- •1 Әлеуметтанудың әлеуметтік білім жүйесінде алатын орны
- •2 Әлеуметтік ғылымның басқа ғылым салаларымен байланысы
- •4. Социология ұғымы нені білдіреді және нені зерттейді
- •5 Қоғамды танудың тарихи даму кезеңінің ерекшеліктері
- •7 Әлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдар тұрғысынан түсінудің ерекшеліктері
- •9 П.Сорокиннің әлеуметтік көзқарасы
- •11 Әлеуметтік стратификация ұғымына анықтама беріңіз
- •12 Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары
- •13 М.Вебердің әлеуметтік ілімдері
- •14 Әлеуметтану пәні
- •15 Әлеуметтанудың деңгейі, құрылым категориясы және қызметі
- •16 Мәдениет әлеуметтануы
- •17 О.Конт –әлеуметтанудың негізін қалаушы
- •18 К.Маркстің әлеуметтік ілімі
- •22Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
- •26 Қазіргі Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильдеу
- •28Қазіргі отбасының мәні мен құрылымы
- •30 Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация
- •34)Әлеуметтік жүйедегі мәдениет түсінігі
- •35)Әлеуметтану зерттеулердің әдіс тәсілдері.Құжаттарды талдау.
- •36)Тұлғаның рөлі және мәртебелік тұжырымдамалары
- •37)Әлеуметтану пәні және объектісі
- •38)Әлеуметтанудың қоғамдағы орны
- •39)Әлеуметтану ғылымының дамуы мен негізгі тарихи кезеңдері
- •40)Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
- •41)Қазіргі заман қоғамының жүйесі.Тенденциялары мен перспективалары.
- •42)Әлеуметтік басқарудың заңдары мен принциптері
- •43)Әлеуметтік ақпараттардың тәсілдері мен алғашқы жиыны
- •44)Тұлғаның әлеуметтануы
- •45)Жеке тұлғаның әлеуметтанулық зерттеу әдістері
- •46) Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация
- •47)Әлеуметтанудың деңгейлері, құрылым категориясы және қызметі
- •48)Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
- •49)Карл Маркстың әлеуметтік көзқарастары
- •50)Әлеуметтанудағы психиологиялық бағыт
- •52)Қоғамның таптық теориясы
- •53)Қоғамдық прогресс өлшемдері және қарама-қайшылықтар. Қоғамның қызметі
- •54)Қоғамды дамытудың қозғаушы күштері
- •55)Дюркгеймнің ауытқаған мінез-құлық әлеуметтануы
- •56)Макроәлеуметтану және микроәлеуметтану
- •57)Әлеуметтану ұғымы нені білдіреді және нені зерттейді?
- •58)Ұлт ұғымы.Қазақстандағы ұлттық саясат
- •59)Отбасы-қоғамның алғашқы ұяшығы
- •60)Рулық топтар.Халықтық топтасу
- •62) Сорокиннің әлеуметтік стратификация теориясы
- •64)Дін социологиясы
- •65)Макросоциологиялық парадигмалар
- •66)Микросоциологиялық парадигмалар
- •1Дүниежүзілік әлеуметтанудың дамуындағы классикалык кезеңдері.
- •8Конфуцийдің этико-саясаттық ілімінің әлеуметтік маңызын түсіндіріңіз.
- •10.Парсонстың әлеуметтік жүйесіне сипаттама.
- •12Әлеуметтік топ және жалпылық ұғымы.
- •15Класс және страт түсініктеріне тоқталыңыз.
- •16Әлеуметтік стратификацияға сипаттама
- •26) Тұлға түсінігі мен оның әлеуметтенуі
- •28) Жеке тұлғаның еркіндігі.
- •30) Әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильдену түсінігі.
- •31)Қазіргі Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильдену.
- •33) Г. Спенсердің әлеуметтік ілімдері.
- •34)Абайдың әлеуметтік ой-пікірлері.
- •35)Ы.Алтынсаринның әлеуметтік көзқарастары
- •36)А.Байтурсынов пен а.Бокейхановтың әлеуметтік көзқарастары
- •43)Функционалдық парадигмалар
- •48) Әлеуметтік рөл және әлеуметтік бедел
- •45)Парсонстың әлеуметтік жүйесіне сипаттама беріңіз.
- •44) А. Құнанбаевтың адам және қоғам жөніндегі көзқарастары.
- •49)Шоқан Уалихановтың әлеуметтану ғылымына қосқан көзқарасы
- •22.Cән өнерінің әлеуметтік мәнін ашыңыз
- •26.Бүгінгі киноөнерінің әлеуметтік қуатына талдама жасаңыз.
