Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
социология экзамен жауаптар.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
932 Кб
Скачать
☆

30) Әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильдену түсінігі.

Әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары. Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі стратталардың болғанын білеміз. Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар:

касталар;

сословиелер;

таптар.

Әлеуметтік мобильділік – қоғамның әлеуметтік құрылымындағы индивидтің немесе топтың алатын статусын, орнын өзгертуі. Бұл термин социологияға 1927 жылы П. А. Сорокинмен енгізілген болатын.

31)Қазіргі Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильдену.

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын-соңды болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік, тәуелчіздік алған уақыттың ішінде республиканың әлеуметтік құрылымында жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, ауан түрлі жеке фирмалардың, дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейрамханалардың, т.б. жеке меншік иелері. Тіпті бұдан басқа да өзгерістер бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес дәуіріндегі таптар мен әлеуметтік топтардың өздері де біршама өзгеріп кетті. Қоғадағы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық топтар екінші бір топтарға ауысы, өтіп жатыр, демографиялық жағдай, ел-жұрттың миграция мәселелері мен үдерістері де ерекше болып отыр. Жалпы алғанда, негізінде табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде. Осылардың нәтижесінде Қазақстанда ауқатты, дәлеті орташа, кедей адамдарпайда болды. Қоғам қоғам мүшелерінің бұлайша жіктелуіне меншік формасының өзгеруі, жалпы нарық қатынастарының орын алуы ықпал етті.Осы жағдайларды ескере отырып, қазақстандағы әлеуметтік иерархияны ұшбұрыш ретіе бейнелеуге болады.Көпшілікке мәлім, нарықтық экономика меншіктің алуан түрлігігін қажет етеді. Ал,осы жағдай Қазақстанның әлеуметтік құрылымына зор әсер етті, өйткені меншік нысананың алуан түрлілігі жалпы экономиканың одан әрі бөлшектелуін күшейтті, яғни қоғамдық меншікті жекешелендіру процесі басталды. Осыларға сәйкес меншіктің жаңа типтері қалыптасуда. Олар: жек, корпоративтік, акционерлік, ұжымдық, жартылай жеке, жартылай мемлекеттік, т.б. Орта, кішігірім мекемелерге, сауда үйлеріне, мейрамханаларға, дүкендерге, әр түрлі акционерлік қоғамдарға қожалық ететін иелер пайда болды. Әлеуметтік мобильдік өкімет мекемелерінде де орын алады. Бұлар саясаттың өзгеруіне, парламенттің, үкіметтің, жергілікті басқару ұйымдарының жиі ауысуына, саяси реформалар мен басқарудың жаңа оңтайлы түрлерін іздестірумен, т.б. тікелей байланысты. Соның нәтижесінде біреулер бүгін министр немесе депутат болса, ертең жәй қызмет атқаруға мәжбүр болады немесе жұмыссыздар қатарына қосылады. Бұл процесс дамыған Еуропа елдерінде 2-5%-дан артпайды. Ал, ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда бұлар 15-25 %-ға дейін көтерілген.

32) Э.Дюргкейм мен М.Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары.

Әлеуметтануды адам туралы ғылымдардың арасында жоғары бағалап, әлеуметтік болмыстың онтология проблемаларын түсіндіруге аркау етті. Әлеуметтанудағы биологиялық және психологиялық бағыттың редукциялык әдістеріне (барлық пәндер үшін ортақ тұжырым тую аркылы ғылыми білім бірлігі мәселесін шешуге арналған тәсілдер) қарсы шықты. Дюркгеймнің пікірінше, адам дегеніміз - жекеше және әлеуметтік қасиеттерді бойына жинақтаған екіүдай шындық (homo duplex), әсіресе, соңғысы адам болмысында басымдық иеленеді. Міне, сондықтан қоғам индивидтердің алуан түрлі өзара байланыстарының нәтижесінде пайда бола отырып, даралықган тыс және даралықган үстем болмысты құрайды. Дюркгейм "Әлеуметтанулық әдістің қағидасы" (1895) атты кітабында өзінің методологиясындағы басты қағиданы "әлеуметтік фактілерді заттар ретінде қарастыру керек" деп түйіңдеді. Жалпы, Дюркгеймнің философияға көзқарасы екіүдай әрі қарама-қарсылықта болды. Бір жағынан, ол өзінің әлеуметтанулық тәсілдерінің әлдеқандай философиялық тұжырымдарға тәуелсіздігін ерекше қасиет тұтты, сол арқылы әлеуметтік философияның толып жатқан бостекгі ділмарлығын жек көретіндігін аңғартты. Екіншіден, Дюркгейм философиялық мәселелердің барлығын әлеуметтану ілімі тұрғысынан шешуге талпыңды. Қазіргі әлеуметтану ғылымы М.Вебердің ой-тұжырымдарымен көп санасады. М.Вебердің әлеуметтану теориясы позитивистік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда болды. Позитивизмге қарсы шығу дәуірінде ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай отырып, адам іс-әректін, қимылын “түсіну, ұғыну” теориясын қалыптастырады.М. Вебердің пікірінше, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік-тарихи құбылыстарының субъективтік (яғни, адамның санасына, ойлауына байланысты) жақтарын, нақтылы айтсақ, адамның іс-әрекетінде, қызметінде оның мұң-мұқтажын, талап-тілегін, мақсатын, т.б. әр уақытта ескеріп отыруы керек. Осыған қосымша, әлеуметтану оны объектитілік пен эмпирикалық жағынан бақылап, тексеру жақтарын жоққа шығармауы керек. Оның басты міндеті – адамдардың іс-әрекетінің, қимылының мәнін, мағынасын, мазмұнын терең түсіну, ұғыну болып табылады. Осыларды еске ала отырып, қоғамның даму заңдарының себебін ашуға болады. М. Вебер өзінің әлеуметтану зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістеріне көп көңіл аударуына байланысты, оның әлеуметтану теориясы “түсіну, ұғыну теориясы” деп аталынды.