ең төменгі, ауыр жұмыстарды (ауланы сыпыру, қоқыстарды жинау, тері илеу, шошқа бағу) атқаратын адамдар.