- •27.Бүгінгі театрдың әлеуметтік бағдарына өз пікіріңізді білдіріңіз.
- •28.Бүгінгі педагогика ғылымының әлеуметтік тиімділігіне баға беріңіз.
- •30.Адам сату үрдісінің әлеуметтік табиғатына өз пікіріңіз
- •34.Жастардың әлеуметтік мәселелері.
- •35.Қазіргі таңдағы оралмандардың әлеуметтік мәселелері.
- •36.Қазақ тілінің әлеуметтік беделін көтеру мәселелері.
- •39.Айтыс өнерінің әлеуметтік мазмұнына сипаттама беріңіз.
- •40.Ислам дінінің әлеуметтік нормалық болмысын ашыңыз.
- •41.Конфуийдің этико саясаттық ілімінің әлеуметтік маңызын ашыңыз.
33) Г. Спенсердің әлеуметтік ілімдері.
Герберт Спенсер (1820-1903 ж.ж.) - ағылшын философы, әлеуметтанушысы, психологы және инженер, әлеуметтанудың негізін қалаушынардың бірі, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі. Спенсердің басты еңбегі — "Синтетикалық философия" жүйесінің он томы, ол теориялық жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарды ортақ эволюциялық идеямен біріктіре отырып, мыналарды қамтьщы: "Негізгі бастамалар" (1862, болмыстың алғашқы принциптері туралы кітап), "Биологияның негіздемелері" (1864 - 1867), "Психология негіздемелері" (1879 - 1893), "Әлеуметтану негіздемелері (3 томдык, 1876 — 1896). Баска да аса маңызды әлеуметтану еңбектері — "Әлеуметтік статика" (1850) және "Әлеуметтану зерттеу пәні ретінде" (1873). Спенсер өзінің теориясывда эволюциялық сатылардьщ сызықтық емес тұжырымдамасын бейнелейді.
34)Абайдың әлеуметтік ой-пікірлері.
Абай өз шығармаларында әлеуметтік мобильдік, адам статусы мәселелеріне тоқталып, адамның қоғамдағы орнын: «Биік мансап-биік жартас...» дей келіп, оны билік, байлық, білі деңгейі т.б. айқындайтынын түсіндірді. Оның пікірінше адам: «Барында баймын деп мақтанады. Жоғында «маған да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады. Кедей болған соң тағы қайыршылыққа түседі.» Адамның қоғамдық баспалдақпен биікке өрлеуі мен кері қозғалуын көрсетіп, оны индивиттің әлеуметтік жағдайының өзгеруімен байланыстырады. Қзақ қоғамында байдық малы жұтта қырылып, кедейленуі жиі орын алғаны рас және еңбегімен кедейлердің орта шаруа, одан кейін байлардың қатарына қосылғандары да жоқ емес еді. Сөйтіп, олардың қоғамдық баспалдақта орнын ауыстыруы әлеуметтік заңды процесс болды. Данышпан Абай қазақ халқының әлеуметтік дамуын еңбекпен байланыстырады. Еңбектің терең әлеуметтікмәнін түсіндіреді. Ғұламаның шығармаларында еңбек қоғамдық прогрестің негізі, материалдық құндылықтарды шығару көзі, халықтың тұрмыс деңгейін түзетудің басты құралы ретінде баяндалады. Сол кезде жұрт араснда еңбекке қатысты қалыптасқан немқұрайлылық, еріншектік жалқаулық сияқты келеңсіз құбылыстарды әлеуметтік мәнін ашып, олардың қоулық сияқты келеңсіз құбылыстарды әлеуметтік мәнін ашып, олардың қоғамның алға басуына кедергі болып отырғанын, халықтың негізгі бөлігінің материалдық жағдайының төмендігін айта келіп, халықты аянбай жұмыс істеуге шақырды.Кедейліктің мотивін еңбексіздіктен іздеген Абай «Еңбек жоқ, қарекет жоқ қазақ кедей, тамақ аңдып қайтеді тентіремей?» деп қынжыла жазды. Еңбек етуші адамға шаруашылық жүргізгенде «жинақылық керек, әрбір жинақылық кеніш болады» деп, еңбекті ұтымды жүргізуге насихаттайды, өйткені ұтымды еңбек ету әлеуметтік прогреске жеткізудің жолы, кедейліктен шығудың бірден-бір басты құралы еді. Кедейлікпен күресе алмаған, одан шыға алмаған кісі кер келеді. Еңбектің сипаты мен мазмұнына ерекше мән берген Абай: Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып, білім алған,- деп, егін салу мен білім алудың баянды еңбек екенін қорытады. Баянды еңбекті ол материалдық игіліктерді өндірудің және адамның мұқтажын қанағаттандырудың маңызды көзі деп түсінді. Қазақ қоғамында халықтың бәрі бірдей еңбекке тартылмай, оның белгілі бір бөлігі жұмыссыз болды. Абай оның жағымсы з салдарын ашып көрсетті. Жұмысы жоқтық қазақты жаманшылыққа деп ескертті. «Қарны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап-ішуге малдың тапшылығы да, ағайынның араздығына да әр түрлі бәлеге, ұрлық,зорлық, қулық, сұмдық секілді нәрселрге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе». Ұлы ойшыл жұмыссыздықтың материалдық жоқшылыққа әкеп соқтыратынын баяндай отырып, оның адам мінез-құлқын өзгертетінін айтып, адамды хайуандырып жіберетінін айтты. Адамның бәрінде жаманшылыққа қарсы тұра алатын күш қуат, жэігер такбылада бермейді.Сондықтан да Абай «Жаманшылыққа бір ілігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады» деп жазды. Жұмыссыздықты ел ішінде тоқтату жолдары мен қатар, сырт елдерге барып жұмысқа орналасу арқылы жоюға болатынына үмітпен қарады. Ол «малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен?» деп армандады. Абайдың бұл пікірі бүгінгі қоғамдажұмыссыздықтың салдарынан қалыптасқан келеңсіз әлеуметтік жағдайларды:қылмыстың өршуін, қайыршылықтың ,нашақорлық пен маскүнемдіктің, жезөкшеліктің, т.б. мәнін сол кезде-ақ көріп тұрғандай айтылғаны анық. Абай қазақ қоғамын дамытудың халыққа білім беру, олардың ғылымға тарту деп есептеді. Ғылымды ол әлеуметтік жағдайларды жақсартудың ғана бірден-бір құралы, деп қарай отырып, ғылымды игеру бүкіл прогреске жететін жол деп түсіндірді Ұлы ойшылдың пікірінше, ғылымды біз жанымыздан шығара алмаймыз, жаралып, жасаалып қойылған нәрселерді сезбеппіз, көзбен көріп, ақылмен білеміз. Абай тұжырымның «Отыз сегізінші сөзінде» тереңдете келіп, ғылымның, білімнің пайда болып, қалыптасуын және әлеуметтік рөлін былай пайымдайды: «Адамның ғылымы, білімі, хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтық бірлән табылады». Абай ғылымда абстрактілі ойлаумен қатар нақты фактілерге сүйенудің маңыздылығын атап көрсетеді және ғылымда қолданылатын бақылау әдісінің рөлін мезгейді. Ғылымда әр нәрсенің өлшеуі бар, оның өлшеуін білу-бір үлкен керек іс деп, ғылым танудың маңызды принципін негіздейді және жолын байқатады. Ғылымның бірден-бір мақсаты-қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету: «Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпымен, ұнамсызы ұнамсыз қалпымен, әрнешік өз суретіменен көңілге түседі. Ақпаратты «көп жинағаны бар адам» сынап, орындысын, орынсызын-бәрінде бағанағы нәрселерінен есеп болып, қарап табады. Ұлай етіп харекетке түскен адамды ақылды дейміз» Абай ғылыми зерттеулер кәсіби деңгейде жүргізілгенде ғана жақсы нәтиже береді деп түсінді. Абай статистикалық мәліметтердің ғылым үшін маңыздылығын жақсы білгендіктен, оны санақ мәліметтері қатты қызықтырған. 1878 жылы құрылған Семей облыстық санақ комитетіне өмірінің соңына дейін мүше болған. Статистикалық мәліметтер қоғамда жүріп жатқан процестер туралы анық, әділ, ғылыми деректер беретін болғандықтан, Абай Қоңыр-Көкше еліне болыстың управителі сайланып, өзі басқарып отырған болыстың жәй күйін баяндайтын статистикалық мәліметтерді өз қолымен жазып, облыстық басқармаға жіберіп отырған: «1876 жылдың аяғында болыс та 4163 еркек, 3393 әйел. Қыстайтын жерлер саны-1004,оның 469-ы тастан, кірпіштен қаланған қытауларда, 535-і киіз үйде қыстайды. Болыста 900 түйе, 4500 жылқы, 1350 ірі қара мал, 30150 қой-ешкі»,- деп жаза келіп, одан қанша төл алынды, қыста өлгені, тамақ үшін пайдаланғаны, т.б.көрсетеді де, болыстағы егін шаруашылығының жайын баяндайды: «19 шаңырақ егін шаруашылығымен шұғылданады. Абай елдің әлеуметтік-экономикалық хал-жайын:мал, егін шаруашылығын, елдің әлі де жартылай көшпелі, жартылай отырықшы күйде қалып отырғанын терең сезінді. Мұндай жағдайда өркениетті елдер дәрежесіне қосыла алмайтынын білді.Ол ғылым мен білімнің маңызды функциясы адамда тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру деп санады.Қоғамның болашағы саналаты н жастарға бағыттап жазған өлеңдері мен қара сөздерінде оларды жағымсыз жәйттерден сақтандырып, жақсылыққа ұмтылу керек екендігін түсіндіріп, тұлғаны қалыптастыратын қасиеттерді белгілеп берді. «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінде Абай: Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз... Өсек, өтірік,мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ- Бес дұшпаның білсеңіз Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой- Бес асыл іс, көнсеңіз,- деп, адамды тұлға етерлік әлеуметтік қасиеттерді саралап көрсетеді. Ол тұлға мәселесін әлеуметтендіру процесін ұштастырады. Әлеуметтендірудің негізгі агенттеріне Абай баланың ата-анасы ағайын-туыстарын, білім мен ғылым орындарын, дін мекемелерін, т.б. жатқызады. Осы агенттер арқылы әлеуметтендіру процесі жүзеге асады, соның нәтижесінде тұлға қалыптасады. Абай дінге қоғамның маңызды институты ретінде қарады. М. Әуезовтың пікірінше, Абай үшін дін аамның жеке басының моральдық жетілуінің құралы болған. Абай дін мәселесін өзінің өлеңдерінде, қара сөздерінде алға тартып, оның әлеуметтік мәнін, мазмұнын ашады. Дінге беріле сенеді. «Алланың сөзі де рас, өзі де рас» деп, құдайдың барлығына жұртты мойындатуды жөн санайды. Абай осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында «Оыз сегізінші сөзін» жазып, намаз ғибраттарына жеке-жеке тоқталып, әрқайсы мән-мағынасын ұқтырды. Дін үнемі аралық, әділеттілік пен имандылықты уағыздаушы деп түсінді. Демек, Абай и слам дінінің тәрбиелік рөлін жоғары бағалаған.Қоғамдағы келеңсіз құбылыстармен, әлеуметтік әділеттсіздік пен күрескен Абайға: 1)Өмірді өлтірме, қор қылма сила; 2)Ұрлама, тонама, еңбегіңнің пайдасын әркімге тигіз; 3)Арамдықтан сақтан, әйелден аулақ бол:; 4)Өтірік айтпа, шынықты айтуға қорықпа, бірақ ақиқатпен айт; 5)Жаныңнан өсек шығарма, біреудің айтқанын біреуге айтпа; 6)Ант ішпе; 7)Бос сөзге уақыт бөлме, орынды сөйле, әйпесе үндеме 8)Мақтан қума, күндеме,жақыныңның жақсылығына қуан; 9)Журегіңді ашудан тазарт, дұшпаныңды жек көрме; 10)Сенімсіздіктен құтыл, хақиқатты ұғуға тырыс-деген будда нормалары өз дүние танымындай болды. Бұл парыздар ойшылдың шығармаларынан айқын аңғарылды.Абайдың өзі жазған Ереженің мазмұны 74 баптан тұрады. Бұл-құқық әлеуметтануына елеулі үлес қосқан елеулі құжат. Абай саяси және құқықтық көзқарасында бюрократтық көріністерге талдау жасап, бюрократияны қалыптастыратын мотивтердің негізіне надандықты,білімсіздікті, өркөкіректікті және менмендікті алып, бұлардың келеңсіз құбылысқа соқтыратынын жасырмады. Әлеуметтік ортаны, жалпы қоғамды ғұлама Абай адамды жан-жақты етіп қалыптастыратын негізгі социум және басты фактор ретінде қарастырады. Сонндықтан ол «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, замндасының бәрі виноват» деген ой түйіндейді. Бұл жерде Абай адамның қоғам мен қарым қатынасын, байланысын терең сараптай келіп, оны қоғамды құраушы элемент және белгілі бір рөлі атқарушы етіп көрсетеді. Бұл көзқарсын жалғыздық туралы ой-пікірмен тереңдете түседі. Оның тұжырымы бойынша, «Дүниеде жалғыз қалған адам –адамның өлгені».Ірі социум саналатын қоғамдық ортасыз адамның тыныс –тіршілігі болмайтыны анық. Адамсыз қоғам, қоғамсыз адам өмір сүрмейді.
